Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау




Презентация қосу
Тақырыбы:
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы
халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік
рөлін айқындау.
Орындаған:
Мүтәліп Ақерке хи 206к
Қабылдаған:
Есболова Молдир Ауелтаевна
Түркі мәдениеті

Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі
тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің
дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады.
Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының
қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика
ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі
ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі
минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше
түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және
Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда
туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен
Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі
халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар
аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.
Қазақстан топырағында тұрған тайпалар мен халықтар өздерінің
дербес, көшпелілерге ғана тән бірегей мәдениетін жасады, осы мә­
дениет Батыстың да, Шығыстың да түрлі мәде­ни дәстүрлерімен
өзара ықпалдастық жүргізді. Көшпелілердің өркениетіне, басқа кез
келген өркениет сияқты, бірқатар ерекшеліктер, соның ішінде
мәдени, саяси және экономикалық өзгешеліктер тән. Сонымен
бірге, номадтардың жалпыадамзат өркениетіне қосқан нақты үлесі
көбіне елене бер­мейді, бірақ нақ сол көшпелілер әскер тегін (қару-
жарақ, ат әбзелдері), мал шаруашылығын, ою-өрнек өнерін
дамытуда нағыз револю­циялық жаңалықтар енгізді. Түркі
мәдениетінің көптеген элементтерін Еуропаның да, сондай-ақ
Азияның да егін шаруашылығымен айна­лысатын отырықшы
халықтарының өздеріне сіңіргені таңқаларлық жәйт емес.
Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық
бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды
пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін
дамытуымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер бойынша,
Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері
бір мезгілде қатар дамыған.
Еуразиялық мәдениетті Шығыс пен Батыс мәдениеттері дамуының
басты кезеңі немесе олардың өзара байланыстарын «мәдени көпір»
ретінде қарастыруға да болады. Көшпенділік дәуірдің алғашқы
кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы
даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс
арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі,
Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер
екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған
тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді.
Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу
қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді
аймақ болса да): «Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер
мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...» деп, қытайға соғыс
жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады.
Деректер

Д.Николле ғұндар туралы, «Атилланың әскери тактикасын сипаттаған
грек жылнамаларында оның соғыс жүргізу өнері мен тактикалық әдіс пен
стратегияны жақсы меңгергенін жазады. Ол шапқыншы емес, ұлы
қолбасшы және ақылды көсем. Ғұндар рим легионерлері сияқты
қансорғыш емес, тәртіпті болды. Еуропа цивилизациясы алдындағы
ғұндардың айыбы, олардың сырт пішіні мен дәстүрі басқа болды.
Еуропалықтар соғыс өнері мен рыцарлықты ғұндардан үйреніп, олардан
салт аттылық, киім және қаруды алды. Арабтар мен III-IV ғасырлардағы
олардың ұсталары сақтар, ғұндар, хазарлар, болгарлар және
қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді» дейді.
IX ғасырдағы араб тарихшысы Әль-Жахиз; «түркілердің соғыстағы рөлі
мен маңызын, қытайдың өнердегі және грецияның ғылымдағы орынымен
салыстыруға болады» деп бағалаған. Сонымен қатар, ғұндардың
Еуропаға монша, руникалық жазуды әкелгені белгілі.
Гильом де Рубрук өзінің “Шығыс елдеріне саяхат” деген
кітабында түркі халықтары ғұндар туралы мынадай деректер
қалдырған: “Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт)
жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы
халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр
кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті.
Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап
алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”.
Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық
ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда
творчестволық эволюцияны бастан өткерді»-деп санайды. Еуразия
сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан
бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді
Ұлы жібек жолы
Ұлы Жібек жолы ежелгі заманның басты сау­да-экономикалық
күретамырына айналса, көшпелі-номадтардың мемлекеттік құры­лым­
да­ры симбиоздың, түрлі мәдениеттер мен діндер бірлестіктерінің
(одағының) үйлесімді үлгілеріне жатады.
«Ұлы Жібек Жолы» — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,
Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқабаратын керуендік жол
бағыты. Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырған жол.Ұлы
сөзінің жалғануы да осыдан.
Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен бен А. Һерман 19
ғасырда ұсынған.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол
уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы
өзгермеген : жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып,
Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс
Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін
барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ұлы Жібек жолы моңғол шапқыншылығынан әлсіреді.
Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің
бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен
Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның
Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт:
Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол
Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан
Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда
керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.
Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар,
алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар
тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып,
қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін
тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі
жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация
арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек
жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол
жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу
үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар
Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.
Ұлы Жібек жолында ең бағалы зат-жібек матасы болған. Жібек алтынмен бірге
халықаралық валюта міндетін атқарды.
Ұлы Жібек жолының пайда болуының арқасында қолөнер шеберлері жаңа өнер түрлерін
игерді. Шеберлер темірден жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау
ісін Батыстан үйренді.
Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер туралы
айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес, жазушылар,
жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа
осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен
танысты. Мысалы, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды. Бірақ еуропалықтар бұл
туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды.
иіссу, тәтті тағамдар, женьшень мен маталар, бояу, бағалы тастар, аң терісі, алтын,
күміс құймалары сияқты бұйымдар да тасылды. Жібек жолымен араб арғымақтары,
қаршыға, тотықұстар мен түйеқұстар т.б. сатуға әкелінді.
Жібек жолымен ежелгі мәдениет пен өнер туындылары таратылды. Орта Азия,
Түркістаннан келген музыкант, биші, акробаттар Қытай императоры мен Византия
сарайларында өз өнерлерін көрсетті. Жібек жолымен қытайлықтар өз елінде жоғары
бағаланатын асыл тұқымды жылқы мен түйелерді Орталық Азиядан алдырды.
Қытайлықтар керуен саудасы арқылы әкелінген ауыл шаруашылығы дақылдарын —
бұршақ, пияз, қияр, сәбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде өсіруді үйренді. Орталық
Азиядан Қытайға жүннен тоқылған әртүрлі бұйымдар — кілем, жапқыш, төсеніштер
әкелінді. Жүн өңдеу мен кілем тоқу әдісімен таныс емес қытайлықтарға бұл бұйымдар
ерекше әсер етті.
Тараған діндер: ислам ,будда ,христиан, манхейлік, зороастризи.
Ұлы Жібек жолының бағыттары

Ұқсас жұмыстар
Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырған жол
Орхон ескерткіші
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Ежелгі түркі өркениеті
Жібек жолы халықтарының мәдениеті, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
Жібек мәдени жолы еті
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
Жібек жолымен араб
Пәндер