Мәдениет тілдері




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан
Қазақстан Республикас
Медицина ы денсаулық
Академиясы сақтау
министірлігі
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер»
кафедрасы

Тақырыбы:Мәдениет рәміздері және олардың мәдени
коммуникациядағы рөлі мен маңызы

Орындаған: Мұхамбетқали.А
Тобы: ЖМ-204(Б)
Қабылдаған: Туребаев Омаркул

Шымкент-2020
ЖОСПАР
• І КІРІСПЕ

• ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А)Қазақстанның қазіргі рәміздері
Б)Түркі дәуіріндегі мәдениет және рәміздер
В)Ғұн және сақ-скифтер мәдениеті мен рәміздері

• ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
• ІV Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы
халықтардың айтарлықтай бөлігіөзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек,
қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның
ішінде өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті
болып отыр. Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге
дейін көбіне классикалық талдаудың талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық
тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір
рәміз- таңбаның басқа таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған тұоғасыздандырылған
рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары
бағаланады. Зерттеудің көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны!" деген
ұстаным арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау сол
адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын мойындамау болып
табылады.
Ұлттық рәміздер Елтаңба мемлекеттік Байрақ, Әнұранымызда айшықты көрініс тапқаны
белгілі. Оларда ұлттық болмыс пен мәденидаму бағдарлары стратегиялық тұрғыдан
түйінделген. Шексіз көкте самғаған қыран, кедергіге тоқтамайтын пырақ, мәңгілікке
меңзейтін ою- өрнек және т.т - бұл кімді болса да толғандырмай қоймайды.
Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа
енген. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен
бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін
танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз
дәрежесінде көрініс тауып отыр. Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал,
Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір
азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді
және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.
«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп,
атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір. Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың
парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы.
Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде
патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы,
мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде
Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады. Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын
құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы
мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны
басқалардан талап етеді. Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде
сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын
азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына,
«Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз»,
«қанағатшылдық пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.
Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін
атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын,
өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген,
баулыған.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың
мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің
қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан
басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет
білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық
ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны
елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге
тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің
Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын
деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - дейді.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.

Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне
айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы
ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар.
Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік
туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік
әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол
қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті
ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба,
Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің
мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі
тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым
тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек рәміздер – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.Рәміздер саяси
төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік
рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын,
басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық,
мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан
аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы
мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері
Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш
кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің
мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас
рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі
дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен
сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең,
таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі
болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, төртінші
- рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми
бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-
тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың
басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.Қазақ халқы мен
мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория
(халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы
болды.
Мәдениет рәміздеріне не жатады?
• Тіл
• Дәстүрлер
• Фольклор
• Әдет-ғұрыптар, әдет-ғұрыптар, рәсімдер
• Көркем образдар
• Жазбаша мәтіндер және т.б.
• Мәдениет тілдері

Мәдениет тілі дегеніміз - бұл вербальды немесе вербальды емес қарым-қатынас кезінде
қолданыстағы белгілер жүйесінің барлық жиынтығы, олардың көмегімен мәдени және
әлеуметтік маңызы бар ақпараттар берілуі мүмкін.Э.Кассирердің пікірінше, адам сөзсіз
өзінің өмірі барысында өнер, тіл, дін немесе саясат сияқты мәдениеттің үлкен
түрлерінде өзін көрсетеді.Бұл өрнекті жүзеге асыру үшін адам рәміздер жасауға
мәжбүр болады, олар ауызша және мифологиялық, діни, көркемдік және т.б.
Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы
асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен
әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде,
бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында
қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу
деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып
келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу
сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді.
Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық
өркениет” деген ғылыми ұғым
тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

Сақтардың мәдениеті мен
өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағы
ндағы мал өсіретін тайпалардың
мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы
уақытпен салыстырғанда дамудың
біршама жоғары сатысына
жетті. Темір металлургиясы, көшпелі
және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы материалдық және рухани
мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Ғұндардың рәміздері
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып
дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің
"солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде
сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет
құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-
қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.
Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін
толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай
деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды.
Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне
аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар.
"Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау
тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған)
ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері
болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде
тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын
сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға
өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды.
Түркі мәденитеі
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан
мəдениеттің жалпы атауы.Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған.
"Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс
Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың
барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі"
этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"
терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық
одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-
саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің
бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі
негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің
дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан
денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай
алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін
салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі
минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік
меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің
рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі
түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған.
Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан
шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.
Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын
анықтаған соң, қазақ мәдениетіне
тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының
негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан
асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс
жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы
мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік
тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті
түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт
ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік
ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық
Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады.
Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық
(көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді.
Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып
табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата
қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес
жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас
мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында
киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден,
аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі
аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде
қалдырылған.Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері
жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен
табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы
нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл
мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген
ұғымдармен тікелей байланыстырылды. Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған,
өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке
тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып
қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға
бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы,
тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас
бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Заманауи Қазақстан
мәдениеті
Рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі,
елбасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы турасында. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану
дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: «Біз ХХІ
ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек,
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді
қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени
жетістіктерімізбен де тануы керек».Расында да, қоғам дамуының басты көрсеткіші болып
әрдайым оның мәдени жетістері танылды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік
деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы
жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу
мүмкіндігі туады.Бұл жоба нені меңзейді? Бұл жоба арқылы нені ұтуға болады? Ең бірінші,
Біріккен ұлттар ұйымындағы ең беделді алты тілді меңгеру. Бұл, әрине, міндеттелген үрдіс
болмауы да мүмкін, бірақ аталған алты тілді меңгеру арқылы ұлттың жаһандық бәсекедегі
қабілетін көрсете аламыз. Ол тілдер: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз
тілі.Екіншіден, жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетіміз қалыптасу керек.
Біздің қалыптасқан мәдениетіміз емес, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан
мәдениетті ұсына білуі керек
Үшінші жағынан, мәдениетті кітап не қағаз түрінде ғана таныстыру емес, түрлі
мультимедиалық тұрғысынан да көрсете білу керек. Себебі қазір заман барынша
оқудан гөрі көзбен көруге ыңғайлы смарт заттарға назар аудара бастады.Жобада
суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа
да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармалары
қамтылды. Соған орай 4 түрлі бағыт айқындалды:
1. Әдебиет
2. Классикалық және дәстүрлі музыка
3. Театр, кино және хореография
4. Бейнелеу өнері
Оған әдебиет саласындағы, «театр, кино және хореография» жанрындағы, бейнелеу
өнері және музыка саласы бойынша үздік шығармалар енгізілді. Туындыларды алдын-
ала іріктеу қоғамдық талқылауды ескере отырып жасалды.Еліміздің мақтанар
мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшін
оның мәдениетін тану керек. Сондықтан алдағы жылдары жасалатын жұмыстардың
жауапкершілігі зор болады. Соны жүзеге асыруда біз де атсалысайық.Жаһандық
дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру
өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.
Қазіргі уақытты мәдениеттің аудио-визуалды кеңістік кезеңі деп атайды. Жаңа
қарым-қатынас құралдарын — телеграфты, радионы, те¬лефонды, теледидарды,
компьютерді және тағы басқа жетістіктерін ғылыми- техникалық прогресс ала
келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған негізделген басқа да
мәдениет институттары (әдебиет, театр, кітапхана, тағы сол сияқтылар)
дағдарысқа ұшырап отыр. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің,
әдебиеттен ақын-жазушылардың, өмірден эпистолярлық жанрдың — күнделік,
хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Көп ойланып, көп толғануды,
өзіндік сананың рефлексиясын қажет ететін процестер бірте-бірте ұмыт қалуға
айналды. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Электрондық
коммуникацияның шапшандылығының арқасында тек көз арқылы дүниені
танып-білу мүмкін емес болып отыр. Бүгінгі күнге ештеңені қалт жібермей
еститін «саққұлақ» пен ештеңені мүлт кетірмей аңғаратын «көреген» қажет.
Осы екеуінің симби¬озы арқылы ғана біз қар көшкінінің қарқынындай
ақпараттық экспансияға төтеп бере аламыз. Біртұтас электрондық байланыс
біздің планетаны «үлкен ауылға» айналдырып отыр. Индивидуалистік
жекешілдіктің орнын альтруистік «елжандылық», ұлтшылдықтың орнын
космополитизм, монологтың ор¬нын диалог алған кезең.
Қорытынды
Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін
бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне
қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік
жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді.
Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды
игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы
жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып,
рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың
белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет
субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества.
Москва, 1977, с. 252
• Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
• (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет.
Алматы, 1992, 14-бет)

Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің белгілер жүйесінің типологиясы
Фразеологизмдердегі мінез-құлық көрінісі (қазақ ағылшын тілдері негізінде)
Мәдениет морфологиясының мазмұны
ДӘСТҮРЛЕР НОРМАЛАР
Рухани білім
Корпоративтік мәдениет
Қазақ тілі туралы
Мәдениет локализациясы
Отбасы Тілдік топ
Мәдени код
Пәндер