Иіс сезу анализаторы
Презентация қосу
Иіс сезу анализаторы
Орындаған: Жәку А.Қ.
Тексерген: Каирова А. Т.
Тобы: ХБ-207
Иіс сезу анализаторы иіс сезу
рецепторларының
жиынтығынан, иіс сезу
жүйкесінен және иіс сезу
орталығынан құралады.
Тағамның сапасын айыру,
ауадағы зиянды газдардан
сақтану үшін иіс сезудің
маңызы зор.
Иіс сезу — заттың иісін
қабылдау. Иісті
қабылдайтын иіс сезу
жасушалары мен
рецепторлар мұрын
қуысының сілемейлі
қабықшасының
жоғарғы жағында
орналасады. Бұл
бөлікте иіс, сезім
қабылдайтын жүйке
элементтері бар.
Жалпы иіс жасушасының
пішіні ұршық секілді
болып келеді. Рецептор
жасушалары шеткі қысқа
өсінділер (15-20 мкм) мен
ұзын орталық өсінділерден
тұрады. Жасушаның денесі
сілемейлі қабықшаға
тереңірек еніп жатады. Иіс
сезу жасушаларының шеткі
өсінділерінің ұшы кеңейіп,
жуандап, онда 10-12 үшкір
түктер орналасады. Бұл
түктер иісті заттардың
молекулаларымен өзара
әрекеттеседі.
Иісті заттардың молекулалары
мұрын қуысының сілемейлі
қабығының беткі жағында
болады. Бұл молекулалар
мұрынның сілемейлі
қабығындағы бездерден
бөлінетін сұйықтықта ериді.
Еріген заттар иіс сезу түктері мен
оның жуан ұшын тітіркендіреді.
Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми
қыртысының маңдай бөлігінде
болатын иіс сезу орталығына
өтеді. Осы орталықта заттың
иісін сезу талданады. Иіс сезу
мүшесінің рецепторлары тек газ
тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.
Аралық ми құрамына
көру төмпешігі -
таламус, төмпек асты
аймақ - гипоталамус
және төмпек қосалқысы
- эпиталамус енеді.
Эпиталамуста иіс сезу
орталығы мен ішкі
секрециялық без -
эпифиз орналасады.
Иістің негізгі 5 түрі бар: жұпар, күйік, шірік,
эфир және басқа ерекше иістер тобы.
Балалардың иіс сезу талдағышы
туғаннан кейінгі алғашқы күндерде-ақ
қызмет етеді. Олар хош иісті иістерге бет
әлпетімен не түшкіріп жауап береді.
Кейде жағымсыз иістерге қол-аяғының
қорғаныс қимылымен, бетін бұрып,
көзін ашып-жұмып, не дауыстап әрекет
жасайды. Жағымсыз иістер нәрестеге
күшті әсер етеді, оның тынысы өзгеріп,
жүрегінің соғуы жылдамдайды, маңдай
еңбегінің пульсі қатты-қатты соғады.
Мезгілінен ерте туған балаларда
уақытымен туған балалардан қарағанда
иіс сезімі болғанымен нашар дамиды.
Нәрестенің иіс сезу қабілеті өте
тұрақсыз, тез өзгеріп, кейде
сезімталдығы төмендеп, кейде мүлде
жойылып кетеді. Баланың 5-6 жасында
иіс сезуі толығымен қалыптасады.
Иіске деген шартты рефлекстер
нәрестенің 2 айлық өмірінде пайда
болады, бірақ оның қарқыны баяу
және әлсіз, оңай жойылады. Өсе келе,
шамамен 3 айлық бала бірнеше
иістерді қателеспей ажыратады. Ал 4
айлығында өте нәзік иістерді де сезе
алады. 4-5 жастағы балада ажырату
шартты рефлекстерінің дәрежесі 31%,
ал 5-6 жасында 100%,яғни ересек
адамдардың иіс сезу дәрежесіне
жетеді. Жыныстық жетілу кезеңінде
жеткіншектерге түрлі иістер күшті
әсер етеді. Жағымды иістер - оқу және
еңбек қабілетін арттырса, жағымсыз
иістер - төмендетеді.
Фронтит (лат. frons, frontіs — маңдай және іtіs — қабыну) — маңдай
қуысының қабынуы. Аурумұрын қуысындағы патогенді
микроорганизмдердің маңдай қуысына енуі салдарынан пайда
басталады. Фронтит ринит, тұмау т. б. жұқпалы аурулардың салдарынан
дамиды. Бұл кезде бастың маңдай тұсы қатты ауырып, адам еңкейгенде ауру
сезімі үдей түседі. Мұрын бітеліп, мұрыннан іріңді сұйықтық ағады. Кейде
ауру көзге беріліп, көзден жас ағады, адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды,
қабағы ісініп, ыстығы көтеріледі. Дерт асқынып кетсе, созылмалы түріне
ауысады. Бұл жағдайда науқастың маңдайы ауырып, саусақпен басқанда
ауырсынады. Ауру көздің медиалды ұшына беріліп, адам жарыққа қарай
алмайды, көзден жас тоқтамайды. Бұ қызуы алғашқыда 38 — 39°С-қа
көтеріліп, содан дауылдан кейін біртіндеп түседі. Риноскоптық тексеруден
өткізгенде мұрынның ішкі, ортаңғы бөлігінің ісінуі, іріңді жолақтар,
полиптер жәрмеңке болып көрінеді. Фронтитті негізінен консервативті
жолмен емдейді: аналгетиктер беріліп, мұрынға нафтизин,галазолин,
назифин, назол, т. б. тамшыларын құяды, физиотерапия
тағайындалады. Фронтиттің созылмалы түрі асқынып кетсе, антибиотиктер
беріледі, егер мұрын қуысының ішінде полиптер қайта-қайта пайда бола
берсе, хирургиялық операция жасап, оларды алып тастайды.
Назарларыңызға көп рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz