Сыбайлас жемқорлық: анықтамасы, белгілері, түрлері және Қазақстандағы қарсы күрес тәжірибесі


Slide 1

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық мүдделерді сатқындауға қарсымыз»

Slide 2

Сабақтың мақсаты

“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру

Slide 3

Жемқорлық дегеніміз не?

“Сыбайлас-жемқорлық” (. Коррупция) - термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы.

Slide 4

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».

- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;

- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;

- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;

- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;

- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.

Slide 5

Жемқорлықтың жалпылама белгілері

Ақша немесе мүлік сипатында пара алу

Лауазымды адам

Пара беруші

Нәтижесінде: Қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу

Slide 6

қоғамның бақытты болашағын тежейді;

2. елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

3. жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

Slide 7

Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан .

«Шенеуніктер жақсы болса, заңның шикілігіне қарамастан, елді дұрыс басқаруға болады.

Ал, шенеуніктер жаман болса, ешқандай да жақсы заң мемлекетті құтқара алмайды» (Отто фон Бисмарк)

Slide 8

Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б. з. д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылдады. Қазақстпнда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілерде қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Slide 9

СИНГАПУРДЕ СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖОҚ

XX ғасырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа моделін енгізген мемлекеттердің бірі - Сингапур. Мәселен, 1965 жылы тәуелсіздігін алған Сингапурде парақорлық өршіп тұрған. Кез келген мәселе пара беру арқылы ғана шешіліп отырған. Міне, осының барлығына аталған елді бірнеше жыл басқарған Ли Куан Ю нүкте қойды. Ол елде сыбайлас жемқорлықпен күресудің жоспарын әзірлеп, оны іс жүзінде ұтымды пайдалана білді. Бірінші кезекте заңдарды қатаңдатты. Соттық жүйенің тәуелсіздігін жо­ғарылатты. Сыбайлас жемқорлықты тергеу бойынша дербес Бюро құрылды.

Slide 10

Жыл сайын түрлі елдердің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін зерттеп жариялайтын Халықаралық Transparency International ұйымының мәліметі бойынша, 2019жылы Қазақстан коррупцияның деңгейі жөнінен 188 елдің арасында 113-шы орынды иеленді (2014 жылы - 123-шы орын) . «Коррупцияға төзімділік индексі» деп аталатын бұл кестеде 50-ші орыннан төмен орналасқан елдегі сыбайлас жемқорлық алаңдатарлық жағдайда деген сөз. «Коррупцияға төзімділік индексі тізімінің соңында тұрған елдер өз халқының игілігі үшін коррупцияға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы қажет» деп дабыл қағады осы ұйым басқармасының төрағасы Хосе Угос.

Қазаққа жемқорлық қайдан келіп, қалай қалыптасты…

Slide 11

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың негізі түрлері

Корпоративті сыбайлас жемқорлық - капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.


Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық: ұғымы, тарихи дамуы және Қазақстандағы қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық: анықтама, түрлері және қарсы күрес шаралары
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық: құқықтық негіздер мен қарсы күрес стратегиялары
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, тарихи дамуы және Қазақстандағы күрес тәжірибесі
Қазақстандағы жемқорлық: анықтамасы, белгілері және халықаралық бағалауы
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық: анықтамасы, заңнамасы және алдын алу шаралары
Сыбайлас жемқорлық: түсінігі, пайда болуы және Қазақстандағы қарсы іс-қимыл
Қазіргі таңдағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен оларға қарсы күрес органдарының қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары: анықтамасы, тарихи дамуы және алдын алу жолдары
Сыбайлас жемқорлық: себептері, зардаптары және әлемдік тәжірибе негізіндегі күрес шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz