Сыбайлас жемқорлық сауалнама




Презентация қосу
Қ.А Ясауи атындағы қазақ түрік
халықаралық университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық сауалнама.

Орындаған: Үсен Абылай
Тобы: 004F
Тексерген: Нахипбекова С.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Сұрақтарға жалпы анықтама, анализдік
талдау
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық
«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет
организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен
сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және
моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке
бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға
қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан
шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.
Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі
болып табылады.
Көбіне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа екі негізгі кейіпкер қатысады: үкімет және жеке меншік
секторы. Қағида бойынша азаматтар жемқорлықтың бас құрбанына айналады.
Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің
жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.
Сыбайлас жемқорлық бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының
мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға
бағыттауы.
Мен бұл сұрақтар қою себебім жеке тұлғаның өткен шақта пара берді ме,
әлде жоқ па соны анықтағым келді. Яғни бұл сауалды нақты сұрақ қоймай
психологиялық түрде сынауды жөн көрдім. Менің сұрақтарыма жалпы
алғанда 14 адам жауап берген әр қайсысының жауаптары әр түрлі, менің
ойымша барлығы пара бермейміз деген сияқты жауап берген. Міне
сондықтан мен адамды сынау ретінде сұрақтарды психологиялық түрде
алдым. Мен барлық сұрақтардың қай жауапқа қалай жауап бергенін нақты
көрсетіп және де мен үшін ең маңызды деген сұрақтарды қойдым.
Менің ойымша кей кезде адамдар амалы жоғынан пара беруге мәжбүр
болады. Сондай жағдайда лауазымды адамдар, дәрігерлер, мемлекеттік
қызметкерлер өз мүддесін ойлап пайда көріп қалғысы келеді. Сондықтан
көп адамды пара бердің деп кінәлауға болмайды. Парақорлықты жеңу
үшін заңды өте жоғарғы деңгейде қаталдатып және айлықты көтеру қажет
сонда ғана бізде сыбайлас жемқорлық жойылады деген сенімдемін.
Айта кететін болсақ мен құрастырған сұрақтардың 14 адамның ішінен 40% ғана пара алмаған және де
бермеген деген шешімге келдім. Себебі олар нақты сұрақтарға жауап берді. Онда адам өзіне сенушілігі
байқалады. Ал қалған тұлғалар пара берген деген ойға келдім.
Яғни жақын туысқандарын араластырып сұрақ қойып яғни өзініңде болашағына арналған сұрақтар қойдым.
Мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға
қауіпті дерт екенін айтты.
– Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс
тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы
ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін
айтты. Сондықтан, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырды. Мемлекетте оған қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті.
– Біріншіден, бізде жемқорлыққа қарсы күресте қару бола алатын мықты мемлекеттік институттар бар.
Мемлекеттік аппарат жұмыс істеу тәсілін өзгертіп, жемқорлықтың жолын кесуі керек. Екіншіден,
жемқорлықпен күрес халықтың табанды сұранысына ие. Әкімшілік сауалнама жүргізеді, өзім де ел аралап
жүремін. Сонда байқағаным, біздің қоғам жемқорлықпен ымырасыз күресуге дайын. Үшіншіден, біздің
елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымыз жемқорлықты түбегейлі
жойған жағдайда ғана жүзеге аспақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қорытынды:

Яғни менің қойған сұрақтарыма зер салып қарасаңыздар
ойланарлық сұрақтар. Яғни көбісі өзінің жақындарын
құтқарып қалу мақсатында пара беруге дайын деген
секілді пікірге келген. Біз тек үлкендердің айтқанын
күтпей бізде басқаларға пара алмауды, бермеуді
айтуымыз керек. Сонда ғана жақын туысқандарымыз
бұндай қателік жасамауға септігіміз тиеді.
Пайдалы әдебиеттер

http://ank.kz/post/sybajlas-zhemorly-ymy
https://
www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_sittings/ka
zakstan-prezidenti-kasym-zhomart-tokaevtyn-toragalygymen-syb
ailas-zhemkorlykka-karsy-is-kimyl-maseleleri-zhoninde-kenes-ott
i
ӨЗ ОЙЫМ

Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық субъектілері
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
Саяси себептер
Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері
Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік
Пәндер