Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері


Slide 1

Тірі ағзалардың негізгі

қасиеттері

Дайындаған:Қасым Айбол

Қабылдаған:Баширова Жадыра

Slide 2

Жоспары:

1. Тірі табиғат дүниесі

2. Тірі ағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

3. Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері

Slide 3

Тірі табиғат дүниесі дегеніміз - биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. .

Slide 4 Slide 5

Тірі ағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Ағзалар табиғаттың аса маңызды бөлігі. Олар бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етеді. Басқа ағзалар тіршілігінде өсімдіктер зор рөл атқарады. Өсімдіктер болмаса жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды. Барлық тірі ағзалар ауадағы оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жасыл өсімдіктер қоректенгенде ауаға үнемі оттегін бөліп шығарады, көмірқышқыл газын сіңіреді. Сол оттегімен өсімдіктердің өздері де, басқа ағзалар да тыныс алады. Жануарлардың көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенеді. Өсімдіктер топырақты қарашірікпен байытып, құрылымын жақсартады. Ауаны шаң мен улы газдан тазартады. Ауру тудыратын майда ағзаларды жояды. Аптап ыстықты, қақаған аязды бәсеңдетеді. Осының бәрі бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін аса маңызды жағдайлар.

Slide 6

Көбелектер, аралар, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырады. Шұбалшаңдар топырақтың құрылымын жақсартады. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жануарлар өсімдік тұқымдары мен жемістерін таратады.

Микроағзалар өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлексесін шірітіп, топырақты қарашірікпен байытады. Адам өміріне қажетті киімді, тағамды, дәріні, құрылыс материалдарының көпшілігін өсімдіктер мен жануарлардан алады.

Slide 7

Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері

Жасушалардың әрқайсысы органоидтардан құралатын күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз қызмет атқарады. Тек бір ғана органоид қызметінің өзгеруінен жасуша ішіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіпті жасуша тіршілігін жояды. Жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұратын көпжасушалы ағзаның да жоғары деңгейлі жаралымы болады. Ағзаның барлық мүшелерінің құрылысы күрделі және өздеріне тән қызметті өзге мүшелерге мүлтіксіз үйлесімдікте орындайды.

Slide 8

Бір мүше қызметіндегі өзгеріс біртұтас мүшелер жүйесінің бұзылуына әкеледі, тіпті ағзаның тіршілігі жойылады.

Тіршілік иелерінің химиялық құрылымының бірлігі. Тірі ағзалар органикалық және бейорганикалық заттардан түзілген. Жасуша ағзалық заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин қышқылдарынан, АТФ және өзге заттардан құралады. Жасушаның бейағзалық заттары - су және минералды тұздар. Органиқалық зат молекулалары жасушаның органоидтарын түзеді. Еріген заттары бар су жасушаның ішкі ортасын құрайды.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Тіршіліктің өлі табиғаттан айырмашылығы - материяның сапалы өмір сүру формасы, яғни биологиялық форма болуында. Барлық тірі ағзаларға тән белгілі қасиеттер бар, олар да тірі жүйелер өлшемі деп аталады.

Жасушалардың әрқайсысы органоидтардан құралатын күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз қызмет атқарады. Тек бір ғана органоид қызметінің өзгеруінен жасуша ішіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіпті жасуша тіршілігін жояды. Жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұратын көпжасушалы ағзаның да жоғары деңгейлі жаралымы болады.

Slide 12

Ағзаның барлық мүшелерінің құрылысы күрделі және өздеріне тән қызметті өзге мүшелерге мүлтіксіз үйлесімдікте орындайды. Бір мүше қызметіндегі өзгеріс біртұтас мүшелер жүйесінің бұзылуына әкеледі, тіпті ағзаның тіршілігі жойылады. Тіршілік иелерінің химиялық құрылымының бірлігі. Тірі ағзалар органикалық және бейорганиқалық заттардан түзілген. Жасуша ағзалық заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин қышқылдарынан, АТФ және өзге заттардан құралады. Жасушаның бейағзалық заттары - су және минералды тұздар. Органиқалық зат молекулалары жасушаның органоидтарын түзеді. Еріген заттары бар су жасушаның ішкі ортасын құрайды

Slide 13

Зат және энергия алмасу - бұл тіршілікті қолдау негізіне жататын барлық тірілік атаулының жалпы қасиеті. Тірі ағзалар қоршаған ортадан белгілі заттарды сіңіре алады. Оларды басқа түрге айналдырады да, солардың өзгеруі есебінен энергия алады. Осы заттардың қажетсіз қалдықтарын қоршаған ортаға бөліп шығара алады. Зат алмасу энергетикалық (катаболизм, диссимиляция - заттардың ыдырауы) және икемді (анаболизм, ассимиляция - синтез, қор заттары) алмасу болып бөлінеді. Оның үстіне тірі ағзалар денесін құрайтын өзіне тиесілі заттар синтезінде энергия шығындайды. Ол икемді алмасудың (анаболизм) бөлігі болып табылады.

Slide 14

Физиологиялық ұғым ретіндегі зат алмасуға бір қарағанда байланысы шамалы үдерістер қосылады. Олар: жануарлардың қоректенуі және асқорыту; өсімдіктегі фотосинтез, тынысалу және зәр шығару (сүтқоректілерде тер бөлу де қосылады) . Атап айтқанда осы үдерістер барысында ағзалар өздерін қажетті заттармен ғана емес, энергиямен де қамтамасыз етеді. Адамда зат алмасу және өзге үдерістер жүйке және сұйықтық (гуморалды) жолымен бақыланады. Бұл - тіріліктің келесі қасиетінің негізі.

Slide 15

Өзін-өзі реттеу - тірі жүйелердің өз көрсеткіштерін (физиологиялық, т. б. ) белгілі деңгейде автоматты түрде орнықтырып, қолдай алуы. Тек тірі нәрсе ғана қоршаған ортаның өзгерісін сезіне алады, мұндайда ішкі орта көрсеткіштері өзгермей, тұрақты қалпында қалады. Мәселен, инсулин гормоны көбейіп кетсе, қандағы глюқоза мөлшері төмендейді, ал глюқоза жеткіліксіз болса, глюкагон және адреналин оның мөлшерін арттырады

Slide 16

Тітіркенгіштік - тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге (өзгерістерге) жауап қайтара алу қасиеті. Адам ағзасындағы тітіркенгіштік көбінесе жүйке, бұлшықет және безді ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Бұлар жүйке серпілісі, бұлшықет жиырылуы немесе заттар секрециясы (сілекей, гормондар, т. б. ) түріндегі әрекетке жауап қайтару арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі жоқ тірі ағзаларда тітіркенгіштік қозғалыс кезінде көрініс береді. Мәселен, амебалар немесе домаланғылар (вольвокс) концентрациясы жоғары тұзды қолайсыз ерітіндіден кетіп қалады. Ал өсімдіктер жарықты молырақ сіңіру үшін өркенінің қалпын өзгертеді (жарыққа ұмтылады) .

Slide 17

Қозғыштық - тірі жүйелердің тітіркенгіш әрекетке жауап қайтара алу қасиеті. Ал қозу - тітіркендіру және қозғыштық әсерінен пайда болатын нақтылы қайтарылған жауап. Жүйке, бұлшықет және безді ұлпалар - қозатын ұлпалар, ал сүйек ұлпасы қозбайды. Сүйек жасушалары жарғақша зарядының өзгеру әсеріне, дереу болған синтезге және заттардың бөлініп шығуына немесе жиырылуға жауап қайтармайды. Тітіркендіргіштік пен қозғыштықтың қисынды аяқталуының бірі - кеңістіктегі қимыл (қозғалыс) .

Slide 18

Қозғалыс (қимыл) - орын ауыстыра алу қасиеті. Бұл да тірі нәрсеге ортақ қасиет, дегенмен бір қарағанда бекініп орныққан ағзалар қозғала алмайтын тәрізді болып көрінеді. Кез келген тірі ядролы (эукариотты) жасушада цитоплазма қозғалыста болады. Тіпті бекініп орныққан жануарлар әдетте аздап қозғалыс жасайды. Өсімдіктерге «өсу» қимылы тән қасиет, ол жасушалар саны мен мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүзеге асады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Генетиканың даму кезеңдері
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті селекцияда пайдалану
В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
ТІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия. Вирустардың лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Жалпы экология пәні, міндеттері және құрылымы
Экологиялық жүйе
Тіршілік ортасы
Биосфера - ғаламдық экожүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz