Қазақ ұлттық салт-дәстүрлері: ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні


Slide 1

Тақырыбы: Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың ерекшеліктері, тәрбиелік мәні

Орындаған: Алыбай Ақнұр

Тексерген: Сапарбайқызы Ш

Slide 2

Салт - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс -тіршілігіне, құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп, жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

салт - дәстүр

Ең алдымен салт - дәстүр дегеніміз не?

Notes: Если они не согланны то внести изменения за четверть, за раздел,

Slide 3

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Slide 4

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт - дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт- дәстүрлерімен, ырымдарымен, той - мереке, тағы басқа да жол - жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді.

Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

Slide 5

Салт - дәстүр түрлері

Сүйінші

Жеті ата

Сәлемдеме

Көрімдік

Базарлық

Тұсау кесер

Бесікке салу

Сүндет той

Қыз ұзату

Slide 6

Сүйінші - Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Notes: Если они не согланны то внести изменения за четверть, за раздел,

Slide 7

7

Сәлемдеме (дәстүр) - адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Notes: Если они не согланны то внести изменения за четверть, за раздел,

Slide 8

Көрімдік - жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады.

Slide 9

Базарлық - алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Slide 10

Бесікке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді және Бесік жыры айтылады.

Slide 11

Тұсаукесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.

Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады.

Slide 12

Қыз ұзату - «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.

Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қазақ бесігінің құрылымы, салт-дәстүрлері және тәрбиелік-мәдени маңызы
Қазақтың салт-дәстүрлері: ұлттық құндылықтар мен отбасылық рәсімдер
Қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік маңызы
Наурыз мерекесінің мағынасы мен ұлттық салт-дәстүрлері
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
Қазақ салт-дәстүрлері мен отбасылық тәрбие: байғазы, көрімдік, бастаңағы, иткөйлек және тәрбиелік жағдаяттар
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: тарихи-әлеуметтік және отбасылық нормалар
9-сынып: Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен дәстүрлі той-жоралғылары
Қазақ салт-дәстүрлері, әдебиет және материалдық мәдениет жөніндегі викторина
Халық педагогикасы: ұлттық тәрбие құралдары мен тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz