Тәңір сөзі




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
C
Орындаған :
Тобы :
Қабылдаған:
Тәңіршілдік
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Тәңіршілдік.
III. "Тәңір" сөзі.
IV. Сенім жүйесі.
V. Л. Гумилевтің пікірі бойынша «тәңіршілдік»
VI. Қорытынды.
Кіріспе.
Тәңіршілдік – бұл жоғарғы құдайи тіршілік иесі ретінде Аспанға деген
пантеистік, политеистік наным-сенімге негізделген неокөпқұдайшылық
культ. Культтің «тәңір» деген атауы қытайлық «тянь-ди» сөзінен шыққан,
«Аспан иесі» немесе «Құдай» дегенді білдіреді. Қытай тілінде «тянь» (аспан
немесе аспандар) сөзі 天 таңбасымен көрсетіледі – қазақ
транскрипциясында «тянь» деп дыбысталады.
Тәңіршілдік наным-сенімі тек түркі халықтардың, соның ішінде қазақ
халқының төл діні емес. Бұл – ежелгі барлық қауымдардың ортақ нанымы.
Мұндай сенімдер барлық құрлықтарда, әсіресе, Солтүстік және Оңтүстік
Америка, Африка, Солтүстік Азия және Аустралиядағы бейсауат
қауымдарда көне замандардан белгілі болған.
Тәңіршілдік (немесе Тенгризм, Тенгрианизм) — дәстүрлі түркілік дүниетаным
бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік, метафизикалық сенім үлгісі болып,
оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер,
және кейбір осы замандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік
сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың,
маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең
ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты,
Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы,
Шығыс Түркия (Хазария) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ ғ
түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі - Түрік Тәңірісі"
(Түріктердің Құдайы) ретінде аталған.Көптеген ғалымдардың пікірінше,
империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ - ХІІІ ғасырларда монотеизмдік
сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі Тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік
деп санайды.
Тәңіршілдік символы
Тәңіршілдік кресті
Орхон-Енисей ескерткіштерінің Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тас есекерткіштерінде
"Тәңірідей Тәңіріден жаралған" деп басталады, әрі "Төбеңнен Тәңірі баспаса , астыңнан
қара жер айырылмаса, түркі халқы төріңе кім шыға алады , тәбәрігіңді кім жырта алады"
деген сөздер бар.
Әртүрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке хан: "…Біз тек Бір Тәңіріні медет
етеміз" деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Джованни
Плано Карпини, Вильгельм Рубрук жазып қалдырған. «Тәңір» ұғымы Шумер сына
жазуларында, сондай-ақ ғұндар мәдениетінде “Зингир” (қазақта “зеңгір” сөзі бар) түрінде
кездеседі.
Кеңес одағы ыдыраған 1990 жылдардан бастап Тәңіршілдік Орталық Азиядағы (Қазақстан,
Қырғызстан, Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан) түркі тілді халықтардың интеллектуалды
зиялыларының ұстанымы болуда. Ол сондай-ақ Бурятияда, Сахада (Якутияда), Хакасияда,
Тывада және басқа да Сібірдегі түркі халықтарында біртіндеп дами бастады. Алтайлық
Бурханизм және Чуваштардың Ваттисен йăли қатарлылардың кей элементтері тенгризмге
ұқсайды. Моңғолияны кейде оның тұрғындары "Мәңгілік көк Таңрінің елі" (Munkh Khukh
Tengriin Oron) деп атайды.
Аббас халифатының елшісі Ибн Фадлан Хғ басында оғыздарға
жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде 'Бір
Тәңірі' деп, басын көкке қаратып мінажат ететінін" айтқан.
"Тәңір" сөзі
Ежелгі және қазіргі түріктер арасында Тәңір (көне түркіше: Täŋri) ұғымының
түрлі формалары бар: Тәңірі, Тангара, Тангрі, Танри, Тангре, Тегри, Тингир,
Тенкри, Тери, Тер, Туре.Тәңір сөзі көне түркі тілінен шыққан: Тенк ("таң сәрі")
немесе Тан ("таң").Сонымен қатар, Стефан Георгтің болжауынша, түрікше
"Тәңірі" сөзі түптеп келгенде Прото-Енисейдің *tɨŋgVr - "жоғары құдірет"
сөзінен келіп шыққан.

Орхон жазуымен жазылған «тәңір» сөзі
Л.Н. Гумилев Ресей импералисі сонымен қатар этнолог пен географ болғаны мәлім.
Л. Гумилевтің пікірі бойынша «тәңіршілдік» діни ілім ретінде көшпенділердің «Мәңгі Көк
Аспан» – Тәңір деген жоғарғы құдайға табынуына негізделеді, бұл табынуда түркі тамыры бар-
мыс. Біздің ойымызша, «тәңір» атауы қытайдың «тянь ди» сөзінен шыққан, бұл «аспан иесі»
деген мағынаны білдіреді, бұл шығу тегі қытай болғанына сілтейді. Сонымен бірге түркі тілінде
«аспан» «көк» (кёок) деп айтылады, «тәңір» сөзінің пайда болуы түркітілдес көшпенділердің
қытай өркениетімен тығыз байланыста болуымен түсіндіріледі. Түркілер этнотілдік қауымдастық
ретінде біздің дәуіріміздің 1-мыңжылдығында қалыптасқанын және олардың алғашқы саяси
бірлестіктері (көшпенділердің протомемлекеттері) б. з. VI ғасырында пайда болғанын ескерсек,
онда бұған дейін қалыптасқан туыс-тайпалық, негізінде тотемдік (анимизм элементтерімен)
наным-сенімдер мемлекеттік құрылысының қажеттіліктерін қанағаттандырмағандығы түсінікті.
Сондықтан тарихшылар көшпенділерде жүйелі наным-сенімі немесе институционалдық түрдегі
діні бар деп елестетуі керек еді.
Осы уақытқа дейін көрші Қытай (Аспан мен Жер арасындағы «Чжунгуо» Орта мемлекеттің
тұжырымдамасы бар империя) жеке өркениет болды.
Сенім жүйесі
Тәңіршілдік сенімі бойынша, Тәңірі – барша болмыстың арғы құдіретті киесі, әрі
негізі. Қазақта "иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар" деген терең мағыналы сөз
бар. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттары биіктікті, тұтастықты
білдіреді. Тәңір өзін медет етушілердің соғыста жеңуіне де, өмірде өзіне тән өмір
жолын тауып, мағыналы, мәнді, табысты, салиқалы, салуалы ғұмыр кешуіне де,
биік орын мен мансапқа көтерілуіне де, сондай-ақ халықтардың өркендеп, өсуіне
де жол ашады. Ғалам - Тәңірінің кітабы; Тәңіріні түсіну - сол ғаламды тану мен
түсіну арқылы іске асады; Тәңірі сүйген кісі болу - сол ғаламда биік мақсаттарға
талпына алу арқылы іске асады. Тәңірі ешкімді алаламайды, тек ол берген ерік-
жігер мен зердені дұрыс қолдана алу-алмау адамдардың әртүрлі деңгейде болуын
белгілейді. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске ұшырау -
халықтың рухани азғындап, өз тамырынан азып, қабілетсіз жалқау, надан және
арсыз болғаны үшін Тәңірі оларға жіберген жазасы болып саналады.
Бұрхан Қалдун тауы, Шыңғыс хан осында ылғи тауап етіп тұрған
Қорытынды:
Тәңіршілдікті тарихымыз ретінде танып-білу үшін зерттеп-зерделеу айып емес те шығар. Бірақ, меніңше,
уақытында өз міндетін өтеген, ал қазір елшісі емескі, еншісі көмескі, шариғаты хатталмаған, қағидат-
қирағаты сақталмаған, кітабы жоқ, күмәнді тұсы көп, күні өткен наным-сенімді дін ретінде жаңғыртуға
тырысу, қарадүрсін мысалмен айтқанда, әпенде әрекет, тыраш тірлік қой!
Тәңіршілдік (тенгрианство) түсінігі бізге XIX ғасырда келіп, қозғала бастаған белгілі болды.
Қалай болса да, тарихи жеңіліске ойсыратыла ұшырап, келмеске кеткен көшпенділердің әлжуаз
дүниетанымына сүйену – шүбәсіз күйреу жолы. Тәңіршілдердің арманы – қазақтардың көшпенді дәстүріне
«табиғи, экологиялы, табиғат қорғаушы» өмір салтына қайта душар қылу. Ол тек мықты индустриалды
елдерге ғана тиімді болып табылады. Өйткені оларға қойшыларды басып алу, басқару оңай болмақ.
Егер Тәңіршілдікті дін деуге келетін болса, оның қалыпты дін атаулыға тән пайғамбары немесе негізін
салушы адамы, кітабы немесе қасиетті мәтіні болуы тиіс, әрине ондайы жоқ. Сондықтан да оның нақты
имани білімі мен жүйеленген шариғи заңдары да болған жоқ. Тек Тәңірлік сенімнің сарқыншақтары ретінде
қалған ырымдар мен ғұрыптар ғана сақталып, оған да шамандық ырым-тыйымдар, мен әдет-ғұрыптар
мидай араласып кеткен. «Тәңірі сенімі», «Көк тәңірі» немесе «Тәңірлік дүниетаным» бұл – бар,
қалыптасқан мәдени құндылық. Біз бұны жоққа шығара алмаймыз және мәдени құндылық ретінде
құрметпен қарауымыз керек.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Тәңіршілдік мәдениеті
Ежелгі түркілердің көне діні
Түркі тайпаларының дүниетанымы мен наным - сенімдері
Көк бөрі
Аллаға шүкір
Дін-рухтық тәрбие
Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем - алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы
Жолының рөлі
Орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі діни идеология
Шаманизм - өмір басталуының тереңінен шыққан тарихи қалыптасқан көне мәдениет
Пәндер