Биологияны оқыту формалары жүйесіне сипаттама




Презентация қосу
Тәжірибелік сабақ №6
Биологияны оқыту формалары
жүйесіне сипаттама
Биология ғылымының мақсаты

• Биология ғылымының мақсаты-
зерттеудің нәтижесінде табиғат
туралы жаңалықтар ашу. Мектеп
пәнінің мақсаты оқушыларға
ғылымның жинақталған
фактілерімен заңдылықтарын
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің
міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–
әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында
оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге
асады.

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың
ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту
жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен
үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық
және сынып–сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда
пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының
орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп,
мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін
көрсететін, үй тапсырмаларын орындау
амалдарын түсіндіретін, музыкалық
құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене
шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке
жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше
оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де
қолданатын.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл –
ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту”
түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім
дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды
жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған.
200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылып
оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса,
түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға
өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында
“дальтон – жоспар” оқу формасы тұңғыш рет
қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара,
әрбір оқушыны өз күшімен, белгілі бір
бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды.
Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің
басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың
бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық
әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4
топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы
оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді.
Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған
тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада
атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға
оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының
жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек
консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ
жүйесінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен
және ағымдағы педогогикалық
тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі
ұйымдастыруды ұсынды
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына
байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау,
оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
өзіндік шыармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын
көздейді. Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз
көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу
материалын қаншалықты мењгергенін, соған орай
сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап,
тексеріп, бағалап және бағыт–бағдар беріп отыруға
мүмкіндік туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың
сабақта алған теориялық оқу мтериалдарын
практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту
процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу
пәндерде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және
еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл
оқушыларды оқу процесін бақылай білуге
жаттықтырады және оқу материалын өмірмен
байланыстыра алуға үйретеді.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі
оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы
негізінде әртүрлі пәндерге қатысты
ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты:
оқушыларды ғылымға қаыстыра отырып, олардың
дүние танымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі
бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын
тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге
бейімділігін ескере отыра, факультатив оқуды
олардың қалаған мамандықтарына сай
психологиялық және практикалық дайындығын
арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың

Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқыту әдістері
Биология оқу әдістемесінің дамуына үлес қосқан Қазақстандық адіскерлер жане олардың еңбектері
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Биология пәнінен зертханалық оқу үрдісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын инновациялық әдіс - тәсілдер
САРАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
Көрнекілік әдіс
Биология бойынша зерттеушілік әрекетке үйрету
Биология пәні бойынша қалыптасатын биологиялық ұғымдарды одан әрі биология курсында дәйекті дамытуға бағытталған қызметін жоспарлау
Көрнекілік принципі
Жалпы педагогика жайлы
Пәндер