Биологиялық ұғымдарды дамытудың теориялық әдістемесі




Презентация қосу
Тәжірибелік сабақ №4
Сабақтың тақырыбы: Биологиялық ұғымдарды
дамытудың теориялық әдістемесі
Сабақтың мақсаты: ғылыми білімнің функцияларын,
процестерін және деңгейлерін оқып үйрену
Жоспары:
1)Теориялық және эмпирикалық ұғымдар
2)Ұғымдарды дамыту теориясы
3)Ұғымдарды дамыту әдістемесі
1)Теориялық және эмпирикалық ұғымдар

Ұғым – заттардың жалпы елеулі белгілері, нақты
әлемнің құбылыстар көрінетін адамның ойлауының
формасы. Ұғымдарды игеру, есте сақтау мен ойлаудың
әртүрлі операцияларын қосады. Адам үғымдармен
ойлайды. Олар адамға дүниені тануда көмектеседі.
Ұғымдармен іс қылу білім
алушының ақыл есінің,
дамуын ынталандырады,
оларды ойлауға үйретеді,
ізденісте болуға басқа
жағдаятта жаңа
ұғымдарды ашуда
жігерлендіреді.
Сондықтан дамытушы
және тәрбиелей отырып
оқыту жүйесінде
ұғымдарды қалыптастыру
басты мәселелердің бірі
Ұғым - білімнің жинақталған (негізделген,
қорытылған) түрі және сонымен қатар биологияны
меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы
Жекелеген деректерді, сыртқы
белгілерді және қасиеттерді
жазып алу оларды қорыту және
жіктеу эмпирикалық ұғымдарға
әкеледі оның жай түсініктен
айырмашылығы шамалы. Бұл
деректі жазып алатын білім, ол
тек құбылыстардың сипаттауын
ғана береді, олардың мәнін
ашпайды. Таным тарихында бұл
білімдер мен практика бірте-
бірте теориялық ұғым (білім)
құрылатын қор болды
Ұғымды игеру дегеніміз-
білмеуден білімге өтумен
аяқталатын ғылыми
танымдық үрдіс. Бұл үрдіс
бірқатар кезеңдерден өтеді.
Танымның философиялық
теориясы осы үрдістің
әдіснамалық негізі ретінде
білінеді, және оны былай
сипаттайды: пайымдаудан
абстрактылық ойлауға, одан
практакаға міне, нақты
шындықты тану жолы
осындай.
Биологиялық теориялық ұғымдар. Биология пән ретінде
логикалық ретпен дамитын және өзара байланыста
болатын ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық
үғымдарды қалыптастыру кезеңдері мынадай:
1-алғашқы тұтастық абстракцияның құрылуы
2-оның байланыстарын үзбей бақылау оларды
абстрактылық анықтамаларда көрсету
3-анықтамалар синтезі
Ұғым сөйтіп теория сияқты болады. Сондықтан оның
дамуы теориялардың алмасуы барысында жүзеге асады,
өйткені оның мәнін (ұғымның) теория ашады. Мысалы,
ген ұғымы әуелі абстракция (тұқым қуалау бірлігі) сияқты
калыптасады, сонан соң хромосомалық теория деңгейінде
нақтыланып содан әрі гендік деңгейге дейін дамиды.
2)Ұғымдарды дамыту теориясы
Ұғымдарды дамыту
дегеніміз - шын мәнінде
білімді бірте-бірте
толықтыру мәселесін
береді, олай болса
оқытудың қандай да бір
кезеңінде оқу пәніндегі
ұғым мазмұнын кеңейтеді,
тереңдетеді. Биологиялық
ұғымдарды дамыту
қарапайымнан күрделіге
карай немесе нақтыдан
талданып қорытылғанға
абстрактлыққа карай жүруі
мүмкін.
Ұғымды дамыту - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жалпы
үрдісінің негізгі қозғаушы күші. Ұғымның пайда болуы
білімгерлердің ойлануының дамуына негізделеді. Биология оқу пәні
ретінде, логикалық ретпен дамып отыратын және өзара байланыста
болатын ұғымдар жүйесі болып табылады.
ҰҒЫМДАР

ҚАРАПАЙЫМ

КҮРДЕЛІ

АРНАЙЫ
Жалпыбиологиялыққа биологиялық
заңдылықтар жөніндегі үғымдар:
ағзалардың жасушалық құрылысы, ЖАЛПЫ
мүшелердің формасы мен функциясының БИОЛОГИЯЛЫҚ
байланысы, ағзалардағы зат және энергия
айналымы, өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тудыруы
(екі еселенуі), көбею, органикалық дүниенің
дамуы
3)Ұғымдарды дамыту әдістемесі

Оқыту міндеттері - ұғымдарды жоспарды тудыру мен оны дамыту
болып есептеледі. Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама
мазмұнына, тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты
сиякты. Мысалы, жасуша құрылысы өсімдіктер, жануарлар, адам және
жалпыбиологиялық тақырыптарда оқылады. Дегенмен осы өткен
жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз
ақтаңдақтар бар
Мұғалім ұғымды
жетілдірудің барлық
жолдарын, оның бір-
біріне араласуы,
қосылуы жағдайларын
білуі керек.
Жалпыбиологиялық
басты ұғымдарды
ажыратып, олардың
тақырыптан тақырыпқа,
курстан курсқа қарай
жылжуын (күрделенуін)
бақылап отырған дұрыс
Осы жердегі ұстаздың
міндеті ұғымдарды
дамытуда жалпы
есімдіктерде қандай
үрдістер жүретіндігі және
оларды байланысының
қандай жағдайларын
түсіндіру.
Нәтижесінде оқушылар
осы үрдістер мен тіршілік
жағдайлар арасындағы
байланысты жасай
алулары керек.
Үғымның дамуына себін
тигізетін: оқу
материалын баяндау
(беру логикасы;
қорытындылауды талап
ететін мәселелерді қою;
анықтау, салыстыру,
жіктеу сияқты
қабілеттерді жаттықтыру;
ескі білімді жаңамен
байланыстыратын
қайталау жүйесі,
шығармашылық
сипаттағы тапсырмалар
сұрақтар беру.
Пысықтау сұрақтары:

1.Ұғым дегеніміз не және оқытудың рөлі қандай?

2.Теориялық ұғымдардың эмпирикалық ұғымдардан айырмашылығы
неде?

3.Күрделі ұғымның қарапайым үғымнан қандай айырмашылығы бар?

4.Ұғымдарды дамыту дегеніміз не?

5.Биологиялық ұғымдарды дамытуда ұстаздан қандай қабілеттер талап
етіледі?

Ұқсас жұмыстар
Биология пәні бойынша қалыптасатын биологиялық ұғымдарды одан әрі биология курсында дәйекті дамытуға бағытталған қызметін жоспарлау
Бастауыш мектеп математикасында алгебралық ұғымдардың оқыту әдістемесі
Биология оқу әдістемесінің дамуына үлес қосқан Қазақстандық адіскерлер жане олардың еңбектері
Көркем әдебиет
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Оқулық-маңызды білім көзі және оқу құралы. Мектеп оқулығы және оның бөлімдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды бағалаудың әдістемесін құрастыру
Реактивті кадр саясаты
КӨП ҰҒЫМЫМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ МІНДЕТІ МЕН ӘДІСІ
Пәндер