Жаппай қырып жою қарулары




Жаппай қырып жою қарулары
Жоспар:



Жаппай қырып жою қаруларының түрлері

Ядролық қару
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т. б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық қару өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол - ядролық және термоядролық болып бөлінеді. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді.

Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді. Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.


Мына суреттегі химиялық қару Сириядан табылған.



Халықаралық биологиялық
қатердің белгісі
Е 120 биологиялық
омбасы.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ
1935-1936 жылдары Япония елінде Маньчжурида арнайы лабораториялар жасалды, бірнеше жылдан соң армиялық зерттеу отряды құрылды. Олар бактериологиялық қауіпті заттар жасап шығарып, әскери қызметкерлерге және Қытайға тәжірибелер жүргізе бастады. Биологиялық қару туралы мәліметті халық 1949жылы ғана білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін биологиялық қаруды АҚШ, Австралия, Канада жасап шығарды.

Биологиялық қару, бактериологиялық қару - адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірінші кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам(жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді. Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті бірден көрін-бейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына және ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2-5 күнге созылады.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеттерінің негізін биологиялық құралдар құрайды, оларға ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялық агенттер жатады. Олар адамдардың немесе жануарлардың (өсімдіктер) ағзасына еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) тудыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру тудырушы микробтар мен вирустардың жеке түрлері.

Биологиялық қарудың әсер етуі, оның әр түрлі ауру тудыруына және бактерия токсиндеріне байланысты. Ол бүкіл халықты жаппай зиян тигізу үшін қолданылады. Ең алдымен жасырын кезеңі болады, оны тек лабораториялық зерттеулер арқылы ғана анықтайды. Және ол көп уақыт өткеннен кейін ғана әсер етеді. Олар ауа арқылы кең таралады, бірақ өте ұсақ болған соң анықтау қиын


БАКТЕРИЯ - кез келген ортада көбейе алатын микроорганизм. Кейбір түрлері
Қоршаған ортада дезинфекциялық заттарға төзімділік беретін қабат түзеді.
Оба, холера, бруцеллез, сіреспе тағы басқа ауруларды тудырады.

ВИРУС - қарапайым микроорганизмдер олардың бактериядан айырмашылығы тек тірі жасушаға еніп, өсіп көбейеді. Шешек, қызба ауруларын шақырады

РИКЕТСИЯ - көлемі, формасына қарай бактерияға ұқсас. Қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Күл, қызба ауруларын туғызады

Бөртпе сүзек

Ку-безгегі
Саңырауқұлақтар-дара
немесе көп клеткалы
өсімдіктен пайда болатын
микроорганизмдер, олар
бактериядан, мейлінше, күрделі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz