Маңдай бөлімі




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық
университеті

Тақырыбы: Ми қыртысының қимыл-
қозғалысты бақылайтын бөлімдері

Орындаған:Кемел А;Абдсеит Д;Абдугалиева Д.
Тексерген: Аманбай Б.
Жоспар
• 1. КІРІСПЕ
• 2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
• А. МАҢДАЙ БӨЛІМІ
• Ә. МАҢДАЙ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
• Б. МИШЫҚ
• В.СОПАҚША МИ
• Г. БАЛАЛАНЫҢ ІС-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІН ДАМУЫ
• 3. ҚОРЫТЫНДЫ
• 4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Қозғалтқыш қыртысы( Motor cortex)- бұл ерікті
қозғалыстарды жоспарлауға, басқаруға және орындауға
жауапты ми қыртысының аймағы.
Дәстүрлі түрде моторлы қыртысы - маңдай бөлігіндегі
орналасқан аймақ.
Маңдай бөлігі ми жарты шарының алдыңғы бетін алып жатады және қыртыстың
төбе бөлігінен (артында) роланд саласымен және самай бөлігінен (астында)
сильвий саласымен шектелген.
Маңдай бөлігі салалар мен қатпарлармен жабылған, олардың ішінде роланд
саласына параллельді жүретін прецентральды сала ажыратылады. Олардың
арасында алдыңғы орталық қатпар орналасқан. Маңдай аймағының алдыңғы
бөлімінде жоғарғы және төменгі маңдай салалары бөлінеді, олардың арасында
жоғарғы, ортаңғы және төменгі маңдай қатпарлары орналасқан. Құрылысы мен
қызметіне қарай төменгі маңдай қатпары бірыңғай емес және үш бөлікке
бөлінеді: жоғарғы (оперкулярлық), ортаңғы (триангулярлық) және төменгі
(орбитальдық). Ми қыртысының бұл аймағы ең үлкен маңызға адамдарда ие
болды, өйткені ол сөйлеу қызметімен тығыз байланысты. Маңдайлық конус ең
жас аймақ болып табылады.
Маңдай бөлімінің тағы бір
маңызды қызметі

Күрделі қимыл- қозғалысты
басқару

Ол оқу барысында қалыптасатын қимыл-қозғалысты –
жазуды, музыкалық аспаптарда ойнау, спортшылардың
қимыл-қозғалысы, велосипед тебу, автомобиль жүргізу
немесе басқа техниканы басқару, клавиатурада басу
сияқты
Маңдай бөлімі

Қимыл анализаторының қыртысты соңы –
алдыңғы орталық иірімі.
Бас пен көзді қарама – қарсы бетке бұру
орталығы – орталық маңдай иірімі.
Маңдай – көпір – мишықты жол – жоғарғы
маңдай иірімі.
Мотролы сөйлеу орталығы – төменгі маңдай
иірімі.
Жазу орталығы – орталық маңдай иірімінің
артқы бөлігі.
Маңдай бөлігінің қыртысы ең қалың (2,5-4,5 мм). Оның микроскопиялық
құрылысы бірыңғай емес, бұл әртүрлі қызмет атқаратын қыртыс аймақтарын
бөліп шығаруға мүмкіндік береді. Біріншілік моторлық алаңнан (4-ші алаң)
пирамидалық жол басталады, ол алдыңғы орталық қатпарда орналасқан. Бұл
алаңның алдында 6-шы алаң орналасқан (екіншілік моторлық алаң), ол бір
қалыптан екінші қалыпқа ауысуды қамтамасыз етеді. Осы екі алаң тығыз
байланыста жұмыс істейді. 4-ші және 6-шы алаңдардың төменгі бөліктері
бет, артикуляция, жұтқыншақ бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Ортаңғы
бөліктері қолдың қозғалысын, әсіресе саусақтардың майда моторикасын
қамтамасыз етеді. Жоғарғы бөлігі аяқтарды жүйкелендіреді. 4-ші алаң,
әсіресе оның төменгі бөлігінде, роланд саласына ығысқандығы, ал сыртқы
бетінде ол сөйлеу қызметіне қатысы бар төменгі маңдай қатпары аймағын
алып жатады (44-ші және 45-ші алаңдар). Артикуляциялық бұлшық еттерді
жүйкелендіретін бөліктердің жанында қолдың жалпы және майда
моторикасын қамтамасыз ететін қыртыс аймағы орналасқан. Сөйлеу және
еңбек – адам қызметінің негізі, өзара тығыз байланысты. Алдыңғы орталық
қатпардың аяқтарға импульс жіберетін жоғарғы бөліктері қыртыстың екі
жарты шарлар арасындағы ішкі бетіне өтеді. Ортаңғы маңдай қатпарында (4-
ші және 6-шы алаңның бет бұлшық еттерін нервтендіретін аймағына сәйкес)
8-ші алаң орналасады, ол бір жаққа қарай бұрылу кезінде бас пен көздің
бірлескен қозғалысын қамтамасыз етеді.
Мишық (сerebellum) - көпiр, сопақша ми, төртiншi қарынша үстiнде, төрт
төмпешiк артында орналасады. Ол тепе-теңдiк, бұлшық ет ширығуын
қолдау, қозғалыстарды үйлестiру, күрделі және өздігінен орындалатын
қозғалыстың жүзеге асуын бақылау орталықтары болып табылады. Мишық
бетiнде жүлгелер, қатпарлар саны көп қос сыңардан, ортасы тар бөлiктен
құралған, мидың басқа бөлiмдерiмен үш жұп аяқтарымен байланысады.
Сұр заты мишықтың қыртысын, ядроларын құрады, ақ заты оның түбiнде
жатады.
Мишыктьщ ең басты кызметінің бірі — қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті
сақтау. Мишыкқзакымданғанда адамның қимыл-қозғалысы бұзылады, ол
тепе-теңдікті сақтай алмайды, қисалаңдап жүреді.
Сопақша ми (лат. medulla oblongata; medulla — ми, oblongata — сопақша) —
мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның
алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады.

Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы
жағында — ақ зат, ішкі жағында — сұр зат орналасады. Ол ақ заттық аралықтар
арқылы көптеген сұр заттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сұр заттық
орталықтарына (ядроларына) бөлінеді.
Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын
нейроцитгер ядролары.
Сопақша ми қызметтері

Жүрек соғу
Тыныс алу
Тер бөлу
Сілекей бөлу
Жұту , сору
Көз жасын бөлу
Ас қорыту сөлдерін бөлу
Құсу
Кекіру
Күйіс қайтару
Тұшкіру
Жөтелу
Көз жыпылықтау орталықтары жатады.
Құрсақ ішіндегі баланының іс-
қимылынын дамуы
• Құрсақ ішіндегі дамудың бірінші жартысында ұрықтың жұлыны жетіледі.
Жүктіліктің 20-шы аптасындағы ұрықтың алғашқы рет қозғалуы
жұлынның өз қызметін атқаруға даярлығын көрсетеді. Бірте-бірте
ұрықтың қозғалыс белсенділігінің артуы жұлынның бүкіл ұзындығы
бойында толығымен қызметіке қосылғандығын білдіреді. Ұрықтың белгілі
қалыпта жатуын қамтамасыз ететін вестибулярлық аппарат, мидағы
онтогенездік тұрғыдағы ең ерте дамыған рецептор болып табылады.
Вестибулярлық аппарат жедел дамып, құрсақ ішіндегі дамудың 6-7-ші
айларында белгілі дәрежеде пісіп жетіледі.
Өмірдің алғашқы күндерінде балада сору рефлексі қалыптасады. Бала
ернінің кез-келген жерін тітіркендіру жауап реакциясын шақырады. Сору
рефлексінің жүзеге асуына ми бағанасында орналасқан бас-ми
жүйкелерінің (үштік, бет, вестибулярлық, тіл-жұтқыншақ, кезбе және тіл
асты) ядролары қатысады. Олардың бір қызметтік жүйеге бірігуін мидың
бағанасында орналасқан торлы құрылым іске асырады. Сору әрекетінде
де гетерохрондық орын алады, ол сору үшін тілдің алға-артқа қарапайым
қозғалуының, емшектің ұшын ұстау үшін еріндердің жұмылуының,
ұрттың үрленуінің, жұмсақ таңдайдың керілуінің, жұтудың және т.б.
қажет екендігімен білінеді.
Бала қозғалысының дамуы қара субстанцияның, қызыл ядролардың, төрт
қыраттың, паллидумның (қыртыс астының ескі ядросы) қосылуына
негізделген. Осылайша бүкіл экстрапирамидтік жүйе іске қосылып, сыртқы
ортаның тітіркеністерін қабылдауды, ақпаратты өңдеуді және жауап
реакциясын қамтамасыз ететін жаңа сигналдық жүйе қалыптасады.
Паллидумның қосылуы эмоционалдық жүйенің белсенділігінің артуымен
көрінеді: ересек адамның жағымды даусына немесе жымиюына бала
алдымен жымияды, сосын күледі. Қыртыс асты деңгейінде көру, есту, сезім
және қозғалу байланыстары қалыптасады.
Төрт ай мерзімінде, баланың белсенділігі артқан кезде (бір жағынан екінші жағына
аунайды, аяқ-қолын қимылдатады, алдында ілулі тұрған ойыншықтарға қызыға
қарайды, қолын тигізеді, қызық көреді) қозғалыс есту мен көрудің бақылауымен,
олардың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін мишықтың құрылымының қатысуымен
іске асырылады. Батапқыда қимылдар дәл болмайды да, кейін үйлеседі (бала
ойыншықты ұстап алады). Жаңа сигналдық жүйе (мишық, қол, көз) қалыптасады,
оның арқасында қозғалыстың өлшеулілігі және үйлесімділігі, қашықтықтағы әрекеті
дамиды, осының бәрі баланың әрі қарайғы қызметтері үшін өте маңызды. Бұл
кезеңде кешенді тітіркендіргіштің сенсорлық құрамдас бөлігін қабылдау түрлі
анализаторларға бірдей әсер етіп, олардың арасындағы байланыстарды
қалыптастырады.
Ми қыртысы, паллиум – адам
мен сүтқоректі жануарлардың
үлкен ми сыңарларының
сыртын жауып
тұратын, нейронныңсұр
затынан түзілген қабат.
Сұр заттың қалыңдығы 1 – 5
мм-дей. Мидың бұл
бөлігі эволюциялық даму
барысының соңғы кезеңінде
пайда болып, жоғары
дәрежелі жүйке жүйесі
қызметін жүзеге асыруда өте
маңызды рөл атқарады
Үлкен ми сыңарының қыртысы

Үлкен ми сыңары– сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық
бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың
астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті
тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын
жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми
сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші ми
сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ
қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді,
жүйке жасушаларын қорғайды.

Ол қамтамасыз етеді:

Ағзаның сыртқы ортамен әрекеттесуін;
жоғары жүйке қызметін жүзеге асыру;
Ішкі ағзалар жұмысының регуляциясын;
Ағза өзгерген жағдайда адаптацияны;
Ми қыртысы 6 қабаттан
тұрады

1. молекулалық қабат
2.сыртқы түйіршікті қабат
3.сыртқы пирамидалық қабат
4.ішкі түйіршікті қабат
5.ішкі пирамидалық қабат
6.көп құрылысты қабат
Ми қыртысының анатомиясы және гистологиялық
құрылысы

Әрбір ми жарты шарларында 3 полюсі болады: маңдай, самай,
шүйде. Макроскопиялық әрбір үлкен ми жарты шарларында маңдай,
төбе, самай, шүйде және аралшық деп аталатын бөлімдері болады.
Бұл 5 бөлімді латеральді, орталық, төбе-шүйделік, белдеу және
терең жүлгелер бір-бірінен бөліп тұрады. Үлкен ми жарты
шарларының бетінде жүлгелер болады, бұл жүлгелер ми
қыртысының беткейін иірімдер мен бөліктерге бөледі. Жүлгелердің 3
түрі бар: біріншілік жүлгелер, бұлар тұрақты, терең, эмбриональды
даму кезінде ерте пайда болған; екіншілік жүлгелер, тұрақты бірақ
кейіннен пайда болған; үшіншілік жүлгелер тұрақсыз болады.
• Ми қыртысының қызметі
• Проекциялық алаңдар
• Қоршаған ортамен өткізгіш жолдар
арқылы байланысады.
Ассоцтативтік алаңдар
• Сыртқы ортамен тікелей
байланыспайды,бірақ проекциялық
алаңдармен және қыртыс асты
орталықтармен байланысы көп
• Қозғалыс зонасының функциясы

• Жартышарлардың медиалды
бөлігінің беткейінде
прецентральды,парацентральды
иірімдерінде қозғалыс зонасы
орналасқан.
Біріншілікті Екіншілікті моторлы
моторлық қыртыс: қыртыстың функциясы:

Аяқ-қол,дене, бет Күрделі координациялық
бұлшықеттерінің қимылдарды қамтамасыз етеді;
жиырылуын
шақырады. Сөйлеу және айту қабілетін
қамтамасыз етеді;

Ритмді шайнау қозғалыстарын
қамтамасыз етеді.
• Ми қыртысның архитектоникасы
• Ми жақсы дамыған. Адамның ми қыртысының 96%-ы осы жаңа
ми қыртысынан түзіледі. Оның үлесіне: маңдай қыртысы
эволюциялық дамуына байланысты: жаңа (neocortex), көне
(paleocortex), ескі (archicortex) ми қыртыстары деп бөлінеді.
Адамдарда жаңа ми қыртысына, төбе, самай, шүйде, аралшық
және лимбиялық аймақтар кіреді. Көне ми қыртысына: иіс сезу
төмпесі, диагональді және периамигдалярлы аймақтар жатады.
Ескі ми қыртысына: тісті фасция, аммон мүйізі кіреді. Ескі ми
қыртысы көне ми қыртысына қарағанда, қыртысасты
құрылымдардан айқын шектелген. Ми қыртысының құрылысы
мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде
әр түрлі болады. Яғни осыны ми қыртысының
цитоархитектоникасы деп атайды. Ми қыртысының қалыңдығы
3-5 мм-дей. Ми қыртысы шамамен 14 миллиард нейрондардан
тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған басқа нейрондармен
синапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні әр түрлі:
пирамида, жұлдызша, ұршық тағы басқа тәрізді болады.
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС АДАМ ӨМІРІНІҢ БІР БӨЛШЕГІ. ҚАРАПАЙЫМ
КӨЗІМІЗДІ ЖЫПЫЛЫҚТАТУ, АСТЫ ШАЙНАУ ЖӘНЕ ЖАЗУДЫ,
МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДА ОЙНАУ, КЛАВИАТУРАДА БАСУ
СИЯҚТЫ ҚОЗҒАЛЫСТАР АДАМ ТІРШІЛІГІНДЕ КҮНДЕ БОЛАДЫ.
ОЛАР МИДЫҢ ҮЛКЕН МИ СЫҢАРЛАРЫНЫН МАҢДАЙ БӨЛІГІ
ЖӘНЕ МИШЫҚ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Адам физиологиясы. С. Төлеуханов, Н.
Торманов. С- 345
• Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Сүйекті балықтардың қаңқасы
Жоғары ми функциясының зақымдалуы симптомдары
Жүйке жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Базальды ядро
Насекомның денесі
Мұрын аумағына операция жасау
ЖҮЙКЕ ҰЛПАСЫ
Тірек – қимыл жүйесі
Қандай рефлекс
Пәндер