Өзен және өзен алабының морфологиясы мен морфометриясы



ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Жер шарының су ресурстары, таралуы. Өзен және өзен алабының морфологиясы мен морфометриясы. Өзен және өзендер жүйесі. Гидрографиялық желі
Орындаған: Қанат Диас. Қ
Тексерген: Амиргалиева А. С

Су- табиғатта ең кең тараған зат. Ол жердің барлық жерінде кездеседі. Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр. Суды аялай білу керек, өйткені ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды. Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет. Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға, бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек. Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады. Олар міндетті түрде өзендер мен көлдердің жағасында өсу тиіс, өйткені ағаштар су туғандарын толықтыратын топырақ астындағы ылғалдылықты сақтайды және жинақтайды. Суды қорғау өмір мен денсаулықты, қоршаған ортаның әдемілігі мен байлығын қорғау деп бекер айтылмайды.


Судың таралуы аймақтары
Су адамзат баласынан бұрын пайда болған. Ол жер жаратылғанда пайда болды. Тіршіліктің бастауы судан басталады. Сондықтан да ол барлық жерлерде таралған. Су жұлдыздар мен күн құрамында, ауаның құрамында буланған күйде болады екен. Су өзінің күйіне байланысты әр жерде болады. Су аспаннан жаңбыр болып жауады, қар болып қылаулайды, тұман, шық, қылау, қырау болып жер бетіне түседі. Су жер бетінде үлкен саяхат жасайды, ол аспанда ауа құрамында болады. Күн қатты қызыған кезде көлдегі, өзендегі сулар буланады да, аспанға ұшып кетеді екен, аспанда жылы ауа ман суық ауа кездескен кезде екеуі бір- бірімен соқтығысып жаңбыр болып жерге қайтадан түседі. Жер бетіндегі сулар да жер астымен байланыс жасайды. Көлдердегі су да жер астына сіңеді екен, жер астындағы су грунт суы деп аталады. Ол сулар көбінесе ішуге жарамды болады.

Жер астындағы су да жер үстіне шығады, сөйтіп су дүниежүзілік су айналымын жасайды. Аспандағы су да, жердегі су да, жер астындағы су да бір-бірімен байланыс жасайды. Жер бетіндегі судың қабығы болады, оны гидросфера деп атайды. Оған біз білетін мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер жатады. Ал енді сол атауларға анықтама берейік. Дүниежүзілік мұхит- барлық мұхиттар мен теңіздердің жиынтығы. Бүкіл Жер бетінің 71% -ын құрайды. Су ерекшелігі су алқаптарының бір-бірімен үздіксіз жалғасып жатуында. Мұхит-құрлықтадың аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды мұхит деп атайды. Жер бетінде төрт мұхит бар, олар Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұхит. Ең үлкен мұхтит Тынық мұхиты. Теңіз- мұхиттың құрлық арқылы бөлініп, оқшауланған бөлігі. Теңіздерді ішкі және шеткі болып бөлінеді. Кейбір үлкен көлдерді де теңіз деп атайды, оға мысалы Қазақстандағы Каспий теңізін жатқызуға болады. Каспий теңізі жер бетіндегі ең үлен көл. Каспий теңізінде балықтардың түрлері өте көп, мұнда бее балықтың 81% кездеседі. Көл- шарасы сумен толған қойма. Ол теңізбен тікелей байланыспайды

Жер бетімен әрі жер асты (топырақ және тау жыныстары қабаттары арқылы) өзенге су жиналатын аймақты өзен алабы деп атайды. Әрбір өзен алабына жер беті және жер асты бу жиналу алаптары тән.
Жер беті өзен алабы дегеніміз жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.
Жер асты жинау алабы - осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты. .
Әрбір өзеннің жер беті су жинау алабы басқа өзеннен суайрық арқылы бөлінеді. Суайрық көрші өзендердің ортасында орналасқан жер бедерінің биік нүктелері арқылы өтеді.
Суайрықтар жеке өзендердің алаптарын ғана емес, сонымен бірге ағындылары жеке теңіздер мен мұхиттарға құятын өзге де ірі аумақтарды шектейді. Жер шарының басты: суайрығы ағындыларды негізгі Атлант, Тынық мұхит аймақтарына бөледі.
Арал-Каспий теңіздері секілді ірі тұйық аймақтар да өзара суайрықтармен бөлінеді.
Жер беті және жер асты су жинау кеңістіктері өзара

Алаптың морфологиялық сипаттамалары.
Өзен алаптары әдетте бір-бірінен мөлшерімен және сұлбасымен ерекшеленеді. Өзен алабының морфометриялық сипаттамалары топографиялық карталардан анықталады. Өзен алабының негізгі сипатына, оның жер беті су жинау кеңістігінің ауданы жатады. Өзен алабының ауданы Ға (км2) болып осы жердін, шектеуші жақтауға (створға) дейінгі, суайрықпен шектелген көлбеу проекциясының ауданы есептеледі. Ол планиметрдің немесе палетканың көмегімен ірі масштабы картадан, алдын-ала суайрық шекарасың жүргізген соң аныкталады. Алабының ауданының мөлшеріне байланысты өзендер шартты түрде ірі, орташа және кіші болып бөлінеді. Ірі өзендердің қатарына ауданы 5 км2-ден үлкен жазықтық өзендері жатады. Орташа өзендердің қатарына ауданы 2000-нан 5 км2 дейінгі өзендер жатады. Кіші өзендерге ауданы 2000 км2-ден кем өзендер жатады.

Өзен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz