Қанатты тоғышар жәндіктер



СӨЖ
Тақырыбы: Қанатты тоғышар жәндіктер
Орындаған: Данияр Г. Қ.
Топ: ВС - 605
Тексерген: Жексенаева А. Б.

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Масалар
2. 2. Құмытылар
2. 3. Соналар
2. 4. Шіркейлер
2. 5. Қан сорғыштармен күресті ұйымдастыру
Жоспар:

Кіріспе
Қан сорғыштардың қатарына ұзынмұрттылар (маса, шіркей, құмыты) мен қысқа мұрттылар (сона) жатқызылады. Олар бір мезгілде әрі қан сорады және қауіпті ауру қоздырушыларын таратады. Малдың қанымен тек ұрғашылары ғана қоректенеді, ал аталықтары өсімдіктің шырынымен азықтанады.
Даму сатылары: жұмыртқа-личинка-имаго.

Масалар. Масалар Culicidae тұқымының 2000-ден астам түрлері белгілі. Масалар ылғалы көп, өзен-көлдерге бай жерлерде тіршілік етеді. Ұсақ, 3-10мм, ұзындау пішінді, жіңішке аяқтары мен қос қанаттары бар жәндіктер. Басы домалақ, көздері фасеткалы, мұртшалары мен тесіп-соруға бейімделген тұмсығы ауыз аппараты алдында орналасады.

Даму биологиясы. Кешкілік уақытта аталықтары ашық жерлерде жиналып фолликулалары жетілген ұрғашыларын ауада ұрықтандырады. Малдың қанына тойған ұрғашысы 120-450 жуық жұмыртқа салады. Жазда 12 ретке дейін ұрығын шашады. Жұмыртқаларын суға немесе ылғалы көп субстратқа салады. 2-21 күнде личинкалары жетіледі, қуыршақ сатысы 5-47 күн.

Құмытылар. Құмытылар Geratpogonidae тұқымына қарасты өте уақ қосқанатты жәндіктер. Аталған тұқым құрамына: Culicoides, Leptoconops, Lasiochella туыстарының Қазақстан территориясында түрі кездеседі.
Ересегінің ауқымы , мм. Басы шар тәрізді домалақ. Көзі күрделі, ірі және бүйрек тәрізді. бунақтан құралған мұрттарының алғашқы екеуі түкті, қалғандары жіпше секілді ұзын тақыр. Ауыз органдарын: төменгі ерін, қармалауыштары мен қос астыңғы жақ, қос үстіңгі жақ және ерін құрайды. Тұмсығы масаларға қарағанда қысқа және жуан. Қанаттары түссізден ала түске дейін өзгеріп отырады. Сирақтары ұзын, жіңішке. Жұмыртқалары ұзынша сопақшалау келген. Личинкалары құрт тәрізді, арқасы доңестеу. Ауқымы , , мм.

Даму биологиясы. Жұмыртқа мен личинкасы әртүрлі субстраттарда, інде, ағаш жарықтарында, үйлердің жертөлелерінде және мал қораларында мекендейді. Ұрықтанған ұрғашысы 5-6 сағаттан соң малдың қанын сорып, 30-100-ге жуық жұмыртқа салады. Личинка 7 күн өткенде, қуыршақ 10-12 күнде дамиды. Жазда 1-3 ұрпақ береді.

Соналар. Соналар қосқанатты қансорғыштардың ішіндегі ең ірілері. Қазақстан территориясында ге жуық түрлері мекендейді. Солардың арасында ветеринариялық маңызы бар: Tabanus, Atylotus, Hybomitra, Haematopota, Chrysops тұқымдары. Аталған тұқым түрлері негізінен жағалауларында қоғақамыс өскен өзенкөл маңайында, таулы аймақтарда кеңінен кездеседі.

Морфологиясы. Ересек соналардың ірілері мм, орташа ауқымды-лардікі мм, ең кішілерінікі мм. Дене бөліктері жақсы жіктелген және бас, кеуде, құрсақтан құралған. Басы үлкен, кеудесінен әдетте жалпақ, көздері күрделі және басының екі жағын алып жатады. Үш буынды мұрттары бастың ортасында орналасады. Бастың төменгі жағында теріні шаншып тесуге немесе өсімдік сөлін жалауға бейімделген ауыз жабдықтары орналасқан. Аталық сонаның тек өсімдік нәрімен қоректенуіне байланысты тесіп кесетін жабдығы жоқ, тек жалауға бейімделген.

Даму биологиясы. Ұрықтанып қанға тойған ұрғашысы 50-1200 дана жұмыртқасын суға, жиегіне шашады. Личинкалары басқа жәндіктермен, жауын құртымен қоректенеді. Күзде қуыршаққа айналып қыстап шығады. Көктемде құрғақ жерге шығып қуыршаққа айналады 24-43 күннен соң имагоға айналады. Ұрғашылары 1, 5 ай тіршілік етеді. Соналар 7-8-ден 20-21 сағатқа дейін белсенді. Қараңғы түсісімен ұшуын доғарады.

Шіркейлер. Шіркейлердің ортақ атауларына Simuliidae тұқымының түрі мен Phlebotominae тұқым астына қарасты түрі Қазақстанның барлық жерлерінде кездесетін өкілдері енеді. Аталған шіркей түрлері мал мен адамда симулиотоксикоз (жалпы организмнің улануы) тудырады.

Морфологиясы. Өте уақ /, , мм/, қансорғыш қосқанаттылар, түсі күңгіртқоңыр, кеуде мен табандарында кейде ақшылт дақтары бар, мығым денелі. Басы домалақ, кеуде астына қарай ығысқан. Тұмсығы тесіпсоруға бейімделген. Сирақтары қысқа және жуан.

Даму биологиясы. Суы оттегіне бай ағынды зен жиектеріндегі тастарға, өсімдік сабақтары мен жапырақтарына жұмыртқасын салады. Личинкалары 4-15 күнде дамиды. Ұрғашысы 100-800 жұмыртқа шашады. Қуыршақ сатысы 10 күндей. Шіркейлер желмен ығысып 200км дейін ұша алады. Жазда 1-3 рет ұрпақ береді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz