Ғылыми зерттеу әдістері



Тәжірибелік сабақ №2
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми зерттеу әдістері. Биология пәні бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының міндеттері. Тәрбие беру элементтерінің жүйесі. Білімгерлердің тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдары.
Сабақтың мақсаты: Зерттеу әдістерін оқып-үйрену
Талданатын сұрақтар:
1) Зерттеу әдістері туралы түсінік
2) Зерттеу әдістерінің түрлері және олардың анықтамалары

1) Зерттеу әдістері туралы түсінік
Ғылымның алдына қоятын негізгі мақсаты -өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Мұндай мақсатты орындау үшін ғалымдар зерттеудің әр түрлі амал-тәсілдерін қолданады

Нысанды жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау амал-тәсілдердің жүйесі мен жиынтығын зерттеу әдістері деп атаймыз

Тіл білімінің зерттеу әдістеріне айтылғандай:
әдіс (метод)
әдістеме (методика)
әдіснама (методология)
тәсіл (прием) деген терминдері қолданылады.
Алдыңғы үшеуінің ішіндегі ең жалпысы және мағынасы жағынан ауқымдысы -әдіснама да, ал нақтылысы -әдіс термині

Әдіснама (методология) -жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстардың зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. Мысалы: бұрынғы Кеңес Одағындағы мұндай әдіснамалық принцип -тарихи материализм немесе маркстік диалектика деп аталынған. Ол барлық ғылым салаларына басшылық жасады және бірден-бір ғылыми жол деп есептелінді

Әдіс (метод) дегеніз -әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы. Яғни ол -әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы: биология ғылымында -биологиялық әдіс, тіл ғылымында -структуралық әдіс деген сияқты

Тәсіл (прием) -ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі майдарақ, одан гөрі нақтылау келеген іс жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалды қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді. Бұл жағынан алғанда тәсіл әдістің көмекші құралы қызетін атқарады

Зерттеу әдістері мен тәсілдерін таңдау -зерттеушінің өз еркіндегі нәрсе емес, ол -жұмыстың тақырыбына және алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай айқындалатын нәрсе. Әрбір ғылыда біренеше әдіс болуы мүкін

2) Зерттеу әдістерінің түрлері және олардың анықтамалары
Ғылыми әдіс - жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады

Ғылыми әдістер
Жеке
Жалпы ғылыми
Жалпылама
нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады
Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты
ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады
Философия ғылымына сәйкес келеді

Ғылыми әдістер
Эмпирикалық
Теориялық

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау - объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау - құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
5) сұхбат; сауалнама; эксперимент; рейтинг; сарапшы бағасы; өзін-өзі бағалау;
нәтижелерді талдау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру - дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық-дедуктивтік әдіс - нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі
анализ - жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т. б) бөлу;
синтез - заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz