Топырақ құнарлылығының түрлері, потенциалы және өндіріс деңгейлері


Slide 1

Топырақ құнарлылығының түрлері

Slide 2

Топырақтың құнарлылығының түрлері болып оның табиғи, жасанды және тиімді құнарлылығы саналады.

Табиғи құнарлылық тың жер топырағына тән және ол адам әсері тимеген, табиғи жағдайда қалыптасып дамиды. Оның мәнін жабайы өсімдіктердің өнімділігі сипаттайды.

Slide 3

Топырақтың жасанды құнарлылығы адамдардың өндірістік әсері тиген, өңделіп, бапталған, тыңайтылған топырақтарға тән. Жасанды құнарлылық дәрежесі ғылым мен техниканың дамуының деңгейіне, топырақтың табиғи құнарлылығын толық пайдалану мүмкіндігін адамдардың қолдана алуына байланысты.

Тиімді құнарлылық-топырақты ауыл шаруашылығында қолданғанда оның табиғи және жасанды құнарлылығының бірлесе әсер етуі нәтижесінде ауа райы мен агротехникалық жағдайға байланысты өсімдіктердің өнімділігінің белгілі бір дәрежесін қалыптастыруымен сипатталады.

Slide 4

Жоғарыда көрсетілген құнарлылық түрлерімен қатар топырақтың потенциалды құнарлылығы деп аталатын ұғым бар. Ол топырақтың табиғи және жасанды құнарлылығын сипаттайтын қоректік заттардың жалпы мөлшері мол болуымен және оның басқа қасиеттерінің қолайлы жағдайда көптеген жылдар бойы өсімдіктерді қажетті түрде қоректік заттармен қамтамасыз ете алуымен, тиімді құнарлылықты жоғары дәрежеде қалыптастыруымен сипатталады. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда таралған кәдімгі қара топырақ жоғары потенциалды құнарлылығымен ерекшеленеді, ал шөл аймағында кездесетін сұр-қоңыр топырақтың потенциалды құнарлылығы нашар болып келеді.

Slide 5

Егер топырақ құнарлылығы бастапқы дәрежесінен төмен дәрежеде қалыптасқан болса, онда ол топырақ құнарлылығының кеміген өндірісі болып есептеледі. Осы жағдайда топырақтың құнарсыздануы байқалып, өсімдіктердің өнімділігі кемиді.

Топырақ құнарлылығын бастапқы дәрежесіне жеткізіп қалыптастыру топырақ құнарлылығының қарапайым өндірісі болып саналады. Сондықтан осы өндіріс қалыптасқан топырақтың құнарлылығы кемімейді де, молаймайды да, яғни, бірқалыпты болады.

Топырақ құнарлылығын бастапқы дәрежесінен асыра қалыптастыру топырақ құнарлылығының ұдайы, молайтылған өндірісі болып есептелінеді. Осы өндіріс қалыптасқан топырақтың құнарлылығы біртіндеп жоғарылап отырады. Жылдан жылға осы жерден алынатын өнім мөлшері молая түседі.


Ұқсас жұмыстар
Ұйымның түсінігі, түрлері және басқару деңгейлері
Әлемнің топырақ жамылғысы: белдеулер мен зоналарға тән топырақ түрлері
Қоғамдық өндіріс: экономикалық ресурстар, өндіріс факторлары және ұдайы өндіріс түрлері
Топырақтағы микроорганизмдер: түрлері және топырақ құнарлылығындағы рөлі
Орман питомнигінде топырақ өңдеудің түрлері, кезеңдері және міндеттері
Қазақстанның топырақ жамылғысының түрлері мен зоналық таралуы
Қазақстанның топырақ жамылғысы: түрлері, құрамы және зоналық таралуы
Клиникалық зерттеулер: дизайн, түрлері және дәлелдік деңгейлері
Өсімдіктердегі су алмасуының физиологиясы: су потенциалы, осмостық үдерістер және қозғалыс механизмдері
Топырақ өңдеу жүйелері: түрлері, мерзімдері және агротехникалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz