Жеке тұлға басқарудың объектісі


Slide 1

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті №3 МӨЖ тақырыбы: «Жеке тұлға басқарудың объектісі»

Тексерген: Есенгулова М. Н. Орындаған:Жадкеева А. К. М013-Химия

Slide 2

Жоспар

1. Басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі.

2. Өзін - өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі

3. Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі.

Slide 3

«Тұлға» түсінігі көп жақты.

Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.

Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын. «Адам -

динамикалық алға ұмтылған жарқыраған энергетикалық жүйе» - деп Э. Берн

адамның анықтамасын жақсы келтірген

Slide 4

Тұлға әлеуметтік түсінік, ол адамдағы табиғаттан тыс, тарихи құбылыстарын

білдіреді. Тұлға туылмайды, ол мәдени және әлеуметтік жетілу барысында

туындайды. Ерекше және басқаларға ұқсамайтын тұлға өзінің физикалық және

жан дүниесі қасиеттерінің толықтырылуын «даралық» түсінігімен сипаттайды.

Даралық тәжірибенің, білімнің, пікірдің, сендірудің, мінездің әртүрлілігімен

қызуқандылығымен көрсетіледі және біз даралығымызды дәлелдейміз. Тұлғаның

анықтамасы көп.

Slide 5

Олардың тұлғаның мәселелерінің әр қырынан көрсетуіне қарамастан келесілері мейілінше дұрыс болып ұсынылады:

Б. Г. Ананьев : тұлға - еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі.

И. С. Кон: тұлға - бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары.

А. Г. Ковалев: тұлға - бұл қоғамда өзіндік орыны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам.

Slide 6

Тұлға дегеніміз тек қана талапшыл жүйе ғана емес, сонымен қатар өздігінен

ұйымдасушы жүйе. Тұлға болу дегеніміз өзін - өзі және басқаларды әрдайым

қадағалап отыру, сонымен қатар өз тәртібін өзіне бағындыру үшін әдіс -

тәсілдердің көптеген түрлеріне иелік ету. Тұлға болу дегеніміз - таңдау еркіне ие

болу және соның салдарын тарту. Осының бәрін іске асыру үшін жеке тұлға

дүние және өз дүниесін танудың концепциясын құруы тиіс. Бұндай жекеше

философия « Мен- концепциямын» деген атауға ие.

Slide 7

«Мен - концепциясы» субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. «Мен - концепциясы» өзін - өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді. Өзін - өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

1) «Меннің» негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну («Мен әрекет етуші

субъект») ;

2) Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну («Шындықты Мен»

және «Мінсіз Мен) ;

3) Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру («Мен бақылаушы

объект ретінде»)

4) Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптастыру

Slide 8

Өзін - өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі

Біздің әрқайсымыз әдейі немесе білместікпен өзімізді басқалармен салыстыра отырып өзінің ақыл - ойы, келбеті, денсаулығы, қоғамдағы орны туралы пікір қалыптастырып, ұялшақ немесе такаппар, талапшыл немесе сабырлы сияқты өзін - өзі бағалаудың жиынтығын құрастырамыз.

Көптеген адамдарда өзін бағалау ортада деңгейден сәл жоғары болады. Бұл дегеніміз адамның өзін құрметтеуі, яғни психологиялық тұрғыдан тұрақтылық пен жақсы көңіл - күйдің қайнар көзі. Ал кейбір адамдардың өздерін бағалауы төмен немесе жоғары деңгейде болады, сол себепті адамдардың қоғамға деген негативті көзқарастарын туғызады.

Slide 9

Өзін - өзі құрметтеу - тұлғаның өзіне деген жалпылама қатынасы- жеткен жетістіктер санына тура шамалас және ниет деңгейіне кері шамалас, яғни ниет жоғарылаған сайын адамның өзін құрметтейтін жетістіктері де көбейе түспек.

Төмен құрметтеушілік өзіне көңіл толмағандықтан, өз тұлғасына кері баға берушіліктен туындайтын сабырсыздық, депрессия өз жетіспеушіліктерінің гипертрофеясы оны жеңудің емес, керісінше өзін ақтап қызметінен бас тартуға әкеліп соғады.

Фрустрация - адамның эмоциалды күйінің ерекшелігі, ол қалаған мақсатқа жетудегі кедергіні жеңе алмаудан пайда болады. Фрустрация ашушаңдық, дөрекілік түрінде басқаларға немесе өзінің сәтсіздіктеріне өзін кінәлау барысында өзіне бағытталады.

Slide 10

Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.

Slide 11

1 . Теориялық адам.

Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және

түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады. Оның

әсіреушіліктері шын өмірден өзгеше, ол білуге мүмкіндігі болмаса күйзеліп, ал

өзіне зиянды болса да теориялық жаңалық ашса қуануы мүмкін. Ол үшін білудің

әдістерінің шындығы бағалы болып саналады. Ол үшін дүние - жаратылыстардың

шексіз пайда болуы мен қатынастарға тәуелділік жүйесі ретінде көрінеді.

Slide 12

2. Экономикалық адам.

Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен

байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші

орынға пайдалылықты қоятын адам. Ол үшін барлығы қолайлы өмір сүруге

жұмсайтын қажеттіліктер ретінде көрінеді. Ол уақытты, күшін, материалдарды

пайдаға жарату үшін әркез үнемдеп отырады. Оның әрекетінің мағынасы оның

қызметінде емес, пайдалық эффектінде.

Slide 13

3. Эстетикалық адам.

Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана

пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние

ырғағынан әуен пайда болады. Эстетикалық адам дүниетануымның өзіне тән

қырымен ерекшеленеді: сезудің және алдын ала көре алу қабілетімен. Теориялық

адам үшін ол арманшыл, қиялшыл болса, экономикалық жағынан эстетикалық

идеал мен экономикалық құндылықтар қарама - қайшы дүние.

Slide 14

4. Әлеуметтік адам.

Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін

бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде

басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің

ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім


Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға басқарудың субъектісі
Тұлға әлеуметтік қатынастардың объектісі
ҰЙЫМДАРЫНДА МОНИТОРИНГ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМДАҒЫ
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Ғылыми басқару
Басқару психологисы тарихы, пәні
Сапаны басқарудың әдістері
Өзін - өзі сезіну құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz