Педагогтың кәсіби біліктілігі




Презентация қосу
ПЕДАГОГТЫ
Ң КӘСІБИ
ІС-ӘРЕКЕТІ
Қуанбай Жасмин
202 топ
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ІС-
ӘРЕКЕТІ
Педагогикалық қабілеттің даму
деңгейіне қарай Н.В.Кузьмина
педагогтардың мынадай біліктілігін
ұсынады: данышпан, дарынды, әр түрлі
дәрежедегі қабілет: өте қабілетті
(педагогикалық міндеттерді шешуді
қамтамасыз етудің жүйесін өз бетімен
жасаған) және аз қабілетті
(оқушылармен қарым-қатынас
жүйесінде сезімтал емес).
Кәсібимұғалімнің академиялық білім
беру, тәрбиелеу, дамыту қабілеті
болуы тиіс. Академиялық қабілет
және білім, білімділік нәтижесі -
педагогикалыќ іс-әрекеттің міндетті
компоненті және шарты.
Педагогикалық қабілеттің бұл екі
түрінсіз педагогикалық іс-әрекетті
жүзеге асыру мүмкін емес.
Педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын
функционалдық моделін бар:

1) гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен
механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін
шешеді

2) жобалаушылық, бұл – оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа
жету жолдарын жобалаумен байланысты;

3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты
өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-
әрекеттер енеді;

4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері
шешеді;

5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс
субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас
орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Маманның педагогикалық- психологиялық
іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай,
жекелеген іс-әрекет жиынтығы, нақтырақ
айтсақ: әртүрлі әдебиетті,
бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-
әдістемелік кешендерді және тағы да басқа
оқыту құралдарын талдау, соның негізінде
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, қажетті оқу материалын іріктеп
таңдау және оларды құрастыру болып
табылады.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-
әрекеттің негізгі субъектісі болып табылады.
Мұғалім оќушыларды оқыту сапасына, олардың
білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі
белгілі. Мұғалімнің жұмысы, оның жеке тұлғасының
негізгі сапаларының кәсіби іс-әрекетінің сипатына
сай келген жағдайда ғана табысты болады.

Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің
дамуына жұмыс істейтін мақсатты, арнайы
ұйымдасқан педагогикалық бірлестігінен
туындайды.
Мамандық қызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін арттыру болып
табылады.

Мамандыққа ықпал ететін негізгі шаралар:

- мамандық іс-әрекетінің мазмұны мен тұлғаның өзін-өзі көрсетуі;

- нәтижесін анықтайтын қоғамдық мәні;

- мамандықтың әлеуметтік орнында тұлғаның еңбектегі қызметінің қоғамдық
бағасының анықталуы;

- еңбектің тәртібі мен жағдайы.

Мұғалімнің педагогикалық қызметінің түрлері:

- диагностикалық қызметі оқушыларды зерттеп білумен және олардың даму,
тәрбиелілік деңгейін белгілеумен, анықтаумен байланысты;
- бағдар беру – болжам жасау қызметі - мұғалімнің тәрбие қызметінің бағытын
және тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде нақты мақсаттар мен міндеттерді
анықтап, оның нәтижелеріне болжам жасай білуімен тұжырымдалады, яғни,
мұғалім неге нақты қол жеткізгісі келеді, оқушыны қалыптастыру мен дамытуға ол
қандай қадам басуды қалайды;

- жобалау қызметі - бағдар беру-болжам жасау қызметінен туындайды;

-ұйымдастырушылық қызметі - оқушыларды белгіленген тәрбие жұмысына
жұмылдырумен байланысты;

- ақпараттық-түсіндірме қызметі, педагог – ғылыми, дүниетанымдық және
адамгершілік-эстетикалық ақпараттың аса маңызды көзі болатын мұғалім қызметі;

-ұжымды ынталандыру қызметі – мұғалімнің жеке басының адамгершілік жақсы
қасиеттерімен және оқушыларға ықпал ете білумен, оның қарым-қатынас жасау,
демократиялық байланыстар орнату, іс-қимылға жетелеу шеберлігімен
байланысты қырларын қозғайды. Бұл қызмет балаларға сүйіспеншілік таныта
білуді, нағыз ізгілікті қамтиды;

-талдама-бағалау қызметі – мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысына талдау
жасауға, олардан жағымды жақтары мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік
береді. Ол сондай-ақ, мұғалімге өзінің жұмысында жанды байланыс орнатуѓа
мүмкіндік береді;
-мұғалімнің зерттеушілік-шығармашылық қызметі: педагогикалық теорияны қолдану
мұғалімнен белгілі шығармашылықты қажет етуі осы қызметтің бір қыры болып
табылады. Екінші бір қыры – белгілі теорияның шеңберінен шығып, оны байытатын
жаңалық атаулыны ой елегінен өткізіп дамыту болып табылады..

Педагогтың кәсіби біліктілігі

Педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды жағы – іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі
жетілдіру мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.

Кәсіби іс-әрекеттің бір түрі - педагогикалық іс-әрекет, оның мазмұны оқыту,
тәрбиелеу, білім беру, дамыту. «Кәсіби іс-әрекет» ұғымының ауқымы «педагогикалық
іс-әрекет» ұғымынан гөрі кеңірек, өйткені, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті осы
проблеманы зерттеген мамандардың пікірінше: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтік-
мәдени, психотерапевтік, қатысымдық және т.с.с. функционалдық элементтерден
тұрады.

Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас процесінде
ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше мұғалім білім мазмұнын бере
отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне
айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын
қамтамасыз етеді.

Сонымен, педагогикалық іс-әрекет – педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың іс-
әрекетін ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы
мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның
құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар
жүйе ретінде қарастырады. Олар:

1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі,
олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас
жасау құралдары;

2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты,
мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;

3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен
обьектіні, мазмұны мен құралдары, нәтижелері.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:

онымен міндетті білім, дағдыны меңгерген арнайы адам шұғылданады;

оны жүзеге асыру үшін белгілі формалары болады: сабақ, «сынып»;

бұл
іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: баланы белгілі бір нәрсеге
үйрету; белгілі бір білімдер жүйесін беру; белгілі бір білік, дағды
қалыптастыру, білім алуда кеткен ақаулардың орнын толтыру; адам етіп
шығару; қабілеттерін, қызығушылықтарын, ойлау, елестету, т.б. дамыту;

4 оқыту, білім беру, тәрбиелеудің мазмұнын анықтау;

5.педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін тексеру, яғни, мұғалім
үйреткен білім мен біліктердің қорытындысы;

нағыз педагог регламенттік іс-әрекетпен ғана шектелмейді – ол,
өзінің оқушыға әсер етуде барлық мүмкіншілігін пайдаланады: дәстүрлі
емес әңгімелер, сенімді әңгімелесу; баланы ойландырып жүрген
мәселелерді талқылау, кеңес беру, көмектесу.
Назарларыңызғ

а рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы ақпарат
Педагогикалық құзыреттілік ұғымы
Педагогикалық құзыреттілік
Әрбір мұғалімнің кәсіби
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Педагогикалық құзіреттілік
Педагогикалық құзыреттілік туралы түсінік
ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ
Бүгінгі заман талабына сай информатика мұғалімінің кәсіби құзреттілігі
Әмбебап мұғалім
Пәндер