Эксперименттің міндеті


Slide 1

Тақырыбы: Эксперименталды зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1) Эксперименттің міндеті

2) Жіктелуі

3) Экспериментке қойылатын талаптар

4) Эксперименталды зерттеу кезеңдері

Қорытынды.

Slide 3

Эксперимент

(латынның experimentum - сынақ, тәжірибе) - нақты есептелетін және басқарылатын жағдайда зерттелетін құбылысты бақылау жолымен қойылған, құбылыстың барысын байқауға және осы жағдайларды қайталау арқылы оны бірнеше мәрте қайталап байқауға мүмкіндік беретін ғылыми тәжірибе.

Slide 4

Міндеті

жұмыс гипотезасын, теориялық зерттеу нәтижелерін растау, теориялық зерттеу нәтижелерінің баламалығын анықтау;

теориялық зерттеу нәтижелерін толықтыру;

Slide 5

Жіктелуі

Slide 6

Табиғи тәжірибе

зерттеу нысанының табиғи жұмысы жағдайында жүргізілетін тәжірибе.

Жасанды тәжірибеде

эксперимент жүргізуге жасанды жағдай жасалады. Тәжірибенің бұл түрі экспериментті табиғи жағдайда жүргізу мүмкін болмағанда, қымбатқа түскенде немесе қиындық туғызғанда пайдаланылады

Slide 7 Slide 8

Бірфакторлы эксперимент бір ғана фактор бойынша қызмет ететін нысанды ғана зерттеуді қарастырмайды. Бірфакторлы эксперимент көмегімен күрделі нысандар да зерттеледі бірақ бұл кезде эксперимент келесілерді қарастырады:

- басыңқы (маңызды) факторларды анықтау;

- қалған екінші деңгейлі факторларды белгілеу;

- таңдалған әр маңызды фактор бойынша экспериментті жеке-жеке жүргізу.

Көпфакторлы эксперимент барлық маңызды факторларды бір мезгілде түрлендіруден тұрады, ал олардың нысан қызметіне әсері дәрежесі барлық оңтайлы жоспарланған сынақтың нәтижесі бойынша анықталады.

Slide 9

Қойылатын талаптар

Slide 10

Зерттеу кезеңдері

Slide 11

Зерттеу кезеңдері

Эксперименттің негізгі және бастапқы кезеңі эксперимент міндетін қалыптастыру және қою болып табылады, ол көбінесе зерттеу мәселесі бойынша бұрындары қабылданған гипотезамен және әзірленген теориямен негізделеді.

Екінші кезең бірінші кезеңнен логикалық байланыста туындайды және ол эксперимент жоспарын әзірлеу деп аталады

Slide 12

Экспериментке дайындық. Осы кезең шегінде жабдықтар іріктеледі, оны қолдану қажеттілігі негізделеді, ол зертханаға, эксперименталды қондырғыға, стационарлы не жылжымалы тензозертханаға орнатылады, жабдықты калибрлеу, тарирлеу сияқты жабдықтарды, құралдар мен құрылғыларды дайындау жұмыстары жүргізіледі, эксперимент сызбасы жасалады және ол жүзеге асырылады.

Зерттеу кезеңдері

Slide 13

Зерттеу кезеңдері

Төртінші кезең - экспериментті тікелей жүргізу кезеңі. Бастапқы үш кезең де осы кезеңге қызмет етеді және осы кезеңнің дұрыс іске асуы және нәтижесінің дұрыс болуы алғашқы үш кезеңге байланысты. Бұл орталық кезең, бірақ соңғы емес, себебі осы кезеңде алынған жалпылама деректер, тіпті магнитті не жарық сезгіш таспаға үздіксіз жазылса да, одан арғы өңдеуді талап етеді.

Slide 14

Зерттеу кезеңдері

Эксперименттің бесінші кезеңі эксперименталды деректерді өңдеуден тұрады. Зерттеу үдерісі заңдылығын талдау мен анықтау мүмкіндігін негіздейтін эксперимент жүргізу нәтижелерін математикалық өңдеудің көп әдістемесі бар.

Зерттеудің алтыншы кезеңі - эксперименттің өңделген нәтижелерін талдау, негізгі ғылыми ережелер мен заңдылықтарды, регрессия теңдігін, бағалау функциясын әзірлеу.

Жетінші соңғы кезең - шешім қабылдау. Осы кезең шегіндегі зерттеушілер әрекеті зерттеу міндетіне сай әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, бұл кезеңге белгілі бір жалпылама тән, бұл кезеңде зерттеу нысанын жетілдірудің жалпы не дербес (зерттеу міндетіне байланысты) бағыты әзірленеді, ол теориялық және эксперименталды зерттеудің алдыңғы кезеңдерімен логикалық тұрғыда байланыста болады.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!!!

Slide 16

Пайдаланылған әдебиеттер:

http://helpiks. org/3-38016. html сайты

https://kk. wikipedia. org/wikiсайты

http://scibook. net/obschaya-psihologiya-knigi/eksperimentalnyie-issledovaniya-15819. html


Ұқсас жұмыстар
Эксперименталды зерттеулер
Эксперимент әдісі
Психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ
ЭКСПЕРИМЕНТ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Физикалық эксперимент
Химиялық эксперименттің түрлері
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ - ПСИХОЛОГИЯДА
Эксперименттік биология сабақтарының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz