Өндіріс шығындарының классификациясы




Презентация қосу
Өндіріс
шығындарының
классификациясы
Тобы: 1508-29а
Орындаған: Жұмаева Н.
Қабылдаған: Исатаева Г.
Шығындар нарықта құн формасынан алынған
ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін
өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі
болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте
тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы
төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша
Айқын шығындар

Экономикалық шығындар

Бухгалтерлік Айқын емес шығындар
шығындар
Бухгалтерлік шығындар өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты
жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар
сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік
және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды
балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған
ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып
өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып
бөлінеді.

Айқын шығындар өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын
ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға
ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы
төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі
ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары
т.б.
Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне
байланысты

Тұрақты Старттық
шығындар шығындарға

Қалдық Өзгермелі
шығындар шығындар
Тұрақты шығындар (fixed costs FC) – белгілі уақыт аралығында өндіріс
пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз.
Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық
көрсетеді.
Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық
төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің
бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б.Олар
старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді.

Старттық шығындар Қалдық шығындар
өндіріс пен өткізудің өндіріс пен өткізу белгілі
қайта басталуымен бір уақытта толық
байланысты жұмсалатын тоқтағанына қарамастан
тұрақты шығындардың жұмсалатын
бір бөлшегі жатады. Бұл кәсіпорындардың
шығындарды координата тұрақты шығындардың
осінде көруге болады. бір бөлігін жатқызуға
болады.
Өзгермелі шығындар (variable costs VC) – белгіленген мерзімде өнімді
өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы,
шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды
кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады.
Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

1 Пропорционалды өзгермелі
шығындар - егер көлемі мен
шығындарының өзгерісіне пара-пар
келсе қалыптасады.

Дегерессивтік өзгермелі шығындар –
шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс
көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз
болған жағдайда қалыптасады.

Прогрессивтік өзгермелі шығындар -
өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс
көлемінен артық болған жағдайда
орындалады.
Өндірістің тиімділігін және табыстылығын
анықтайтын шығындар
Ауқымның оң нәтижесі (масштабтан үнемдеу немесе
өскелең қайтарым) шығарылым өсуіне сәйкес
фирманың ұзақ мерзімдік орташа шығындары
кемігенде орын алады.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша
шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде
жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың
көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі
анықталады.

Тұрақты (total fixed costs ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген
жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген
сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың
жалақысына т.б. кететін шығындар.)
Қорытынды
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар
қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет
етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде
өзіндік құнға негізделеді.

Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық
жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын
табысы өндірістегі шығындарға тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы
сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім
өндірісіне шығындар – ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық
ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және
басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше,
өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны
өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың шығыны мен табысы
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Өндіріс шығындары туралы ақпарат
Өндіріс шығындарына жататындар
Шығын және аралық тұтыну статистикасы
Өндіріс шығындары мен табысы
Еңбекті ұйымдастыру
Столпер - Самуэльсон теоремасы
КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ
Пәндер