Созылмалы аурулары бар науқастар диспансеризациясы



ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы 2020
Амбулаторлық жағдайдағы динамикалық бақылау принциптері

Амбулаторлы-поликлиникалық көмек - науқастарға поликлиникалық (амбулаторияда) қабылдауда және медициналық қызметкердің науқастың үйіне барып көрсететін медициналық көмектің түрі.
Амбулаторлы-поликлиникалық көмек емхана, медико-санитарлы бөлімшелер, диспансерлер, балалар поликлиникасы, әйелдер консультациясы, орталық аудан емханаларының поликлиникалық бөлімшелер, дәрігерлік амбулаторияларымен өзіндік және бірлесіп көмек көрсетеді.
Дәрігерлік мекемелерден басқа амбулаторлы-поликлиникалық көмекті фельдшер-акушерлік пунктер (ауыл тұрғындарына) мен фельдшерлер здравпункті (шағын жұмыс орындары, қоғамдық көліктерде, құрылыста, байланыс мекемелеріндегі жұмысшылар) дәрігерлердің бақылауымен жүргізіледі.

Тұрғындарға ауруханадан тыс көмекті көрсететін негізгі емдік-профилактикалық мекеме болып көп профильді поликлиника табылады. Мұнда дәрігерлер 20-25 науқас қабылдайды. Мұндай поликлиника құрамына көптеген мамандандырылған бөлімшелер мен кабинеттер кіреді.
Амбулаторлы-поликлиникалық көмек жалпылық пен қол жетімділік, емдік және профилактикалық медицинаның кең өзара байланыс, аурудың ерте кезеңінің активті түрде анықтау мүмкіншілігінің болуы, профилактика мен ауруханадан тыс көмектің арнайыланған түрінің енгізілуі, аймақтық жұмыс принциппен ерекшелінеді.

Барлық аймақтық амбулатория мен поликлиника негізінде аймақтық принцип жатыр.
Аймақтық принцип басқа да дәрігер мамандарына жайылады (акушер, психиатр және т. б. ) .
Аймақтық принцип тіркелген тұрғындарға жүйелі медициналық бақылауды орнатуға, салауатты өмір салтын қалыптастыратын іс-шаралар мен ауруларды ескерту мүмкіндігін береді.

Диспансеризация - тұрғындардың арнайы контингенттерінің денсаулығының активті түрде бақылауымен, еңбек пен тұрмыс жағдайын анықтауға, дұрыс физикалық даму мен денсаулықты сақтауға, ауруларды арнайы емдік-профилактикалық мекеменің жүйелі іс-шаралары болып табылады.
Диспансеризация негізін диспансерлік әдіс құрайды. Ол есепке алынған тұлғаның әр дайым медициналық бақылаумен негізделеді. Диспансерлік әдіс көмегімен емдік және профилактикалық принцип синтезі іске асырылады.

Диспансеризацияның сәтті жүргізілуі көбіне қоғамның толық қатысуына байланысты. Тек жалпылық көмекке сүйене отырып диспансер мен поликлиника жүйесі кеңейіп, диспансеризация түрлерін дамыта алады.
Контингенттерді іріктеу мақсатында екі негізгі принцип бар: бұл әлеуметтік және медициналық.
Қазіргі уақытта диспансерлік бақылауға арнайы дені сау адамдар тобы кіреді:
Жалпы жас-физиологиялық ерекшеліктерімен біріккен (балалар, жасөспірімдер, жүктілер және т. б. ) ;
Еңбек жағдайы (арнайы маман жұмысшылары, спортшылар және т. б. ) ;
Арнайы аурулармен ауырған (өкпе, жүрек қан-тамыр, эндокрин жүйесі т. б. )

Жыл сайын жүргізілетін диспансеризация келесіге негізделген:
Сау тұлғаларға - денсаулықты сақтау және ары қарай нығайту, дұрыс физикалық және психикалық дамуды қамтамасыз ету, оптимальды еңбек және тұрмыс жағдайын дамыту, аурушаңдықтың пайда болуы мен дамуын ескерту, еңбекке жарамдылықты сақтау.
Науқастарға - дерттің ерте кезеңін анықтау, аурушаңдықтың пайда болуы мен дамуын ескерту, еңбекке жарамдылықты сақтау. Диспансеризациясының негізгі мақсаты аурушаңдық пен мүгедектікті төмендету, науқастың орташа өмір сүрү ұзақтығын ұзарту.

Учаскелік терапевт диспансеризацияны - емдік-сауықтыру, әлеуметтік-гигиеналық іс-шаралардың әртүрлі түрлерін және санитарлық-ағарту жұмыстарын біріктіретін үздіксіз және үнемі үрдіс деп түсінуі керек.
Дәрігер сәтті диспансеризацияға және алдына қойылған мақсат, міндеттеріне қол жеткізудің бірден-бір шарты - ауырған және дені сау диспансерлік бақылаудағы адамдарды динамикалық бақылау және емдік-алдын алу іс-шаралары кешенінің толығымен орындалуы екенін білуі керек.
Динамикалық бақылауға медициналық қарауларды ұйымдастыру, зерттеу, сипатын анықтау және нақтылау, бақылау жиілігін, активті шақыртулар жүйесі мен үйіне бару, дәрілік ем кіреді.

Диспансерлік бақылаудағы науқасқа жүргізілетін емдік-сауықтыру іс-шараларына мыналар жатады:
Амбулаторлық-емханалық жағдайдағы рецидивке қарсы ем;
Емхананың күндізгі стационарындағы ем;
Жоспарлы түрде стационарлық ем;
Санаторий, пансионат, санаторий-профилакторий, демалыс үйі, курорттарда сауықтыру;
Еңбекпен қамтамасыз ету;
Емдік гимнастикамен айналысу;
массаж, инерефлексотерапия, фитотерапия;
Диеталық тамақтану;
психотерапия, психологиялық коррекция.
Осымен қоса, динамикалық бақылауға диспансеризация эффективтілігін бағалау, біріншілік документациялар және мәліметтер банкіндегі ақпараттар анализі кіреді.

Диспансеризация түрлері
Қазіргі кездері диспансеризацияның келесі түрлерін бөледі:
Жедел терапиялық аурулармен ауырған науқастар диспансеризациясы;
Созылмалы аурулары бар науқастар диспансеризациясы;
Декреттелген контингенттер диспансеризациясы;
Сау адамдар диспансеризациясы.
Осылайша, диспансеризацияны жүргізудегі басты ролді учаскелік (цехтық) дәрігер атқарады.

Учаскелік терапевт-дәрігерлер:
Қызмет көрсететін аумағындағы тұрғындардың персоналды санағын жүргізеді;
Белгілі бір науқасқа аумақтық немесе өндірістік қағида бойынша медициналық-санитарлық бөлімшеде, емханада, диспансерде және басқа емдік-алдын алу мекемесінде қызмет көрсетілетінін есепке алады;
Кезеңділікті жоспарлап және тұрғындарға профилактикалық тексерулер жүргізуіне қатысады;
Қызмет көрсететін контингентке диспансеризация бойынша барлық мамандар мен қызметтер жұмысын координациялайды;
Аумақ тұрғындарына емдік-сауықтыру шараларын жүргізеді;
Диспансерлік бақылаудағы барлық науқастарға динамикалық бақылау жүргізеді;
Аумақта диспансеризацияның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Дәрігер-терапевт диспансеризацияны арнайы бөлінген уақытта (айына 1-2 рет) жүргізеді, ол уақытта дәрігер ағымдағы барлық ауру қабылдаулардан босатылады. Бұл жайлы ол терапиялық бөлімше меңгерушісіне хабарлауы керек.
Емхана штаты толық болса, терапевт-дәрігерге маман-дәрігерлер бригадасы беріледі. Мұндай мүмкіншілік болмаса, терапевт-дәрігер диспансеризациядағы шақырылған науқастардың бәріне сәйкес мамандарға қабылдауға талондар алып береді.
Сонымен қоса көрсеткіштеріне байланысты, терапевт-дәрігер алдын ала немесе қабылдау кезінде науқасты лабораторлы-инструменталды зерттеулерге жолдайды. Науқаста терапевт-дәрігерге келесі қабылдауға келгенінде мүмкіндігінше осы мәліметтер болуы керек.

