Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі


Slide 1

Тәжірибелік сабақ №5 Дидактикалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтар

Slide 2

Жоспары: 1. Дәстүрлі емес сабақтардың мақсаты, міндеті мен талабы 2. Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі 3. Дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін талдау 4. Мұғалімнің сабаққа дайындығына қойылатын талаптар

Slide 3

Мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрлерін сараптай отырып, сабақ құрылымы мен оны ұйымдастыруын зерттеу, оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін дамыту, қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру. .

Slide 4

Міндеті:оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру еңбектенуге, ізденуге ықпал ету. алған білімдерін әрі қарай жетілдіру өз білімін тереңдету, қабілетін шыңдау Талабы: Оқушы қабілетін ескеру білім мен тәрбиенің өзара байланысы оқушының ой еркіндігі.

Slide 5

Өзектілігі:

Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой өрісін кеңейтеді. Мұғалім үнемі оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, білімге құштарлығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

Қызығуды тудырудың әдіс - тәсілдері өте көп. Олар сабақ барысындағы: жарыстар, эстафеталар, олимпиадалар, сыныптан тыс жұмыстар, дәстүрлі емес сабақтар т. б. ұйымдастыру

Оқушылардың пәнге бейімділігін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру үшін сабақта не істеу керек? - Сабақта мұғалім проблема тудыра білу керек, яғни негізгі негізгі материалды берген соң, оқушыларға стандарттан тыс ақпарат беру керек

Slide 6

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.

Slide 7

Панарамалық сабақ. Панарамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.

Slide 8

Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.

Slide 9

Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.

Slide 10

Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.

Slide 11

Жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т. б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.

Slide 12

Танымдық іс-әрекетті топта ұйымдастыру: Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына және сағатына байланысты 2-6 оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы. Кезендері: • топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзірлеу, оқу міндеттерін қою, мұғалімнің топқа қысқаша нұсқау беруі; • топта оқу міндеттерін орындау жоспарын талқылау және жоспарын жасау, міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау, міндеттерді бөлу; • оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану; • мұғалімнің бақылауы мен топтың және жеке оқушылардің жұмыстарын түзету; • оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын тексеруі; • мұғалімге нәтижелерді айту, оның басшылығымен пікір таласын өткізу, толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша беруі, қорытындылар жасау; • топтың, сыныптың жұмысына баға беру; • үлгерімі әр түрлі оқушыларды бір топқа біріктіруге болады.

Slide 13

Мұғалімнің сабаққа дайындығы Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес сабақтар
Орта мектептерде математикадан элективтік курстарды ұйымдастырып өткізудің әдістері
Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары
Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиялар
Қашықтықтан оқытудың құралдары
Оффлайн режимдегі оқыту
Сабақтың типтері
КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР
Психологиядан оқу сабақтарының түрлері, формалары
ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz