Кәсіпкерлік қызметті Кәсіпкерлік қызметті қолдау бағдарламасы қолдау бағдарламасы


Slide 1

Дәріс № 4. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ «Экономика және бизнес»

КАФЕДРА «Экономика және менеджмент»

Экономика ғылымдарының кандидаты, сениор-лектор

Жұмыс. тел. : 2935295, ішкі номер №152

Эл. адрес: bolatkyzy. s@atu. kz

Slide 2

Дәрістің МАҚСАТЫ -

фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар, Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қарастыру.

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР:

фирма, кәсіпорын, бизнес, кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам, капитал айналымы, ауыспалы айналым, толық айналым, инвестиция, амортизация, материалдық тозу, сапалық тозу, т. б.

Slide 3

01

сұрақтары

Кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттері

02

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері

03

Кәсіпкерлік түсінігі.

Slide 4

ФИРМА деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады.

Slide 5

01

Фирманың ТЕОРИяЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойынша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында ісәрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады.

02

ЭКОНОМИКАДА

Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастырылады.

Slide 6

Фирманың ТЕОРИяЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүліктік жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. .

ЭКОНОМИКАДА

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «КӘСІПКЕРЛІК» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді.

Slide 7

01

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері

шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;

02

экономикалық мүдделілігі;

04

шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі; .

05

белсенді ізденуі;

жаңашылдығы.

Slide 8

кәсіпкерліктің субъектілері

мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер

Slide 9

кәсіпкерліктің объектілері

шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру ісәрекеттері, құнды қағаздармен операциялар

Slide 10

01

кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері

02

Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір үдеріске біріктіреді.

Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді

Slide 11

03

кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері

04

Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.

Slide 12

01

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Құқықтық жағдайлар.

02

Әлеуметтік жағдайлар.

Экономикалық жағдайлар

Slide 13

кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары ескерілуі қажет.

Slide 14

01

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Экономикалық жағдайлар: Нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақшақаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артықкемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

Slide 15

02

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау сияқты әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс.

Slide 16

03

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

Slide 17

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ

бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

Slide 18

Сонымен қатар, еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, өзін-өзі жұмыспен қамту шеңберінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда.

«ЕҢБЕК» ЖОБАСЫ

бойынша кәсіптік оқыту

Slide 19

ШОК субъектілерінің саны

Маңғыстау облысы

100 000

Алматы қаласы

Түркістан облысы

59 000

Шымкент қаласы

48 000

Қызылорда облысы

мың бірлік

Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған

Нұр-сұлтан қаласы

Алматы

облысы

Шығыс қазақстан

облысы

Солтүстік

Қазақстан

облысы

130

125

115

89

30

10

39 000

Slide 20

Үкімет «Бизнес-2020» бағдарламасы негізінде жас-кәсіпкерлерге гранттық қаржы көлемін бөлуді екі есе арттыруға тапсырма берген.

Іске асыру үшін 2019-2020 жылдары

32 миллиард теңге

бөлінеді деп жоспарланған.

Егер бұл шаралар жүзеге асырылса,

300 мың жас

3 жыл ішінде кәсіпкерлік негіздер бойынша оқытылады,

кем дегенде

80 мың адам

өз ісін бастайды.

Slide 21

Бағдарламалар мен жобалар

Түсіндірмелері

Кәсіпкерлік қызметті қолдау бағдарламасы

Кәсіпкерлік қызметті қолдау бағдарламасы

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО) бағдарламасы

Бизнесті жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер бойынша оқыту және шеберлік сабақтар, семинарларды «бір терезе» қағидасымен консалтингтік кеңес беру қызметі пакеті. Тегін ұсынылады.

Гранттық

қаржыландыру

Мемлекеттің гранттар тағайындау барысында жаңа бастаушы жас кәсіпкерлер мен кәсіпкерлерге және әйелдер мен мүгедектер топтарына, 50 жастан асқан тұлғаларға назар аударылады.

«Бизнестің жол картасы 2020»

Аймақтарда кәсіпкерлікті тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау мен жаңада, тұрақты жұмыс орындарын құру.

Slide 22

Бағдарламалар мен жобалар

Түсіндірмелері

Инновациялық

гранттар

Индуртриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы ҚР 2012 жылғы 9 қаңтардағы №534-ІV Заңына сәйкес жұмыс жасайды. Осы заңның 20 бабы 3 тармағына сәйкес 9 түрлі гранттар беріледі.

«Даму-блиц» несиелеудің технологиясы

«Даму-блиц» несиелеудің технологиясы бойынша несиелеу,

қарыз беру жүргізіледі

«Startup «bolashak» жобалар байқауы

Жас кәсіпкерлерді қолдау стартап жобасы

Ұлттық инновациялар байқауы-2016

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік АҚ мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бірігіп өткізетін Ұлттық инновациялар байқауы

Slide 23

Бағдарламалар мен жобалар

Түсіндірмелері

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жж. бағдарламасы

Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санын 2011 жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайту.

Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау

Бұл бағдарлама көмегімен заңгердің, маркетологтың, сапа стандарттарын енгізу бойынша мамандардан тегін кеңес алу. Бизнестің өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігі

Кәсіпкерлердің құзірет орталықтары

Орталықтар арқылы кеңестер, сервистік қызметтерді ала отырып, өз облысыңыздағы орталықтардан сол аймақтарға қажетті оқуларды оқи алады.

Бизнесті

инкубациялау

Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағытында қаржыландырады

Slide 24

Түсіндірмелері

Инновациялық жобаны еліміздің шикізаттық емес салаға арнасаңыз, онда Сіздің жобаңыз қаржыландырылады.

Егерде, Сіз шоудың не байқаудың кейіпкері болсаңыз, Сізге новаторлық жобаңызды коммерцияландыруды үйретеді. «Инновациялық форсаж» теле шоуы арқылы жүзеге асырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстан бойынша жаңа кәсіп ашатын кәсіпкерлерге, бастамашығы бар тұрғындарға бизнес ашу және тиімді жүргізу туралы білім беру

Ұлттық кәсіпкерлер паласының ұйымдастырумен табысты болғысы келетін жастарға қолдау. «Бастау» жобасы аясында жүзеге асырылды.

«Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасы

Slide 25

Ықпал ету салалары бойынша кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру құралдары

Ақпараттық-ағартушылық

Қаржы-экономикалық

Әкімшілік-құқықтық

МЖК құралдары

Әлеуметтік

Slide 26

шағын және орта бизнесті дамытудың мақсатты өлшемдері

Экономикалық

әлеуметтік

Меншік құқығын сақтауды қамтамасыз ету;

Сыбайлас жемқорлық қызмет;

Бизнесті құрудың, жүргізудің және жоюдың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету;

Ынталандыру салық саясаты;

кәсіпкерлікті реттеу мәселесінде жауапкершілік орталықтарын ықпалдастыру.

Нормативтік-құқықтық

ШОК мемлекеттік қолдау;

Кәсіпкерлерді инновациялық жобалар мен бағдарламаларға тарту;

Сыртқы экономикалық қызметті қолдау;

Жаңа технологияларды тарату;

Өзін өзі жұмыспен қамтуды ынталандыру.

Азаматтық бостандықты қамтамасыз ету;

Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі;

Әлеуметтік орындаулар;

Қаржы нарығын дамыту;

Бәсекелестік ортаны қолдау.

Қазақстан Республикасындағы

Slide 27

Қоғамдық

Универси-

теттік

ШОБ қолдау

қорлары

Жұмыспен қамту

Серіктес банктер

Бизнес инкубаторлар, парктер

Аймақтық венчурлық капитал

1

2

3

4

5

6

7

Жастар кәсіпкерлігі

Жастар кәсіпкерлігін қолдауда өңірлік инфрақұрылымды ұйымдастыру

Slide 28

Жастар кәсіпкерлігі


Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Кіші және Орта бизнесті қолдау бағдарламасы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Қазақтанда бизнесті мемлекеттің қолдау шаралары
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Шағын кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz