Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау



МИТ- Бексұлтан Тілеуберді
Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі

Жоғары білім бұл
Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар (35 бап, 1 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады (35 бап, 2 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны[1] боп табылады. Алғашқы қазақстандық жоғарғы оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ) .

Жоғары білім берудің мақсат-міндеті:
Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін тандауға кеңінен мүмкіндік беру.
Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
Студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.

Жоғары білімнің мазмұны
Жоғары білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір білім реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалға байланысты.
Білім беру мазмұны оқытушыларға “Нені оқыту керек?” деген сұраққа жауап береді.

Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.
Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің орны мен атақаратын ролі.
Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады.
Соның ішінде жоғары білім беру.
Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу-орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.
Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Міндеттері:
іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;
жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындары дамытуға объективті жағдайлар жасау;
жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлей және енгізу.

Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау. ЖМ-гі оқытушының кәсіби дамуындағы үздіксіз білім берудің өзектілігі.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- докторантура. Бұл модель АҚШ университтетерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамассыз етеді.
Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың білікітілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.
Қазақстандағы Жоғары мектеп әлемдік тәжірибелермен мемлекеттік практикаға сүйене отырып өзінің жаңару потенциалын дүниежүзілік тәжірибе позициясына сай қалыптастыруы керек. Сонымен қатар, әлемдік алдыңғы қатарлы Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай және ТМД қатарындағы елдердің жоғарғы оқу орнындағы тәжірибесіне сүйеніп оқытуға және маман даярлауға аса көңіл бөлуі қажет болып отыр.
Ойлаудың жаңа тұрпаты және қағидалары алға шығуда. Біз бүгінгі күннің ойлау бейнесіне сай келетін біртұтас педагогикалық процесті құрудың және мамандарды дайындаудың жаңа моделін ұсынамыз.
Бұл модел үш қағидаға негізделген және жаңа парадигмаға:
еуроцентристік және Рухани сипатты ойлау бейнелерінің интеграциясы қағидасы, яғни оқыту- тәрбиелеу жүйесінің Батыстық және Шығыстық әдістерінің бірлігі қағидасы.
Шындықты танудағы ғылым дамуының ішкі қарқындары заңдылығын ашу және пайдалану қағидасы, оны адам табиғатына сәйкестендіру.
Бүтіндей педагогикалық процесті ашық динамикалық және өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде қарастыру қағидасы.
Субъектілі-объектілі-субъектілі қатынастар (парадигма) .

Жоғары оқу орыныдағы дәрістің құрылымы
1. Кіріспе
Тақырып, жоспар, әдебиеттеро
2. Негізгі бөлім (шығарма)
Тақырыптың ғылыми мазмұны
3. Аяқтау
--дәріс беруші тақырыпты еске салады.
Тақырып бойынша әдістерді айту
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап, қысқаша қортындылау. Сұрақтар негізінде тақырыпты толықтыру.
Мақсат
Міндеттер
Мазмұн
Әдістер
Тәсіл
Түр
Тапсырма
Менделеев «Дұрыс қойылған сұрақ - дұрыс жауаптың жартысың дейді. Сондықтан дәрісті түсінікті етіп жеткізу керек.
Дәрісті оқуда дауыс екпініне аса ден қою міндетті.
Интервал. Сөзбен, сөз топтарын ажырата кесектеп оқу.
Кідіріс. Жаңа сұраққа көшу барысында міндетті түрде кідіріс жасау керек
Темпті өзгерту. Дәріс оқуда (біркелкі, асықпай, жылдам, қатты, жоғары, бәсең, орташа, төмен) оқудың арқұасында студенттердің конспектілеуіне мүмкіндік туады.
Дене қимылы. Мимеика, қол сермеу, керек.
Дискілерді қолдану. т. б.

Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. Н. Скаткин, т. б. зерттеді.
Қазақстандық ғалымдар Нұрахметов Н. Н., Жадрина М. Ж., Жуматаева Е. Ө., т. б.
Ал, Өмірбаев С. М, Жақыпова Ф. кредиттік жүйе негізінде зерттеді.

И. Я. Лернердің анықтамасы бойынша “білімнің мазмұны дегеніміз - тұлғаға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі. Ең басты білім мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту қажет. ”

Я. А. Каменский алғашқы рет жалпыға бірдей білім беру идеясын ұсынды
Аналар мектебі (6 жасқа дейін) ;
Қарапайым мектептер (6-дан 12 жасқа дейін) ;
Гимназия (12-ден 18 жасқа дейін) .

Қазіргі таңдағы оқытудың бағыттары
Білім беру саласында дәстүрлі оқыту формаларына қоса, басқа да бағыттар қалыптасты:
мәселелік оқыту,
бағдарламаланған оқыту,
ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу теориясы негізінде оқыту,
алгоритмдік оқыту,
белгі - контекст типі бойынша дамыта оқыту,
жобалап оқыту.

Жоғары білім айқындайтын нормативтік құжат - оқу бағдарламалары:
Жалпы білім беретін;
Кәсіптік білім беретін;
Қосымша білім беретін.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
;

Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердің бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.
Техникалық және кәсіптік білім беретін
Орта білімнен кейінде білім беретін
Жоғары білім беретін
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

Болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыру қандай бағытта жүргізіледі?
Болашақ маманның теориялық білімі және оқу-тәрбие жұмысын атқаруға қажетті педагогикалық іскерліктері мен дағдыларынын мазмұнын, жүйесін анықтайтын профессиограмма жасаумен сипатталады (В. А. Сластенин, Л. Ф. Спирин) ;
Педагогикалық іс-әрекет құрылымын зерттеумен айкындалады (Н. В. Кузмина, А. И. Щербаков) ;
Жоғары оқу орындарындағы пәндердін, сондай-ақ пегадогикалық практиканың дидактикалық бағыттылығым күшейту және арнайы пәндерді оқытуды жетілдіру мәселелерін көтере отырып, олардың кәсіби-педагогикалық даярлығына көңіл бөлу (Қ. Аймағамбетов, С. Е. Архипова, Т. В. Омельченко) .

Педагогикалық білім беру құрылымы
Мазмұндық аспект
Технологиялық аспект
Тұлғалық аспект
Болашақ оқытушылардың кәсіби-педагогикалық даярлығы
Пән бойынша терең білімі; әлеуметтік гуманитарлық пәндердің негізін және қоғам, құбылыстар туралы дүниетанымның қалыптасуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz