Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері


Slide 1

1 семинар

Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері

Орындаған: Дәуіт С. Ж.

Slide 2

Педагогика ғылымының нысаны адам тұлғасының қалыптасуы мен

дамуы жүретін педагогикалық шынайылық болып табылады.

мақсаты

мен мазмұны қоғам талаптарымен айқындалады

адам тұлғасының

қажеттіліктерін қанағаттандырады

Адам тұлғасының әлеуетін дамытуға арналған тәрбие,

педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қағидалары, нақты тәжірибесі

Slide 3

Педагогиканың пәні оның негізгі категорияларын өзіне қамтиды.

білім беру,

тәрбие, оқыту

Ал Н. Д. Хмель педагогиканың негізгі категорияларына

педагогикалық үрдісті де қосады.

Педагогика тұтас педагогикалық үрдістің құрылымын,

мазмұнын және даму диалектикасын зерттей отырып, оның заңдылықтарын,

негізгі қағидаларын, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық түрлері

мен әдістерін анықтайды.

Slide 4

Педагогиканың категорияларының ішінде маңызды орын алатын және

өте күрделі үрдіс болып табылатын тәрбие үрдісі. Тәрбие үрдісінің

күрделілігі оның тарихи сипатқа ие болуымен және әлеуметтік негізделуімен

айқындалады.

Әрбір тарихи кезеңде оның мақсаты мен мазмұны, әдіс-

тәсілдері өзгеріп отырады, осы арқылы тәрбие үрдісінің динамикалық сипаты

ашылады. Тәрбие үрдісінің күрделілігі мен көпқырлылығына байланысты

педагогика ғылымында оны кең және тар мағынасында қарастырады.

Slide 5

Тәрбиенің мақсаты

әрдайым қоғам және бала тұлғасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға

бағытталған.

Тәрбиенің табыстылығы тек тәрбиеге ғана емес,

бірінші кезекте, тәрбиеленушінің саналы түрді өзін-өзі тәрбиелеуіне тәуелді.

Slide 6

Оқыту - оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін

қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты түрде

өзара әрекеттесуі

Оқыту ол таным үрдісі

Оның барысында психикалық

үрдістер дамиды (қабылдау, түйсік, ес, ойлау және т. б. ) және олардың

кӛмегімен оқушылар білім, білік, дағды, шығармашылық әрекет тәжірибесін,

эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік-жігерін дамытады.

Оқыту тәрбие үрдісімен тығыз байланысқан үрдіс болғандықтан ол да

мақсатты, нәтижеге бағытталған екі жақты үрдіс болып табылады.

Slide 7

Неміс педагогы А. Дистервег оқыту мақсатын келесідей көрсетеді:

«Оқытудың мәні сонда ол негізі ақиқаттарды меңгеру бойынша дербестікті

тәрбиелеу қажет». Қасиетті Августин "Ұстаз туралы" трактатында «Ұстаз ісі

өз басынан оқушы басына білімді жеткізуге емес, оның ақыл-ойын оятуға

бағытталу тиіс».

Оқыту - тәрбие және дамыту үрдістерімен өзара тығыз байланысқан

тұтас үрдіс болып табылады. Оқушы оқыту үрдісі барысында мұғаліммен

және сыныптастарымен бірлескен таным әрекеті арқылы әлеуметтік қарым-

қатынасқа бейімделіп, өз даралығын жетілдіруге мүмкіндік алуы тиіс.

Slide 8

Білім беру ұғымы педагогика ғылымында бірнеше аспекті тұрғысынан

қарастырылады

. Білім беру - үрдіс, нәтиже, жүйе және құндылық болып

табылады.

Білім беру - білім, іскерлік, дағдыны, құндылықтар мен әрекет

тәжірибесін игеру үрдісі мен оның нәтижесі.

Slide 9

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Қазақстан

Республикасының білім беру жүйесі -

ӛзара іс-қимыл жасайтын білім беру

деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;

меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының

білім беруді

басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы

мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

ұйымдарының жиынтығын білдіреді.

Slide 10

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеттеріне

төмендегілер жатады:

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени ӛміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты ӛмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәс іптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау

Slide 11

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану

10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту

11) білімнің, ғылымның және ӛндірістің интеграциясы

12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету

13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады

Slide 12

Педагогиканың теориялық қызметі үш деңгейде жүзеге асады:

Сипаттаушы және түсіндірмелі деңгейі - алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибені зерттейді

Диагностикалық деңгей - педагогикалық құбылыстардың жағдайы,

тиімділігі немесе педагогтар мен оқушылар іс-әрекетінің тиімділігі, оларды қамтамасыз ететін жағдайлар мен себептерді анықтайды

Прогностикалық деңгей - педагогикалық шындықты эксперименттік

зерттеу арқылы анықтап, олардың негізінде шынайылықты өзгерту моделін жасайды. Прогностикалық деңгей педагогикалық құбылыстардың мәнін ашуға негізделеді. Бұл деңгейде оқыту мен тәрбиенің теориясы, педагогикалық жүйелердің моделі жасалады.

Slide 13

Педагогиканың технологиялық қызметі де үш деңгейден тұрады:

Жобалау деңгейінде - теориялық тұжырымдамалар және педагогикалық шындықты, оның мазмұны мен сипатын анықтайтын нормативті немесе регулятивті жоспарды жүзеге асыратын әдістемелік материалдар (оқу жоспары, білім беру бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралы, педагогикалық нұсқаулар) дайындалады

Қайта құрушы деңгей - педагогика ғылымы қол жеткен жетістіктерді білім беру тәжірибесін жетілдіру және реконструкциялау мақсатында қолдануға бағытталады

Рефлексивті және түзетуші деңгей - оқыту және тәрбие тәжірибесіне ғылыми зерттеу нәтижелерінің әсерін бағалайды және оның ғылыми теория және тәжірибелік іс-әрекеттің өзара байланысындағы түзетулерді қарастырады

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Педагогика әдіснамасы
Эмпирикалық әдіс - деректер жинау, сұрыпталған айғақтарды ғылыми жүйеге келтіру
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесіні қазіргі жағдайы, даму болашағы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы
Оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz