Түркі дәуірінің ойшылдары




Презентация қосу
Түркі дәуірінің ойшылдары
Еліміздің сан ғасырлық өзінің орны бар ортағасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін
ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық
ғылымдардың қасиетті парызы болып саналады. Осы тұрғыдан
алғанда ғасырлар қатпарында жасырынған рухани мұралар көп.
Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік
көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген түрлі
ойшылдардың, жырау-жыршылардың, ағартушы қоғам
қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады.
Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің тарихында аты әлемге
әйгілі орта ғасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұд
Қашқари, Әбу Насыр Әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки қазақ
жерін әлемге танымал етті. Қазақ халқының көкірегі ояу, көзі
ашық, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы
мәдениеттерін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде
жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді.
Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес.
Солардың бірі ұлы ортағасырлық данышпан – Әл-Фараби.
Әбу Насыр Әл-Фараби
(870-950)

Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан
шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты
жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби
870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып
құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді.
Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед
Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни
әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың
ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп
атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни
Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған.
Жалғасы:
Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан,
энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-
жақты тұлғасын көрсетеді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде
әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің
әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады.Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек,
латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының
бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің
саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай:
астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология,
лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының
кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған,
ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», «
Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді
әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар.
Еңбектері
Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш
салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері
(математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің
шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың
кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби
математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика,
астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым).
Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық
үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан
қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі
негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол
ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу;
үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді
талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу.
Жалғасы:
“Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап,
алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар
жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы
жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер
жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін,
міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия
еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Ол — алгебраны математиканың
дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған
байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса
маңызды идея ұсынды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға
қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті
еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін
тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан.
Әл Фараби алғашқылардың
бірі болып поэтикалық өнер
психологиясын зерттеп, поэзия
туралы үлкен трактат жазды,
өзі де тамаша ақын болатын.
Жүсіп Баласағұн
ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып
аталатын. Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім
алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан
байқалып отырады.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философия, математика,
медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл
білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес
қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен
мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны
арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен
462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып
бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті
мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан
ханға (908 - 955) тарту етеді.
Жалғасы:
Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб"
- "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген.
Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат
қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена
қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14
ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың
Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған
қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен
қағазға түсірілген. Дастанның басты идеясы төрт принципке
негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара
қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің
символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-
дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы
жырға қосылған.
Құтты білік дастаны (жалғасы)
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш
бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Жүсіп Баласағүниның “Құтты
білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика,
өнер және даналықтың мәні сараланған. Ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам
мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. “Құтты біліктің” негізгі
айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды
қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы
мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз
адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді
ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті
жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның
ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл
тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің
өткіншілігін де ұмытпауы қажет.
Махмұд Қашқари
Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029—1101) - түркі
ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.
Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан
әулетінен.Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған.
Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең
ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған.

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол
кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси
орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс
алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден
шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де
содан. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен,
Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады. Өз заманының аса
білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде
танылады.
Түркі ғалымы
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын
жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін
кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи
салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының
негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл
Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып
қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті
мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи
деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл
ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс
салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің,
ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі
халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар
ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн,
Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді
мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш
энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
Ахмет Иүгінеки
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12
ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы,
сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки
(қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған
жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар
ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб,
парсы тілін меңгерген білімді адам болған. Ахмед
Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер
тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық
сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-
білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік
меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-
танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа
ие болған.
Жалғасы:
Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша
тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре
бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп
аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда
“Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет
Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани
қазыналарының жарқын туындысына айналды. Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының”
түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Өз шығармаларында дүние
жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың
еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы
жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Олай
болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін,
бірақ “аты өлмейді”. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед
Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын
“Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп
өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады.
Мұралары
Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе
жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”,
“Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол
себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші.
Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ”
ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан
дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі,
ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды
көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды.
Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен
көнбістікті мадақтайды. Ахмед Иүгінеки гуманизмі
діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу
зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені
қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды.
Адамгершіліктің басы — осы”.
Жалғасы:
Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген
қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып,
кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола
бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді.
Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай
айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де
адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у
ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде
сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген
сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып
қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі
жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде
сақталып, айтылып келеді.
Ақиқат сыйы:
"Ақиқат сыйы"- дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке
кұрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме
болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің
көтерген тақырыбы мен идеялык мазмұны жағынан ақын өмір сүрген феодалдық
қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып
келеді. Адам қалай өмір сүру керек ? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп,
дидактикалық сарында оқушысына өсиет-уағыз айтады. Мәселен, шығарманың авторы
оқушысына : адам адал өмір сүруі тиіс, сараң болмауы керек, жомарт жанды, білімді
кісіні қадірлеу қажет, жақсыдан-шарапат, жаманнан кесапат деген сияқты ғибрат
айтады.
Жаратушыға шамасы келгенше мадақ айтатын пенде, жақсылықтан кенде қалмайсын
дегенді меңзеп, автор туындының кіріспесін осылай бастайды. Бұл автордың
Жаратушыға деген шексіз құрметі деп түсінеміз. Жаратушыны сүйіп, адамзатты
құрметтеуді адам баласы дүние есігін ашқан күннен бастап үйрену қажет.
Жалғасы:
«Ақиқат сыйы» шығармасында білім-ғылым жайлы мәселе өте ұтымды қозғалған. Тәрбиелі,
білімді адам еш уақытта қиянат жасамайтыны ақиқат. Өйткені, тәрбиелі, білімді адам- әдепті
адам. Ал, әдептілік жайында «Ақиқат сыйы» еңбегінде былай баяндалады:
«Әдептіліктің басы- аузын бағу» яғни, он күнәнің тоғызы тілден дегендей, сөйлеп отырған адам
өз сөзін өзі бағып отыруды насихаттайды.
Кетіп бара жатқан керуеннің артынан қуып, дүниені жинау адамға бақ емес, сор әкеледі дейді.
Дүние- қолдың кірі, жуғанда кетіп қалатын деп уағыздайды.Бұдан мынадай қорытынды жасауға
болады: «Адам да бұл өмірде мәңгі тұрақтамайды». Адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі-
жомарттылық. Ал, осы жомарттылық жайлы Ахмет Йүгінеки былай деп жазады: Егер мақтағың
келсе жомарт ерді мақта; Барлық ер жомарттың жақсылығын айтады; автор оқушысын
қарапайым, момын болуға үндейді. Менмендік, өр көкіректік жақсы адамның табиғатына,
мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді.
Ақын дүниеқорлық, адалдық, арамдық жайлы да сөз етеді. Ол жақсы мен жаман қасиеттерді
салыстыра отырып көркем тілмен әсерлі суреттейді.
Жалғасы:
Дастанда мынадай тамаша бір ой айтылады: «Тікен ексең, жүзім шықпайды». Бұл жерде
ақын адам баласына қандай қастандық жасасаң да, арты жақсылыққа апармайды деген
ойды астарлы түрде жеткізеді. Ұрпақ тәрбиесіне ұтымды пайдалануға таптырмайтын
сөздің асылы деп айтсақ, артық айтпаған болармыз деген ойдамыз.
Ақын әрбір іс Алланың бұйрығымен болатынын да ескертеді. Жоғарыдағы айтылған
барлық жаман қасиеттері үшін адам баласы жауапсыз қалмайтындығын, жақсы қасиеттері
үшін екі дүние нығметіне бөленетіндігін айтады. «Аяққа тікен де бұйырықпенен кіреді»
деген жолдардан опасыз бұл жалғанда себепсіз ештеңе болмайтындығын және ол іс-әрекет
Алланың қалауымен болатынынына автор сөзі дәлел.
Нәтиже:
Рухани құндылықтар қай заманда болмасын ескірмейді, жоғалмайды. Дүниеде
материалдық құндылықтар ғана жаңарып, өзгеріске түседі. Ал адамгершілік пен
жауыздық, жомарттық пен сараңдық, кеңпейілділік пен қызғаншақтық, байлық пен
кедейлік, аманатқа қиянат, ата- анаға құрмет т.б. адамның сипаттары қай уақыт болмасын
пендемен бірге. Сондықтан да, жоғарыда аты аталған дастанның келешек ұрпаққа берері
мол.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ бітім - болмысын, адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мəдениеттің тарихи типі
Ортағасырлық түркі ойшылдары
Кейбір лингвисттер түркі халықтарының тамырын
Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті мен оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері
Алтын Орда дәуірі әдебиеті
Қазақ көшпелілер мәдени мұрасы
Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ
Қазақстан тарихының кезеңдері
Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен
Ислам дәуірі әдебиеті
Пәндер