Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым




Презентация қосу
9-тақырып: Уақыт және кеңістік
Негізгі сұрақтар:
1. Майтанов Б. Қазақ романы және
психологиялық талдау. А., 1996. талдау
Қазақ әдебиетінің әралуан мәселелерін теориялық, сыни, поэтикалық,
танымдық жағынан зерттеп, сүбелі еңбектер жазған филология
ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Майтановтың әдебиеттану
ғылымында алатын өзіндік орны бар. Ол – ұлттық әдебиеттануда көркем
шығарманы поэтикалық тұрғыдан зерттеудің әдістанымдық үлгісін көрсетіп
кеткен бірден-бір ғалым десек қателеспейміз. «Қазақ прозасындағы
замандас бейнесі» (1982), «Көркемдік нәрі» (1983), «Қаһарманның
рухани әлемі» (1987), «Суреттеу және мінездеу» (1991), «Мұхтар Әуезов
– суреткер» (1996), «Қазақ романы және психологиялық талдау» (1996),
«Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы» (2001), «Романның баяндау
жүйесіндегі автор» (2003), «Көркем әдебиеттегі психологизм» (2004),
«Абай: Портрет поэтикасы» (2006), «Монолог құрылымы» (2006),
«Әуезов және қазіргі қазақ романындағы эпикалық баяндау үрдістері»
(2009), «Пейзаждың көркемдік семантикасы» (2010) сияқты зерттеу
еңбектерінің басты нысаны – көркем шығарма құндылығын арттырып тұрған
жазушы шеберлігінің қыры мен сырын ашу болғандығын көреміз. Кейіпкер
болмысын танытудағы психологизмнің қызметі, көркем шығармадағы баян­
даудың жолдары, суреттеудің жүйесі, көркем мәтіннің семантикалық, стилис­
тикалық құрылымы жайындағы ізденістері ғалым зерттеулерінің теория­лық
тереңдігі мен жан-жақтылығын байқатады.
Ғалымдық қарымы кең Б.Майтанов суреткер талантын шығарманың
мазмұндық-композициялық құрылымынан, мәтіндік жүйесінен, семантикалық,
стилистикалық құрылымынан тануды ұстанады. Көркем шығармадағы
суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым: «Басты идеялық-эстетикалық
факторға саналатын сурет­кер тұлғасы – жанр, сюжет, стиль принциптерінен
туған бейнелеу бірліктері: портрет, пейзаж, диалог, монолог, автор төл сөздері
арасындағы қарым-қатынасты реттеп, саралап отыруға тиіс негізгі
ұйымдастырушы күш», (1, 4-бет) – деп көркем шығарманың табиғатын тану
үшін оны поэтика мен стильдік шеберлік аспектілерінде қарастыруды дұрыс
бағдар деп санайды. Көркем шығармаға эстетикалық әсер дарытып тұрған
қаламгердің қолданған типологиялық және дара поэтикалық құралдар жүйесін
анықтау, талдап саралау ғана суреткер қолтаңбасын айқындауға, дәлірек пікір
түюге мүмкіндік тудыратынын дөп айтады.
Әдебиетіміздің ірі суреткерлері С.Сей­­фуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов,
Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, З.Шаш­киндердің романдарының көркемдік
жүйесін Б.Майтанов «Көркемдік нәрі» атты зерттеуінде сөз етеді. Заманы
ортақ бұл қаламгерлердің шығармаларына тән көркемдік әдіс, сипат-
белгілермен қатар, дара поэтикалық құралдарын да саралап бағалайды.
С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуіндегі»
қаһарманның лирико-романтикалық күй кешуін, яғни, ақын­
дықтың табиғатына сай өршіл­дігін, жан тазалығын ішкі сөз
ағы­мы арқылы берсе, С. Мұқанов «Бота­­гөзінде» диалогқа
интонация, синтаксистік дәлдік, психологиялық репликалар
нанымдығын сыйдырған, З. Шашкиннің аналитикалық
сұхбат формаларын таба білген ерекшелігін көрсетеді. З.
Шашкиннің «Тоқаш Бокин» романында диалогизмнің
айрықша орын алуын, ішкі монологтың драмалық сипатта
берілуін суреткер даралығы ретінде көрсетеді. Х.
Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясында сан алуан
мазмұндағы диалог, полилогтардың баяндау жүйесінде
сюжеттік қызмет атқарып тұрғандығын, сондай-ақ, кәсіби-
тұрмыстық детальдардың молырақ көрініс алуын дәлелді
мысалдармен талдап, тұжырымды пікірлер айтуынан
суреткердің шығармашылық шеберханасына еніп, ондағы
Шығармадағы образдар жүйесін жасау, характерді сомдау,
мінезді таныту, портретті сипаттау, диалог пен монологты
қолдану, пейзаждық суреттеулер, психологизмді бере білу
сияқты жазушы шеберлігіне жеке дара тоқталып, тарқата сөз
етіп отырғанымен, осылардың бәрінің үйлесімділік пен
тұтастықта қолданылуын шығарманың поэтикалық даралығы
деп таниды.
Әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов өз ұстанымына сай көркем
шығарманы зерттеуде әртүрлі талдауларға сүйенеді. Соның
ішінде, психологиялық талдау тәсіліне көп зерттеулерінде аса
ден қояды. «Қазақ романы және психологиялық талдау»,
«Көркем әдебиеттегі психологизм», «Мұхтар Әуезов –
суреткер» сияқты еңбектерінде психологизм мәсе­лесіне
теориялық және практикалық тұрғыдан түсінік беріліп, талдау
жасалады. Кейіпкер характерін, жан дүниесін, көңіл-күйін,
дүниетанымы мен наным-сенімін берудегі психологиялық
суреттеулердің атқаратын қызметін, оны берудегі суреткердің
амал-әдістерін жан-жақты қарастырады.
Бүгінгі әдебиетте психологизмді «көркемдік әлемнің жұлын-жүйкесі»,
«көркемдік шындық принципінің айрылмас сыңары» деп ғылыми образға
айналдыра сипаттап, қоғам өмірінің шындығын, өсу динамикасын суреттеуде
танымдық-эстетикалық міндет атқарып келе жатқандығын айтады. Ғалым
аңғарған психологизм көрінісі сан алуан. Ол бірде ішкі монолог, бірде,
психологиялық параллелизм, енді бірде психологиялық реплика түрлерінде
көрініс тапса, кейде басқа да тәсілдермен жүзеге асып жататындығын мәтіндік
мысалдармен дәлелдеп отырады. Мәселен, көрнекті қаламгерлеріміз –
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Ш.Құдайбердиевтің «Әділ-Мәрия», Ж.
Аймауытовтың «Ақбілек», М.Әуезовтің «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтің
«Оянған өлке» сынды романдарындағы психо­логиялық талдауларды
жазушының көркемдік шеберлігінің көрсеткіші деп таниды. Көркем шығармадағы
кейіпкер характерінің шынайылығы психологиялық суреттеу тәсілдеріне тікелей
байланысты екендігін теоретик ғалым мынадай тұжырымды анықтамаларымен
жеткізеді: «Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-
тәсілдерінің жиын­тығы немесе идеялық-эстети­калық, шығармашылық
феномен – психологизм» (2, 3-бет) немесе «...психологизм – көркемдік
бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі әрі стиль
Әдебиеттану ғылымының теориялық негіздеріне қанық
Б.Майтановтың көркем шығарманы әдеби заңдылықтарға
сай зерттеуге машықтанғаны «Мағжан Жұмабаев
поэтикасы» еңбегінде де байқалады. Мағжанның дара
қолтаңбасына тән қасиеттердің нәрлі жиынтығы оның
шығармаларындағы романтикалық, реалистік,
символдық, психологиялық суреттеулермен тікелей
тамырластықта екендігін осы зерттеуінде дәлелді
көрсетеді. Өмір шындығын танытудағы Мағжан
қолданған көркемдік тәсілдердің бірі – психологизм
дәстүрі болғандығын «Шолпанның күнәсінен» толық
көретін­дігімізді, онда сентименталистік сарын
натуралистік дәлдікпен, реалистік шеберлікпен көрініс
алғандығын айтады.
М. Жұмабаев шығармаларын көр­­кем­дік тұтастықта, мазмұндық және пішіндік
бірлікте қарастырып, оның поэтикалық табиғатын таны­туды мақсат еткен бұл
зерттеуде Б.Май­танов модернист ақынның лирикасы мен поэмаларына да барлау
жасап, көркемдік әлеміне көз тастайды. Көр­кем образдылық, сезімге бөленген ой,
бірде шалқып, бірде мұңайған кө­ңіл әуенінің сұлу сөз өрнегіне түсуі, ас­тарлы ой
түйдектерімен берілуі ақын өлеңдерінің поэтикалық қуатын арттырып тұрғаны
ақиқат. Ақын поэзиясының көркемдік концептілерін, құндылықтары мен даралығын
анықтауда өлең құрылымына да талдау жасайды. Қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін,
өзіне дейінгі дәстүрлі өлең өлшемі мен түрлерін мол пайдаланғандығын тілге тиек
ете келе, ақын өлеңдері ажарлау, құбылту, айшықтау тәсілдерінің соны
қолданыстарына толы екендігін айтады. Ұйқас кестелері күрделі, тосын, өзгеше
көркем, ырғақ түзу, тармақ, бунақ, буын, дауыс құйылыстарын құбылту орайында
ақынның қазақ өлеңіне енгізген жаңалықтары мол дейді.
«Ұлттық және шығыстық сарын» тақырыпшасында Мағжан өлеңдерінде ұлттық
көркемдік дәстүрмен қатар, түркі жұртына тән көне наным-түсініктерді қайта тірілту
талабына назар аударып: «М. Жұмабаев мұсылман дінін қабылдағанға дейінгі
қазақ елінің ескі салт-жырларын, жауынгерлік дәс­түрін ту ғып көтеріп,
лирикалық қаһарманды бүкіл шығыс ұғымының баламасына айналдыру
арқылы жинақ­таушы-символикалық бейне сомдаған» (4, 11-бет), – деп
түйіндейді. Ақын поэзиясына осылай эстетикалық тұрғыдан талдау жасай келе,
Мағжанды өнердегі құбылыс, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көш басында
тұрған ұлы тұлға деп таниды.
Бақытжан Майтанов көркем шығарма поэтикасын зерделеуге
арналған зерттеу­лерінде өмір шындығының көркем шығармада
идеялық-көркемдік бірлікке айналу процесін тұтастай қамтып,
ондағы суреткердің дара шеберлігінің қыр-сырын ашуға тырысты. Б.
Майтанов суреткер еңбегін талдап, интерпретациялауда, бағалауда
әрбір жайға объективтілікпен қарап, толымды әрі тұжырымды пікір
түйіп, субъективті ойын дәл таныта алатын зерделі ғалым ретінде
танылғандығын атап айтуымыз керек.

Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі
Махмұн пішіннің іщкі қасиеті
Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті
Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ МҰРАЖАЙЫ
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
СЮЖЕТТІК ЭЛЕМЕНТТЕР
М.әуезовтің “қилы заман”повесінің тарихи және көркемдік негіздері
Жүсіпбек Аймауытов Ақбілек романы (қайталау)
Әдебиет - өнер, көп өнердің ішінде сөз өнері
Пәндер