Педагогика ғылымының салалары
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Тақырыбы:
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым
Оқытушы:
Студент:
Жоспары:
5.1 Педагогикадағы әдіснамалық білім
деңгейлері және өзіндік ерекшеліктері.
5.2Педагогиканың негізгі категориялары
(тәрбие, оқыту, білім беру,
педагогикалық үдеріс), олардың өзара
байланысы.
5.3. Педагогика ғылымының салалары
5.4 Педагогика ғылымының басқа ғылым
салаларымен байланысы
5.5 Педагогика ғылымының әдіснамасы
және оның деңгейлері жөніндегі түсінік
Мақсаты:
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-
мағынасын зерттей отырып, арнайы
ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің
теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі
ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды
өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ
Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам
тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті,
яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін
қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін,
мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың
дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен
жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен
тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын
педагогика әдістемесі қарастырад
Педагогика адам тәрбиесі туралы
ғылым
Педагогика пәні , адам тану ғылымының
ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте
көне ғылымдардың бірінен саналады.
Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні,
яғни ғылыми таным-білімнің белгілі бір
саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты
өмірге даярлау жөніндегі ерекше
міндетті қызмет (функциясы)- тәрбие
беру саласы болып табылады.
Педагогика бала жайындағы ілім, олай
болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы
ілім.
Педагогика гректің
“paidagogas” –баланы
жетектеуші, ертіп жүруші
сөзінен алынған. Ең
алғашқыда бұл сөз құл
қожасының баласын
мектепке жетектеп
апарушы дегенді білдірсе,
кейін келе ол тәрбие
туралы ғылымның аты
ретінде қалды. Тәрбиенің
негізгі мақсаты –
жинақталған білім мен
қоғамдық- тарихи
тәжірибиені жеткіншек
ұрпақтарға беру.
Педагогика – тәрбие туралы ғылым
ретінде тәрбиенің мәнін анықтау,
түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекшк
заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке
тұлғаның мүддесіне сай болуын,
ықпалын айқындау, танып білу.
Тәрбиелеу үрдісінде (процесінде) жаңа
ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын
меңгеруге, қоғамдағы мінез – құлық
нормаларын ұғып, өмірге деген
көзқарастардың белгілі жүйесін
қалыптастыруға тиіс .
Педагогика басқа ғылымдар сияқты,
белгілі бір ақиқат саласындағы білім
19 ғасырдың басында нарықтық қарым-
қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық
өркендеуге байланысты педагогика
тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты.
Олар:
* педагогика (тәрбие, білім беру және
оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
* сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
* мектеп педагогикасы,
* сурдотифло педагогика және олигофрено
педагогика (керең, зағип және ақылы кем
балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
* жеке пән әдістері,
* Педагогика тарихы.
Жаңадан қалыптасып жатқан
педагогика салалары да бар:
мектептану,
отбасы тәрбиесінің педагогикасы,
басқару педагогикасы,
ішкі істер педагогикасы.
Дербес педагогикалық пән ретінде:
әскери педагогика,
жоғары мектеп педагогикасы,
кәсіби-техникалық білім беру
педагогикасы.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс
білім берудің негізгі заңдылықтарын
зерттейді. Жас ерекшілік педагогика
(мектепке дейінгі, мектеп, ересектер
педагогикасы) анотомиялық және
физиологиялық және әртүрлі жастағы
топтардың психологиялық ерекшіліктеріне
сәйкес педагогикалық процесс пен білім
берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіби –техникалық білім беру педагогикасы,
арнаулы орта білім беру педагогикасы,
жоғары білім беру педагогикасы –пәндері
(дисциплины) ,олардың пәні педагогикалық
процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби
және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі
мамандарды даярлаудың заңдылыққтары .т.б
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери
қызмет атқаратындарды әскерге шақыру
жасындағылардан бастап әскери мамандықты
игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік
іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған
азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен
практикасын құрастырады. Мұнда жас ерекшілігі
ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен
жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң
бұзу зерттеледі.
Педагогика тарихы – адамзат тарихындағы
педагогикалық идеялар мен мектептердің
қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі
білім беру және тәрбие жүйелерінің
дамуын, олардың жалпы өзіндік
ерекшіліктерін салыстыра , дамуын
зерттейді.
Жеткілікті дәрежеде дербес
педагогикалық пәндер тобын жеке
немесе пәндік педагогика құрайды, онда
жалпы – бұл педагогикалық заңдар мен
заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері,
ал жеке ерекшілік берілетін сабақ
пәнінің мазмұны.
Қорытынды:
Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде
сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы
және келешегіне көз жіберіп, талаптануының
негізінде пайда болған қажеттілік.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір
мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен
тәрбиенің озат теориясы және практикасымен
қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және
анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының
негізінде мұғалім баланың бойына жақсы
қасиеттерді игертеді, дүниеге көзқарасын,
мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады,
болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы
түрде таңдап ала білуге даярлайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz