Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
«Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Тағамдық уәждеме. Ашығу мен тойынудың
физиологиялық негіздері. Балалардағы жас ерекшеліктері.
Орындаған:Ус
Қабылдаған
Тобы:ПҚ-02-19
Шымкент - 2020
Жоспары
1.Тағамдық уәждеме
2.Ашығу мен тойынудың физиологиялық
негіздері
3.Балалардағы жас ерекшеліктері.
Соңғы он жылда артық салмақ бүкіл әлемнің көкейкесті
мәселесіне айналуда. Қазақстанда да семіздіктің
артуынан артерия гипертензиясы, қант диабеті тәрізді
аурулар жылдан-жылға көбейіп келеді. Семіздікті
зерттеу және онымен күресу жөніндегі дүниежүзілік
конгресстің мәлімдеуінше, еуропалық мемлекеттер
тұрғындары арасында ер адамдардың 20 пайызы,
әйелдердің 25 пайызы семіздіктің зардабын тартуда.
Семіздіктің себептері Калориялылығы жөнінен ағзаның
жұмсаған қуат шы-ғынынан асып түсетін тамақ ішу.
Адам денесі қозғалысының аздығы.
Тиімді тамақтанбау, тәуліктік мәзірде сіңімді
көмірсуы, ең алдымен қант, кондитерлік
тағамдар, тәтті дәмдер мен мал майларының
(сары май, майлы ет) мөлшерден тыс
болуы.Алкогольдік ішімдіктерді үнемі ішу.
Өйткені ішімдіктің калориясы жоғары, оны
ішкенде көбінесе адамның тәбеті артады.
Семірудің бірінші, екінші дәрежесі кезінде
адамдардың еңбекке қабілеттілігі мен өмірлік
белсенділігі өзгермейді. Алайда, семірудің бір
сатысы біртіндеп екіншісіне ұласады.
Гипоталамуста көптеген мотивация тудыратын орталықтар бар.
Мәселен, ортаңғы ми ядроларда тойыну орталығы орналасқан. Оны
тітіркендірсе жануар алдындағы азыққа қарамай, алдына қойылған
асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар
тамақты қанша ішсе де тоймайтын болады. Бүйірдегі ядроларда
аштық орталығы орналасқан.
Оны тітіркендірсе жануар
алдындағы азықты қанша
болса да жей береді, ал бұл
орталықты алып тастаса, аш
болса да ол азыққа қарамайды
гипофагия, жүдейді.
Ашығу — тағамның не оның құраушыларының
жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен, сондай-ақ
тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын организмнің
жағдайы. Ашығудың физиологиялық, патологиялық және
емдік түрлері бар.
Ашығу - бұл физиологиялық құбылыс, сондықтан балалардың
ашығуынан қорықпаңыз. Балалар өздерін нашар сезіне
бастағанда немесе ауыра бастағанда кез-келген тамақтан бас
тартады.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру
олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой
қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету
мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер
тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни
жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат
алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның
зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға
қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда,
едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ
организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін,
әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына
келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас
организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін
емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму,
қалыптасу процесіне қажет.
Ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану
кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды
білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу. Екінші,
тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде
үш – немесе төрт рет тамақтану керек. Үшінші, тамақ құнарлы
болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан
еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар,
витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай
алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық
болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану
кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар
аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше
бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс
деп те атайды.
Ашығу емі – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас
тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-
диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия – РДТ)
ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру
орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан. Ғылыми
негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып
не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі
белгілі. Оған ағзадағы сақтану түйсігі итермелейді. Ондайда
(жай кезде ас қорытуға жұмсалатын) өмірлік қуат жараланған
орынға шоғырланып, сол жерді барлық зиянды заттардан
аластайды, денені тазартады. Демек, ашығу арқылы аурудан
арылу, денені улы заттардан тазарту – о бастан барлық тіршілік
иелеріне тән қасиет.
Ашығу емін қабылдау ережесінің айтарлықтай қиындығы жоқ.
Бар болғаны, сабыр сақтап, ауызды астан тыя білсеңіз жеткілікті.
Ашығу кезінде тек қана дистиллияцияланған су қабылданады.
Қанша ішем десе де су мөлшері науқастың өз еркінде. Алайда,
ағзаға басқа ешқандай тағам қабылданбауы тиіс. Мамандар ұзақ
мерзімді ашығуға тәуекел етердің алдында әуелі қысқа мерзімді
ашығуларды бастан өткерудің пайдалы екендігін айтуда. Ашығу
міндетті түрде маман адамның бақылауымен жүзеге асуы тиіс.
Сондай-ақ, ашығу кезінде дәрі қабылдауға, темекі тартып,
спиртті ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Қайта таза ауада
көп жүру, жылы ванна қабылдау, тазалық клизмасы мен
тыныстау жаттығуларын жасап тұру пайдалы.
Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол
себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан
аспасын.Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары
жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс
өте ұзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және
оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да
асқазанның қорытуын киындатады.
Ашығудың түрлері.
Ашықтыру емі сусыз, тағамсыз жүзеге асса, онда
толық ашығуға немесе "құрғақ" түріне жатады.
Мерзіміне қарай ол мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа
мерзімді (1-3 күн, бір апта, он күндік), ұзақ мерзімді
(бір ай, 40-50 күндік). Осы уақыт аралығында денені
барлық қалдық атаулыдан, улы заттардан тазарту
көзделеді.
Ашығу мезгілі науқастың денсаулық ерекшеліктеріне сәйкес
белгіленеді. Оның орташа мерзімі 15-20 күн.
Ашығумен бірге жылы ванна, ішті тазартушы клизма, үгу, сылап-
сипау, тыныс алу жаттығулары, серуендеу бірге жасалады. Толық
ашығу біткен соң тәнді қалпына келтіруші емдік тамақтану
басталады. Т.Войтович өз еңбегінде адам ағзасын Ивановтың
табиғи сауығу жүйесімен шынықтыруға кеңес бере келіп, суық су
құйыну, жүгіру, «құрғақ ашығу» арқылы тереңдеп, созылмалы күйге
айналған аурулардың өзін тежеуге, одан тәнді сауықтыруға
болатынын айтады. Ол негізінен, ашығуды ағзаның артық
тамақтанған күндерінің тепе-теңдікке келуі дейді. Бұл тұжырым
бойынша, 42 сағат тамақтан тартыну – ағзаның демалған мереке
күні. Жалпы, 42 сағат тамақ ішпеу кезінде көбірек таза ауада болу,
қозғалу, жүгіру, күнге күю, желге қарсы тұру – бәрі де осы шынығу
жүйесінің салалары.
Ашығу нәтижесінде венуланың
қыл тамырлармен тоғысқан
жерінде бос қуыс (вакуум) пайда
болады.
Ал, қылтамырлардың бос қуысы
өз кезегінде қан айналымының
қозғаушы күшіне айналады.
Ендеше, бос қуыс – ол күш деген
сөз. Ал, ашығу – сол бос қуысты
жасау арқылы адам денесінің
тұтастай қозғаушы күшін тудыру.
Ашығуға болмайтын жағдайлар
Энцефалопатия (ми жүйесінің әлсіреуі) анықталса,
қарттық шақ (60 жастан жоғары), дене әлсіреген
кезде,соматикалық аурулардың қабынған кезінде,
қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда, жүрек
стенокардия сына, жүректің ишемиялық ауруларына,
жүрек пен бүйректің органикалық ауруларына, қан
айналымы мен тыныс алудың асқынған жағдайында,
өткір құрт ауруына (туберкулез), бақшаңкөз (зоб), қан
аурулары, жұқпалы полиартритке (бруцеллез)
шалдыққанда
Тамақтанудың ережесі:
1. Тамақты тартынып ішіңіз.
2. Тамақтың толық құндылығы болсын.
3. Тамақтану тәртібін қатаң сақтаңыз.
Ашығу – міндеті, әсері жөнінен 4 топқа жіктеледі:
1.Тұрақты тепе-теңестірілген қорек.
2. Екінші – ішекті тазалап, ағзадан уларды
шығарады.
3. Қорғаныс қабілетін (иммунитет) реттейді.
4. Әріңізді кіргізеді, сондай-ақ жасарып құлпырып
кетесіз.
Калориялар
11-13 жас аралығындағы балалар үшін– 2850 кал.
14-17 жас аралығындағы ұл балалар үшін– 3150
кал.
14-17 жас аралығындағы қыз балалар үшін–
2750кал.
Студент жастар үшін– 3300 кал.
Студент қыздар үшін– 2800 кал.
Спортсмен әйел адамдар – 3500-4000 кал.
Спортсмен ер адамдар – 4500-5000 кал.
• Қарт аналар үшін– 2000 кал.
• Егде ер адамдар үшін – 2200 кал.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде
адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар
аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол
керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар
физиологиялық процесс деп те атайды.
Қорытынды:
Артық салмақтың алдын алу адам өз салмағын үнемі бақылап
отыруы қажет. Дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келіге
өсісімен-ақ семіріп кетпеуді ойлаған жөн. Ол үшін алғы шарт:
шектеп тамақтану. Яғни, жеген тамақтың қуаты жұмсалатын
қуатпен тең болуға тиісті. Дене салмағыңыз өсіп бара жатса жеңіл
тамақтануға көшіңіз. Немесе, белсенді әрекет (қимыл) арқылы
шыға-рылатын қуаттың мөлшерін көбейтуге тырысыңыз.
Қандай жағдайда да тамақтану тәртібінің қатаң сақталғаны тиімді.
Халық арасында: «Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты
досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер», - деген сөз бар емес
пе. Осыны есте сақтап, ұйықтар алдында тоя тамақтанбау қажет.
Себебі, ол семіздікке ұшыратады.
Өмірде көп адамның ағзасы семіруге бейім. Дене салмағын реттеу,
семіріп кетудің алдын алу шараларын бала кезден қолға алған
тиімді.
Пайдаланылған әдебиеттер
“Адам физиологиясы” (Cәтбаева Х.Қ.,Өтепбергенов
А.А.,Нілдібаева Ж.Б.)
“Адам анатомиясы”(А.Рақышев)
“Гистология” (Аяпова Ж.О.)
www.google.kz.
www.yandex.ru.
www.medical.ru.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz