Қан тамырларының жіктелуі



“Жүрек-тамыр жүйесі. Тәждің құрамы мен қызметі. Қан тамырларының жіктелуі”

“Қан құрамы”

Қан құрамында эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер болады. Лейкоциттер ақ түсті қан жасушалары, тромбоциттер-қан пластиналары, эритроциттер-қанның қызыл түйіршіктері. Және Плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер) . Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі 6, 5-7 % құрайды.

Қан плазмасы - құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды.

Қан тамырлары
Қан тамырлары - адамның бүкіл денесіне жайылып, бойында қан жүретін түтікше тәріздес құрылымдар. Қан айналым жүейсіндегі қысым жүйе тұйық болғандықтан, өте жоғары. Мұндай жүйеде қан айтарлықтай жылдам айналады.

Қан тамырларының түрлері
Адам ағзасында қан тамырларының үш түрі бар. Бірінші түріне күретамырлар (артерия) жатады. Олар қанды жүректен басқа ағзалар мен тіндерге тасымалдайды. Күре тамырлар көп тармақталып, артериола құрайды. Екінші түрі - көктамыр (вена) . Көктамыр арқылы қан ағзалар мен тіндерден жүрекке қайтады. Қан қылтамырлары - ең жіңішке қан тамырлары. Олардың бірігуінің нәтижесінде венулалар, яғни ең кішкентай көктамырлар пайда болады.

Қан - ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұшуға қатысады.

Адамның денесіндегі қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4, 5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.

Қан тобы
Қан топтары - бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады.

Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» - сыйлаушы), қабылдайтын адамды - реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын III және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

Қанның ағзадағы функциялары
Қан қан тамырларының тұйық жүйесі бойынша үздіксіз айналалып, ағзадағы түрлі функцияларды атқарады:
Тасымалдаушы - қанды айналдыру; оның бірнеше кіші функциялары бар:
Демалу - оттегіні тіндерден және көмір қышқылды газды тіндерден өкпеге тасымалдау;
Қоректендіру - қоректендіру заттарды тіндер жасушаларына жеткізеді;
Экскреторлық - зат алмасудың қажетсіз заттарын ағзадан шығару үшін өкпе мен бүйрекке тасымалдау;

Термореттегіш - дене температурасын реттейді; Реттеуші - оларда пайда болатын заттарды (гармондар) тасымалдай отырып, түрлі ағзалар мен жүйелерді өзара байланыстырады. Қорғаныс - бөтен антигендерден жасушалық және гуморалдық қорғанысты қамтамасыз ету; Гомеостатикалық - гемеостазды (ағзадағы ішкі ортаның тұрақтығы) - қышқылды-негізгі тепе-теңдікті, су-электролиттік балансты және тағы басқаны сүйемелдеу; Механикалық - ағзаларға қан келу арқылы тургорлық кернеуді беру.


Қан ыстық болса
Дәрігерлердің айтуынша бауырда ыстық болған жағдайда қанда да ыстық болуы мүмкін. Мұның белгісі ретінде адам тез шөлдейді, кейде шаш ағарады. Бұл әйел адамдардың бала көтеруіне де әсер етеді. Ал қан жасау және жаңарту ролін атқаратын бауырдың қызметі дұрыс болмаса адам денесіне қажетті қоректіктер мен минералдар жетіспейді. Сол себепті адам терісінде қысаға, теміреткі, қотыр секілді тері аурулары пайда болады.

Қан алудың пайдасы
Түрлі ұсақ қан тамырларда ұйып қалған, қақ боп тұнған немесе жел мен суықтың кесірінен қан жүруіне кедергі келтірген қалдықтарды сорып шығарту арқылы оның орнына жаңа қанның келуін қамтаматсыз етеді. Осы арқылы зақымдалған ет не басқа құрылымға қажетті қоректіктер кедергісіз жеткізіледі де аурудың жазылуына, алдын алуға және денсаулықты нығайтуға ықпал етеді.

Қан алудағы көңіл бөлетін істер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz