Үйлену тойының әндері




Презентация қосу
БӨЖ
Тақырыбы: Қазақ халқының ән өнері

Орындаған: Төрехан Мәди
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі
кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер
енеді.

Қазақтың ән өнері – сонау көне земаннан бері қалыптасқан
халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық
саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз
ағылшын «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша
шығарған туындылары». Фольклор шығармалары халықтың әр
дәуірдегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен күнделікті
тіршілігімен тығыз байланыста пайда болады. Оларда тек
өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса
екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір
құбылыстарына баға беріледі.
Қазақтыңұлы ақыны Абайда ән
мен күйдің құдіретін жырлап:

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй -деген
өлең шумақтарын келтірген
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы
орнына сай қазақтың халық
әндері бірнеше түрге бөлінеді
1. Халықтың ескілікті наным-сенімінен туған әндер
2. Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты
туған әндер
3. Тұрмыс-салт әндері
4. Эпикалық жырлар
5. Тарихи әндер
6. Лирикалық әндер
7. Айтыс
Халықтың ескілікті наным-сенімінен туған
әндер. Жаратылыс дүниесінің толып жатқан
құпия сырларына табыну, табиғат
құбылыстарының дүлей күштерінен қорқып,
соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған
әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік
Арбау әндері жатады. Адам баласы
табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі
құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге,
бұлтқа, желге табынып келген.
Үйлену тойының әндері
Үйлену той әдетте бірнеше күнге
созылып, оған барлық ауыл мен
көршілес жұрттың адамдары
шақырылатын. Үйлену тойының ең бір
қызықты кезеңі – жар-жар айту. Бұл
әндер кейбір өзіндік ерекшелігімен
айтысқа жақын келеді. Жар-жар
жігіттер мен қыздар арасында сайыс
ретінде орнатылатын. Бұрынғы
заманда қыздар өз еркімен сүйген
жарына қосыла алмай, әке-шешесінің
ұйғаруымен тұрмысқа шыққан кезде,
жар-жар қыздың қайғы, шер, мұңын
белгіленген.
Үйлену тойының тағы бір жанрлық түрі
– қыз сыңсу. Бұл той салтанат
аяқталып, қызды жаңа қонысқа
жөнелтер кезде қалыңдықтың айтатын
әні. Ұзатылған қыз артында қалып бара
жатқан туған елі, жерімен қоштасады.
Өзінің шер-мұңын, әке-шешесінен
айырылу қасіретін, жат-жұртқа кетудің
ауырлығын айтып, зарланады. Сыңсу
жырында да қыз өзіеің қоғамдағы
теңсіздігін, қалың малға сатылып,
еріксіз кетіп бара жатқанын айтып,
өксиді. Бірақ сыңсу айтыларда ешбір
адамның оған жұбату сөз айтуға
қақысы болмаған.
Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі –
беташар. Бұл ән келін күйеуінң ауылына
келіп, жаңа үйге түскен кезде
айтылатын жыр. Қазақтың көне
дәстүріне байланысты жаңадан түскен
келіннің бетінкөрсетпей, желекпен
жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән
берілетін. Сондықтан бұл жырды
орындау үшін арнайы шешен ақын
шақырылып, ол жиналған топқа келіннің
бетін әнмен ашады. Беташар мазмұны
бойынша жаңа түскен келінге бұрыннан
қалыптасқан әдет-ғұрыпқа бай өз
заманына лайықты жаңа өмірге аяқ
басып отырған жас әйелге тәлім-тәрбие
беру тілегімен байланысты. Жырда ата-
енесі қайындарымен қарым-
қатынастарын жас келіннің міндеттерін
айтып, әзіл кеңестер беріледі.
Жоқтау – тұрмыс-салт жырларының
ішіндегі ең толық сақталған түрі.
Алғашқыда өлген адамды шығарып
салу дәстүріне байланысты болса,
кейіннен жоқтау басқа да халық
әндеріне еніп кеткен. Мысалы,
жоқтауға тән қасиет сыңсу әніне де
тән; жоқтау жырының кейбір
белгілері лирикалық және эпостық
жырларда да кездеседі. Академик Қ.
Жұмалиев жоқтауды тура лирикалық
жыр деп атайды. Оның ойынша, егер
лирикалық жанрға күйініш-сүйінішті
суреттеу негізгі шарт болса, жоқтау
да тыңдаушының, айтушының қаралы
көңіл-күйін білдіреді. Кейбір
жерлерде жоқтау әндерін «дауыс»
немесе «жылау» деп те атайды.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан
поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып
салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт
жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар
айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай
лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол
ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің
өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі
әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос
жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол
салаға айналған
Айтыстың өзіне тән
ерекшеліктері
Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар
өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай
күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап
болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір
құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап
беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті,
білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін,
тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай
болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз
болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді.
Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз
жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді
Айтыс – ақынның талантын
шыңдайтын үлкен өнер жарысы.
Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай,
Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып
айтыс ақындары болған. Бұл үлкен
дәстүрді қазір Әсия, Әселхан,
Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш,
Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары
жалғастырып келе жатыр.
Әншінің міндеті – әсем сазды әуенмен тыңдаушыға
сұлу сезім сыйлау, Бишінің міндеті – мінсіз қимылмен
көз қуанту

Назарларыңызға рақмет

Ұқсас жұмыстар
Үйлену тойының маңызды сипаты - қалыңдықтың көйлек
Қазақстан –испан қарым қатынастары
Қазақ халқының әншілік өнер
Будда дінінің пайда болуы
Халық музыкасы және опера
Әзірбайжан халқының тілі мен мәдениеті
Қазақ өнерінің дамуы
Бата беру
Кеңестік кезендегі Қазақстан мәдениеті саласындғы жетістіктер мен қайшылықтар
XX ғасырдағы Қазақстанда кино өнерінің дамуы
Пәндер