Диспансерлік бақылаудағы әрбір науқасқа 1 жылда 3-4 белсенді қабылдаулар жоспарлау керек, соның ішінде ол есепте тұрған дәрігерге 2 реттен аз емес.
Учаскелік терапевтің диспансеризация бойынша жұмысына әрбір емханада бар диспансеризация кабинеті көмектеседі. Ол жерде терапевт немесе басқа мамандар бақылауы керек науқастар арасынан таңдама жасалады.

Диспансеризациялық жұмыстарды ұйымдастыру мен оның орындалу жауапкершілігі бас дәрігер, оның емдеу ісі бойынша орынбасары және бөлімше меңгерушілеріне беріледі. Зерттеудің толықтығы мен сапа бақылауы емдеу мекемесінің мүмкіншіліктерімен, диагностикалық кабинеттердің болуы мен штат толықтығымен анықталады.
Бірақ, мұндай мүмкіншілік болмаса да, диспансерлік бақылаудағы адамды әрбір қарау кезінде міндетті түрде қан және зәр анализін жүргізу керек. Аурудың түрі және басқа көрсеткіштеріне байланысты басқа да лабораторлы-инструменталды зерттеулер жүргізіледі.

Кейбір аурулар кезінде келесі мамандардың консультациясы қажет болады: оториноларинголог, невропатолог, стоматолог т. б. бұлардың тағайындаулары және оның орындалуы диспансерлік бақылаудағы науқастың ауруының ағымы мен болжамына айтарлықтай ықпал көрсетеді.
Терапевт-дәрігердің міндеті қажет консультацияны ұйымдастыру. Терапевт-дәрігер өз аумағындағы барлық науқастарға қарай алмайтыны анық, сондықтан оның қарауында ішкі ағзаларының белгілі патологиясы бар науқастардың тек бір бөлігі ғана болады (150-170 адам) . Терапиялық профильдегі науқастардың келесі бөлігінің диспансеризациясын басқа мамандар (кардиолог, ревматолог т. б. ) жүргізеді. Бұларға осыларда диспансерлік бақылауда болуы керек аурулар тізімі бекітілген. Бұл толығымен негізделген, себебі маман-дәрігерлер квалификациясы әзірге терапевттен жоғары болып отыр.

Қазіргі кезде терапевт-дәрігерлер мен басқа мамандар диспансеризацияны негізінен 3 топ бойынша жүргізеді:
бірінші - жедел аурулармен ауырған науқастар,
екінші - созылмалы аурулары бар науқастар,
үшінші - туа пайда болған (генетикалық) аурулары және даму ақаулары бар науқастар.

Түрлері бойынша динамикалық бақылау.
Бұл жедел ағымды және созылмалы ағымның асқыну кезңіне өткен кезеңінде бақыланады.
Бақылау ұзақтығы нозологиялық формаға және жедел ағымды аурудың шығу тегіне байланысты, қосымша ауыруы бар науқастардыда динамикалық бақылауға аламыз. динамикалық бақылау науқастардың аз уақыт көлеміндегі жұмысқа қабілетсіздігі мен мүгедек кезінде.
Жедел ағымдағы ауыруы бар науқасты динамикалық бақылау аз уақыт арасында болуы мүмкін (яғни 2- аптадан 3- айға дейін) жәнеде ( 6- айдан 24- айға созылуы мүмкін) . Науқас ауырудан сауыққаннан кейін дені сау адамдар бөліміне қосылады. Жедел және созылмалы ағымдағы науқастардың барлығы да бірдей диспансерлік бақылауға алынады.

Дәрігер созылиалы ауруы бар науқастарды таңдаған кезде, олардың ішінен ең кең таралған ішкі ағызалар патологиясын, ауырушылдық пен уақытша еңбекке жарамсыздық, түрақты еңбекке жарамсыздыққа әкелетін, мүгектік пен өлімге, орташа өмір өмір сұру ұзақтығын қысқартатын ішкі мүшелеор патологиясын таңдайды.
Бұл қатарға жүрек- қантамыр ауырулары, тыныс алу, ас қорыту жолдарының ауырулары кіреді. Тероптер мен маман дәігердің жұмысын жеңылдету үшін және барлық нозологиялық топтағы науқастардың диспансеризациясын бірңғайлық қағидаларын сақтау үшін науқастарға динамикалық бақылауға сызбалар жасалып қолданылады.
Бұларда қарау жилігі мамандар қарайтын тізімі мен лабараториялық, инструменталдық және диагностикалық зерттеулер жилігі, негізгі емдеу сауықтыру шаралары диспансеризация эффектілігінің критерилері көрсетеді.

Дәрігер-терапевтің диспансерлік бақылауында келесі контингентті адамдар кіреді:
бұл науқастар ұзақ уақыт созылмалы ауырулармен зардап шегетін, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жоғары дәрежедегі ауыршаңдығы бар науқастар.
Олардың қатарына 100% диспансерлігі бар артериалдық гипертензия, ЖИА, созылмалы бронхит, пневмония, жара ауыруы, созылмалы гастрит, секроторлық жеткіліксіздігі, созылмалы нефрит.

Бұдан басқа диспансерлік бақылауда жиі және ұзақ ауыратын адам болуы міндетті.
Бұл науқастарға кұн тізбе бойынша 3-4 не одан да көп жағыдай және еңбекке жарамсыздығы бойынша 30-40 не одан да көп кұн не этиалогиясы мен патагенезі бір-бірне байланысты болған ауырулар жатады.
Және осы группаға 5-6 не одан да көп жағдай, еңбекке жармсыздығы бойынша 50-60 не одан да көп кұн не этиалогиясы мен патагенезі бір-бірне байланысты болған ауырулар жатады.

Диспансеризацияні келесі жоғарі қауып-қатер факторы бар науқастарға жүргізу керек.
Ревматизмнің даму қаупы бар адамдар-гипертониялық типті бір не бірнеше созылмалы ошақты дистониясы бар тасымалдаушылар.
ЖИА-нің «қауып -қатер» фақторларына семіз адамдар, гиперлипидемия, артериалдық гипертензия, темекі шегетіндер. Осы қауып -қатер факторларының бір не бірнешеуінің болуы ЖИА-ні тудырады.

Көрсетілген контингенты ұзақ уақыт бойы динамикасын диспансерлік бақылауда бақылайды .
Бұл қатардағы жедел ауыруларға тұрақты және ауыр ағымды, асқынулар болғандар, созылмалы ағымға өткендер және дәл осы уақытта қысқа уақыттық дист өте ансерсзация жүргізідеді.
Уақыт өте кере науқастар асы аурулармен терапевтің обектісі болып ұзақ уақыт диспансерлік бақылауда болады.

Негізгі медициналық документтер, науқастардың диспансерлік бақылаудағы динамикасын көрсететін «Науқастың медициналық амбулаториялық картасы» (УФ-025/у) . Бұл картаны басқаларынан ажырату ұшін олардың түбіршегіне Д немесе аурудың шифрі қайылады. Осы арқылы науқас Д бақылау тұрады. «Медицинскалық картаға» зерттеу нәтижелерін, емін, ұсыныстар және басқада мәліметтербі тіркеп отырады.
Пациентті диспансерге алғанда дәрігер алғашқы эпикризін толтырады, жыл соңында этапный эпикризін 2- дана жазады, біреуін «Медициналық картаға», ал екіншісін статистикалық кабинетке береді .

Этапты эпикризде келесі жағдайлар міндетті түрде болуы керек :
Науқастың жалпы жағдайының жақсаруы,
Емдік -алдын алу шаралары,
Ауырудың динамикалық ағымы (субъективті жалпы жағдайының өзгеруі, өршу сатысының төмендеуі, жумысқа қабілетінің артуы) ;
Науқастың денсаулық жағдайын бағалау ( нашарлауы, жақсаруы, ) .
Эпикриз терепиялық бөлімше меңгерушісі қарап қолын қояды. Бүл эпикриздің жүргізілуі диспансеризация эффектілігін бағалау ұшін қажет.

Медициналық картадан басқа әр науқасқа диспансерлік бақылау картасы толтырылады, диспансерлік бақылау картасы (форма УФ-030/у) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz