Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықтамасы және ҚР ҚК бойынша жіктелуі


Slide 1

Қылмыстық құқық бұзушылықтар

Тобы: 1508-29а

Орындаған: Жұмаева Н.

Қабылдаған: Битұрсын Ғ.

Slide 2

Қылмыстық құқық бұзушылықтың формальды анықтамасы бойынша, қылмыстық құқық бұзушылық дегенiмiз - қылмыстық заң арқылы жазалау қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр әрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық құқық бұзушылық әрекетінiң мәнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр әрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды.

Slide 3

Қылмыстық құқық бұзушылықтың материалдық анықтамасында қылмыстың негiзгi сапасы - оның қоғамға қауiптiлiгiмен анықталады деген тұжырым жасалған. Бұл анықтамаға сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық дегенiмiз - адамның қоғамға қауiптi iс-әрекетi болып табылады. Жасалған әрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң бар болуы оның белгiлi бiр қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiнтуғызады дегендi бiлдiредi.

Slide 4

Формальды және материалды анықтамалар бiрiн-бiрi толықтырып қылмыстық құқық бұзушылық ұғымын бередi. ҚР ҚК 10-бабының 1-ші бөлiгiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

Қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне

Қылмыстық теріс қылық

Қылмыс

Slide 5

Қылмыстық теріс қылық (ҚР Қылмыстық кодексінің 10 бабы 3 бөлігі) Белгілері: 1. Қоғамға зор қауіп төндірмейтін іс-әрекет 2. Болмашы зиян келтірген іс-әрекет немесе адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған іс-әрекет 3. Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген іс-әрекет 4. Айыпты жасалған іс-әрекет

Slide 6

Қылмыс (ҚР Қылмыстық кодексінің 10 бабы 2 бөлігі Белгілері: 1. Қоғамға қауіпті іс-әрекет 2. Айыпты жасалған іс-әрекет 3. Айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған іс-әрекет

Slide 7

ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк -қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. (ҚР Қылмыстық кодексінің 10 бабы 4 бөлігі)

Slide 8

Қол сұғушылықтың топтық объектiсiне қарай қылмыстық құқық бұзушылықтарды он сегіз топқа бөледi. Заң шығарушы ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігін топтық объектілеріне қарай тарауларға бөлінеді.

Slide 9

Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстық құқық бұзушылықтарды қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай үш түрге бөледi: 1) Жай қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК 99-бабының 1-бөлiгi), 2) Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК 99-бабының 2-бөлiгi) ; 3) Жеңiлдетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК 100-105 баптары) .

Slide 10

Кiнәнiң нысаны бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды екi түрге бөледi: 1) Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар; 2) Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Slide 11

Қылмыстарды қоғамға қауiптi сипаты мен дәрежесiне қарай оларды төрт санатқа бөледi:

Онша ауыр емес қылмыстар

қасақана әрекеттер үшін ең ауыр жаза бас бостан дығынан айырудың 2 жылынан аспайды

абайсыздағы әрекеттер үшін ең ауыр жаза бостандығынан айырудың 5 жылынан аспайды

Slide 12

Ауырлығы орташа қылмыстар қасақана жасалған әрекеттер үшін ең ауыр жаза бас бостандығынан айырудың 5 жылынан аспайтын Абайсызда жасалған әрекеттер үшін ең ауыр жаза бас бостандығынан айырудың 5 жылдан аса мерзімге көзделген

Slide 13

Жасалғаны үшiн ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады

Slide 14

Жасалғаны үшiн ҚР Қылмыстық Кодексінде он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады


Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі, санаттары және ҚР ҚК баптары бойынша жіктелуі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективті жағы: белгілері, құрамдастары және себепті байланыс
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар: ҚР Қылмыстық кодексінің 205-213 баптарына талдау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу: түсінігі, белгілері, түрлері және қылмыстық жауаптылығы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу: түсінігі, белгілері, қатысушылардың түрлері мен қылмыстық жауапкершілігі
Қылмыстық құқық негіздері: қылмыс құрамының элементтері және қылмыстық жауаптылық
Құқық негіздері және медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Құқық бұзушылықтың түсінігі, белгілері және түрлері
Халық денсаулығы мен имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: заңнамалық негіздері, құрамы және жіктелуі
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу: түсінігі, белгілері, қатысушылардың түрлері және жауаптылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz