Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы


Slide 1

ҚР Сыртқы экономикалық дамуы

Жұмабай Саламат

Оразгелдиев Бейбарыс

Таушабай Ердос

Бекниязов Оразалы

Арғанбай Жоламан МЖБ-41

Slide 2

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.

Slide 3

1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты.

Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Slide 4

Аймақтағы сыртқы экономикалық талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.

Slide 5

Сыртқы экономикалық қызметі қазіргі таңда мәні өте ерекше. Өйткені біз сыртқы экономикалық қызметі арқылы елімізді таныта аламыз, яғни еліміздің экономикалық потенциалын әлемдік аренада алатын орнын көрсете аламыз. Еліміз егемендік алғалы нарықтық заңдарға бейімделе бастадық. Нарықта бәсекесіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан да бәсекелестердің арасында үздік болу қажет. Елдің сыртқы экономикалық қызметі, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын, саясатын танытады. КСРО ыдыраған соң Қазақстанды көптеген ел дербес тәуелсіз мемлекет ретінде тани бастады. (Соның ішінде алғашқылардың бірі Түрік мемлекеті) Енді жас мемлекетке ішкі мәселелермен қатар сыртқы саясатты айқындаудың мәні зор болатын. Қазақстан Республикасы өзінің экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешуде әлем мемлекеттерімен дербес экономикалық саясат жүргізе бастады.

Сондықтан да осы курстық жұмыста аймақтағы сыртқы экономикалық қызметінің маңыздылығына аса мән бере отырып, оны тереңірек талдау және жетілдіру мәселелері талқыланады.

Slide 6

1. Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық түрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық эко-номикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің аймақтағы сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи түлғаларының үқсас шетелдік қатысу-шылармен жөне халықаралық қаржы-кредит институттары-мен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, транс-ферт жөне өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бүл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыра-тын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен» (Үлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары

Бүл қатынастарда және аймақтағы сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық қүралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпал-дасуды (интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Slide 7

Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы эконо-микалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек үлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптаса-тын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті суъбектілері шетел мемлекеті, халықаралық үйым, фир-ма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табыла-ды. Қаржы қатынастары үлттық экономикалардың шекарасы-нан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен терендей түсуіне жөрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.

Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

қаржы көздерін іздестіру жөне халықаралық ынтымақтас-тықтың өр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жүмылдыру;

халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;

халықаралық қатынастардың әрбір түрін жөне бүл қатынас-тардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

Slide 8

Дамудың қазіргі кезеңінде аймақтағы сыртқы экономикалық байланыс-тарға мыналар жатады:

1) сыртқы сауда;

2) шетелдік инвестициялау: бірлескен көсіпкерлік, соның ішінде заңи түлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;

3) концессиялар - елдің аумағында шаруашылық жөне өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ре-сурстарды, өр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік қүқықтарын алу, меншікті жалдау;

4) Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит уйымдарына қатысуы; аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің бүл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланыс-ты жөне халықаралық қаржы және басқа үйымдарға жарналар төленеді;

5) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынты-мақтастық;

6) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды жөне басқа қызметкерлерді үстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Slide 9

Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы қағаздарға, шетелде өнеркөсіп және басқа объектілер салуға капитал жүмсау нысанындағы сыртқы ин-вестициялау жатады; алайда, қызметтің бүл түрі Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мүндай активтер айтарлық-тай дәрежеде шетке «капиталдың кемуі» болып табылады.

Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды - айрықша қүқықтық жене экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып та-былады, олар аймақты жеделдетілген өлеуметтік-экономика-лық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік технологиялар мен басқару төжірбиесін тарту мақсатымен қүрылады.

Аталған аймақтағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту рес-публиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап жөне кредит қатынастарының негізіне қойылған .

Slide 10

Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақ-стан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металда-рға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.

Сонымен бірге кәзіргі кезде ендірістің қалыптасқан қүры-лымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі мине-ралдық өнімдерге - 50% тиеді, оның үстіне мүнай мен газ кон-денсатының үлес салмағы 50% қүрайды. Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22, 4%, химия өнеркәсібінің өнімі 5%, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 7% ала-ды. Агроөнеркөсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық жөне былғары шикізаты болып қалуда.

Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі -валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім ендіруге жүмса-лынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның қүны және қосым-ша шығыстар - көлік, жүісгі ауыстырып тиеу, порттарда, станса-ларда сақтау шығындарының) ара салмағы үғымы қолданылады. Валюталық түсім-ақша Үлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның қүрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті жөне ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.

Slide 11

Импортта негізгі баптар машиналар, қүрал-жабдық, көлік қүралдары, приборлар - 41%, химия енімдері, пластмассалар, каучук - 15%, минералдық өнімдер - 13%, асыл емес металдар мен оларды ендіруге арналған шикізат - 9%, басқадай баптар -11% болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ
Нарықтың географиялық құрылымы
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ
Клиенттерге бағдарлану
Топты басқару және тиімділік
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Қазақстанның ТМД, АҚШ, Еуропа елдерімен экономикалық байланыстары
Мемлекеттік реттеу нысандары
Кәсіби спорт пәнінің мазмұнында кәсіби спорттың пайда болу және даму тарихын, оның тұлға мен қоғамға әсерін зерделеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz