Жүректің созылмалы аурулары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Әлеуметтік маңызды аурулармен
науқастарды жүргізу бойынша мектептерді ұйымдастыру
принциптері (ЖИА, Жедел жүрек жеткіліксіздігі
АГ, )

ЖОСПАРЫ:
Мектептер туралы
Денсаулық мектептері туралы
Денсаулық мектептерінің мақсаты
Пациенттерді оқытуды кім жүргізу қажет
Денсаулық мектебін ұйымдастыру модельдері
ЖИА
Жедел жүрек жеткіліксіздігі
Артериальды гипертония
Пайдаланылған әдебиеттер
ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІ
ТУРАЛЫ

Мектеп денсаулық сақтаудың әрбір
мектебі үшін бас дәрігердің бұйрығымен
құрылады. Бүйрықта Мектептің
басшысы, 1 жылға өткізілетін сабақтар
графигі.
Мектепте Оқытудың минимальды
штатын оқытуды жүргізетін специалист,
дәрігер немесе орта медициналық
жұмысшы (медбике, фельдшер).
Денсаулық мектебі амбулаторлы-поликлиникалық
бөлімше, сонымен қоса оған медициналық профилактика,
денсаулық орталығы күндізгі стационар немесе
стационардың специализацияланған бөлімшелері
(терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық,
пульмонологиялық), санаторий-профилакторий санаторий
базасында құрылады
ДЕНСАУЛЫҚ
МЕКТЕПТЕРІНІҢ МАҚСАТЫ

Халықты салауатты өмір салты
дағдыларына үйрету, науқастардың
денсаулығын өз бетінше өмірін
өзгертуге, құзырлықты жоғарылату
сұрақтарына және қоршаған орта
жағдайына бейімделуге оқыту,
насихаттау.
ПАЦИЕНТТЕРДІ ОҚЫТУДЫ
КІМ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ
Мектепте сабақтарды
арнайы құжаты бар
дәрігер, фельдшер,
медбике жүргізуге
құқығы бар.
Специалисттер
дайындығы үшін
медициналық мекеме
басшысы жауапты.
Топтағы пациенттер саны – 10 -12
болуына кеңес беріледі.
Паценттер Мектептегі сабақтарға
емдеуші дәрігерімен, денсаулық
орталығы дәрігері, кез келген
профиль специалисттерімен
бағытталуы мүмкін.
ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ МОДЕЛЬДЕРІ

2 схемасы болуы мүмкін:
1 – курстың барлық сабақтарында науқастарды
оқуытуды бір ғана специалист жүргізеді;
2 – науқастарды оқытуды әртүрлі
специалисттермен жүргезеді, олардың бар
болуына және квалификациясына байланысты.
ЖИА

Жүректің созылмалы аурулары. Оған
стенокардия, аритмия, жүрек
жетіспеушілігі, миокард инфаркті және т.б.
жатады.
ЖАЛПЫ ШОЛУ
Жүрек ишемиялық ауруларының белгілері:
Төс тұсының ұстамалы ауыруы (стенокардия).
Бұл бір науқаста тек жайсыздықпен байқалса, енді
басқаларында – қатты қысып, (күйдіріп кейде
жүректің қыжылдауы) ауруымен сипатталады.
Ауыру сезімінің сол иыққа немесе сол қолға
«берілуі» жүрек ишемиялық ауруларына тән
жағдай. Сонымен қатар ауыру сезімі мойынға, оң
жақ иыққа, жауырын арасына «берілуі» мүмкін.

Тез әлсіреу, шаршампаздық.
Ауа жетіспеушілігі.
Денеге жүктеме түскенде ентігу және жүректің
қатты соғуы.
Тәулік соңында аяқтың ісінуі.
Лоқсу және асқа тәбеттің болмауы.
Жүрек ауруларының даму қаупін болдырмас үшін әрбір адам
келесі шараларды орындауы қажет:

Дұрыс тамақтану: бұл – қауіпті төмендетудің басты
сатысы
Дене жаттығуларымен тұрақты шұғылдану: бұл аурудың
даму қаупін төмендетеді. Жаттығулар жүректің бұлшық етін
шынықтырып, оның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Темекі шегуді тастаңыз: бұл арқылы аурудың даму қаупін
төмендете аласыз.
Өз дене салмағыңызды бақылап отырыңыз. Дене
салмағының артықшылығы, әсіресе семіздік,
жүректің ишемиялық ауруларының дамуына
әкеледі.
Күйзелістерден аулақ болыңыз.
Қан қысымын өлшеп, бақылап отырыңыз. Қан
қысымының жоғарлауы жүрекке үлкен күш
түсіреді.
Қанның құрамындағы холестерин мен
глюкозаның деңгейін анықтаған жөн.
Алдын алу тексерулерден тұрақты өтіп тұрыңыз
САБАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мектепегі сабақтардың ортақ құрылымы бар:
Кіріспе (Сабақтардың құрылымымен танысу)
Ақпараттық бөлім(сабақтың теориялық бөлімі)
Оқытудың активті формалары (практикалық
қабілеттерге оқыту)
Сабақтың қорытынды бөлімі (қорытындыны
шығару)
АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ
Сабақтың ақпараттық бөлім анықтамалық
құжат ретінде көрсетілген. Ақпараттық басты
бағыты – науқасты ауруы жайлы ақпараттау
және емдеу және профилактика процесіне
қатысуын түсіну.
Сабақтың активті бөлімі науқастардың өзінің
жағдайын бағалай алатындай және
денсаулығын сақтауға бағытталған қабілеттерін
дамыту
САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Толық цикл 45 минуттан болатын 7 сабақтан тұрады.

1 Сабақ . ЖИА туралы не білу қажет
2 Сабақ. ЖИА кезіндегі тамақтану принциптері
3 Сабақ. ЖИА кезінде физикалық күштеме
4 Сабақ . ЖИА кезіндегі фитотерапия
5 Сабақ . ЖИА медикаментозды емі
6 Сабақ. Қорытынды
ЖЕДЕЛ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ.
Жедел жүрек
жеткіліксіздігі —
миокардтың жедел
немесе аяқасты
дамитын
жиырылғыштығының
бұзылысы және
қанайналым
жеткіліксіздігі
Қант диабетінің негізгі симптомдары
үнемі сусап тұру (полидипсия)
кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия)
үнемі шаршаулы сезіну (полифагия)
қол-аяқтың үйып, жансыздануы
үнемі қарын аштығынан арылмау
салмақ азаюы
Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары
терінің қышуы
көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман
көлегейлегендей»)
жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы
аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.
естен тан
Жедел жүрек жеткіліксіздігі себептері:
миокард инфарктісі (үлкен көлемді, жарылу).
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің
декомпенсациясы (тиімсіз ем, қосымша аурулар).
Аритмиялар (қарынша үсті, қарыншалық
тахикардия, брадикардия, экстрасистолия,
блокадалар).
Қан ағуына кедергілер (аорта саңылауының
стенозы, митральды саңылауының стенозы,
гипертрофиялық кардиомиопатия, ісіктер,
тромбылар).
Қақпақ жетіспеушілігі – митральды, аортальды.
Миокардиттер.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Өкпе текті жүрек.
Артериальды гипертензия.
Жүрек тампомадасы
Жүрек травмасы
АРТЕРИАЛЬДЫ
ГИПЕРТОНИЯ
1 сабақ. Гипертония жайлы не білу
қажет
2 сабақ. Дұрыс тамақтану
3 сабақ. Артық салмақ және АГ
4 сабақ. Физикалық белсенділің және
денсаулық
5 сабақ. Темекі тарту және
денсаулық
6 сабақ. Стресс және денсаулық
7 сабақ. АГ медикаментозды емдеу
АРТЕРИЯЛЫҚ
ГИПЕРТЕНЗИЯ
Артериялық гипертония немесе
артериялық гипертензия– артериялдық
қысымның жоғарылауын білдіретін симптом.
Артериялдық гипертензия гипертониялық
аурудың және басқа да симптоматикалық
артериялық гипертонияның негізгі белгісі
болып табылады. Гипертониялық ауру
(эссенциалды гипертензия) жүрек-қантамыр
ауруларының ең жиі тараған түріне жатады.
Гипертониялық ауру барлық артериялдық
гипертониямен ауыратындардың 65-75%,
симптоматикалық артериалық
гипертониямен ауыратындар - 25-35%
құрайды.
АҒЫМЫНЫҢ 4 НҰСҚАСЫН
АЖЫРАТАДЫ:
1 - қатерлі (тез өршитін);
2 – баяу өршитін;
3 - өршімейтін;
4 – қайтымды дамуымен;
Қатерлі түрінде АҚ бастапқы кезден-ақ тез
өршиді, АҚ өте жоғары сандарына жетеді
( 220/130-140 мм с.б.б. жоғары), көз түбінің
торқабықтың және көру нервінің ісінуі
ретінде зақымдалады, геморрагиялар
болады; бүйрек тамырларындағы
органикалық өзгерістер (фибриндік некроз)
орны алуы да жиі кездесіп отырады.
Сонымен қатар гипертониялық
энцефалопатиялар, ми қанайналымының
бұзылысы, жіті солқарыншалық және
бүйректік жеткіліксіздік дамиды.
АГ ҚАУІП ДӘРЕЖЕСІ:

Төменгі қатер тобы (1 қатер). Бұл топқа
АГ 1 дəрежесі мен басқа қатер
факторлары, ағза нысана зақымдалуы
жəне жүрек-қантамыр ауруларының
қосарлануы жоқ 55 жастанжас ерлер
мен əйелдер кіреді. Жүрек қантамыр
асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму
қаупі алдағы 10 жылда 15% төменді
құрайды.
Орташа қатер тобы (2 қатер). Бұлтопқа 1
немесе 2 дəрежедегі АГ емделушілер
кіреді. Бұл топқа кірудің негізгі белгілері
болып ағза нысана зақымдалуы жəне
жүрек-қантамыр ауруларымен
қосарлануы жоқ, 1-2 басқа
факторлардың болуы табылады. Жүрек
• Жоғары қатер тобы (3 қатер). Бұл топқа
3 немесе одан көп басқа қауіп-қатер
факторлары бар немесе ағза нысандардың
зақымдануы бар, 1 немесе 2 дəрежелі АГ
емделушілер жатады. Осы топқа 3
дəрежелі АГ науқастар кіреді, ағза
нысаналардың зақымдануынсыз, қосарлы
ауруларсыз жəне қантты диабетсіз. Жүрек
қантамыр асқынуларының даму
қаупі алдағы 10 жылда 20 дан 30% ке
дейін.
• Өте жоғары қауіптегі топ (4 қатер). Бұл
топқа АГ кез келген дəрежесі мен
емделушілер жатады, қосарланған
аурулары бар, сонымен қатар 3 дəрежелі
АГ емделушілер, қосарланған аурулар
болмаған жағдайда да басқа қауіп қатер
факторларымен жəне/немесе ағза нысана
жəне/немесе қантты диабетпен науқастар
кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының
даму қаупіалдағы 10 жылда 30% жоғары.
ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Дəрі-дəрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту:
1. Дəрі дəрмексіз ем АГ барлық науқастарға ұсынылуы қажет,
дəрілік терапияға зəрулерді қоса.
2. Дəрі дəрмексіз терапия дəрі дəрмектік терапияға қажеттілікті
төмендетеді жəне гипотензивтік препараттар тиімділігін
арттырады.
3. Өмір салтын өзгерту бойынша шараларды АГ барлық
емделушілерге, сонымен қатар АҚ «қалып шеңберінде артқан»
науқасатрға ұсыну қажет (130-139/85-89 мм.с.б.).
4. Темекі тартатын емделушілерге оны тастауды ұсыныңыз.
5. Алкоголь пайдаланатын емделушілерге, оны ерлер үшін 20-30 г
этанол/тəулігіне көп емес, əйелдер үшін 10-20 г этанол/тəулігіне көп
емес шектеу ұсынылады.
6. Дене салмағы жоғары емделушілерге (ДСЖ 25,0 кг/м2) салмақты
төмендетуді ұсыну қажет.
7. Тұрақты жаттығулар көмегімен физикалық белсенділікті арттыру
қажет.
8. Ас тұзын пайдалануды тəулігіне 5-6 г аз мөлшерге дейін немесе
натрийді тəулігіне 2,4 г деңгейге дейін азайту қажет.
9. Жеміс пен жидектерді пайдалануды арттыру қажет, ал
құрамында қаныққан май қышқылдары бар өнімдерді шектеген
жөн.
10. АҚ төмендету үшін зат ретінде таблеткадағы кальций, магний
немесе калий препараттарын пайдалануды нұсқамаңыз.
НЕГІЗГІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР
ТІЗІМІ
1. Гидрохлортиазид табл, 12,5-25 мг.
2. Индапамид табл, 2,5 мг.
3. Метопролол табл, 50-200мг\тəулігіне.
4. Эналаприл табл, 2,5 мг, 10 мг;
ампуладағы ерітінді 1,25 мг/1 мл.
5. Лизиноприлтабл, 5-40 мг.
6. Периндоприл 2-8 мг.
7. Эпросартантабл, 300-600 мг\тəулігіне.
8. Амлодипинтабл, 5 мг, 10 мг.
9. Верапамилтабл, 240-480 мг.
10. Доксазозинтабл, 1-16 мг.
11. Моксонидинтабл, 02-0,4 мг\тəулігіне.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
http://gkkp18.kz/kz/additional_menu/shk
ola-zozh/shkola-zdorovya-ishemicheskay
a-bolezn-serdcza
«Детские болезни» Л. А. Исаев
“Пропедевтика детских болезней” Шабалов
http://deti.mail.ru/serdechnie
bolezni/beremennosty/
http:www.google.ru.doctor.end.narod.ru.
Земцовский Э.В., Гусейнов Б.А., Извекова А.В.,
Полухина Е.Л., Чистова И.Я. (1989) О
точности реографического метода
определения ударного объема крови //

Ұқсас жұмыстар
Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
Жүрек пен өкпе
Миокард инфарктісі себептері
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру
Жүректің ревматикалық аурулары
Жүрек - тамыр жүйесінің төтенше жағдайлары
«Кенеттен қайтыс болуды алдын алатын дәрі-дәрмектер»
Симптомдар мен синдромдар жөнінде түсінік
Қан тамырлары
миокардит
Пәндер