Қазақстандағы дәрілік интродукциялау жолдары өсімдіктердіөсімдіктерді интродукциялау жолдары


Slide 1

Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді интродукциялау жолдары

Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді интродукциялау жолдары

Орындаған:Женисова Арайлым

Абдулла Аяулым

Тангирбердиева Гулшшырын Тексерген: Нурмаханова Акмарал Садыковна

Slide 2

Дәрілердің жасалу табиғаты екі түрлі.

Алғашқысы, яғни ерте кезден бері адам қоғамымен бірге жасалып келе жатқан жолы, табиғи өсімдіктердің әр түрлі шипалы әсеріне негізделген. Екіншісі, арнайы технологиямен даярланатын, табиғаты синтетикалық-химиялық препараттар. Соңғысының өндірістік жолы мейлінше күрделі де және көп қаржыны қажет ететіндігі мәлім. Сондықтан да, дәрілерді бұл жолмен даярлау ел экономикасына ауырлық түсіреді.

Ал оған қосымша физиологиялық тұрғыдан синтетикалық препараттардың адам ағзасына тигізер кері әсері айтарлықтай, керісінше дәрілер өсімдіктер шикізатынан алынса, онда оның жасауы немесе даярлау технологиясы әрі жеңіл, сонымен қатар адам ағзасына тигізер кері әсері мүлдем аз болатыны белгілі. Өйткені оның әсер етуші биологиялық белсенді құрамы табиғи органикалық заттар болғандықтан, адам ағзасына үйлесімді, өзінен-өзі сіңіріледі.

Slide 3

Өсімдіктің үлкен тіршіліктік айналымындағы онтогенездік ерекшелігін зерттеу .

Сонымен өсімдікті тұқымынан өсіп қалыптасқан үлгі дарағының құрылымдық өзгерісін 3-4 жылдар аралығында ырғақты түрде бақылау қажет деп санайды.

Дәрілік өсімдіктер түрлерін интродукциялауда көңіл аударарлық басты кезең

Slide 4

Құрылымдық анализ тәсілін қолдану - онтогенез теориясын қалыптастыруда жастық кезеңдердегі морфологиялық критериясын бөліп ерекшелеуді, анатомиялық критериялармен толықтыруға мүмкіндік береді.

Slide 5

Өсімдік онтогенезінің әр кезеңіндегі оның жер асты және жер үсті мүшелерінің анатомиялық құрылысын зерттеу, оларға дәрілік әсерлі ББЗ қай мүшеде, ең көп жиналатындығын анықтауға, сонымен бірге мәліметтерді фармакология-лық мақалаларды негіздеуге мүмкіндік береді.

Slide 6

Өсімдіктің жастық кезеңдерінің сипатын, құрылымдық ерекшеліктерін ажыратуда Т. А. Работнов, И. Г. Серебряков, А. А. Уранов және олардың ізбасарларының басты тәсілдемелік нұсқауларын басшылыққа алуған.

А. А. Уранов

И. Г. Серебряков

Т. А. Работнов

Slide 7

Өсімдік онтогенезінің ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері тек ғылыми қызығушылық ғана емес, сондай-ақ белгілі бір пайдалы түрді мәдениленді-руде де табысты болжауға болады.

Сонымен қатар, тұқым шаруашылығының практикасында бір дарақтағы 1000 тұқым салмағы өсімдіктің толық жарамдылығының маңызды көрсеткіші болып саналады. Бұл салмақ түр немесе сорт үшін өсімдіктің эволюциялық даму процесінде, кез келген жағдайда өзін - өзі туындылаудың кепілі, бір қалыпты сақтау үшін қалыптасқан. Бірақ аса қолайсыз өсу жағдайында 1000 тұқым салмағы төмендейді.

Slide 8

Тұқымды жинау амалы сол өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Өсімдіктер тұқымының пісіп жетілу мерзімі бойынша 2 топқа:

1-тұқымның пісіп-жетілуі бір мезгілде жүреді;

2-тұқымның пісіп-жетілуі созыңқы мерзімде өтеді

Slide 9

Сондай-ақ вегетативтік көбею мүмкіндігі зерттеледі. Көпжылдық өсімдік-тердің вегетативтік көбею қабілеті, оған аналық өсімдіктің барлық қасиетін толық қайталап, тез көбейетін мүмкіндік береді. Өсімдіктің вегетативтік көбеюі, оның тұқымымен көбеюі қиындаған жағдайда ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін тамыр атпаларын, вегетативтік өркендерді қалемшелеуді, партикуляциялау, аналық түпті бөлу және т. б. клондау амалы зерттеледі. Сонымен клондайтын өсімдіктің оңтайлы жасын және тиімді қасиеттерін анықтауға басты мән беріледі. Бұл көрсеткіштерді дұрыс анықтаған жағдайда бір вегетациялық маусымда 70-100 дейін отырғызылатын бірлік алуға мүмкіндік болады.

Slide 10

Бірінші кезең - экспедициялық жолмен бастапқы далалық және отырғы-зылуға арналған материалдарды жинау. Табиғи дәрілік өсімдіктердің табиғат жағдайындағы биологиялық ерекшеліктерін зерттеу-сондай-ақ түрдің табиғи ареалын және оның құрылымын анықтау жұмыстарын орындау.

Дәрілік өсімдіктерді интродукциялаудағы зерттеу, үш кезеңді қамтиды .

Екінші кезеңде - өсімдікпен атқарылатын жұмыстар тікелей интродук-циялық питомникте жүргізіледі. Көшетікке өсу ортасының ауа райының жағдайына байланысты даму ырғақтылығын, төзімді де, өнімі мол аналық дарақтарын сұрыптау, олардың көбею (вегетативтік және тұқымымен) жолдары; онтогенезі, жастық құрылымдық ерекшелігі, маусымдық шикізаттық және ББЗ массасының жинақталу динамикасын, шикізатты жинаудың оңтайлы мерзімін анықтау мәселелері зерттеледі.

Үшінші кезең - жаңа дәрілік дақылды эксперименттік база жағдайында өндірістік тәжірибелік тексерістен өткізуді және агротехникалық шараларын анықтауды, сонымен қатар тұқымдық материалды көбейтуді, ауру қоздырғыш зиянкестерден қорғауды және де дәрілік өсімдіктерді егудің экономикалық тиімділігін қамтиды. Мұндағы маңызды көрсеткіш биология-экономикалық бағалау болып табылады.

Slide 11

Мәдилендірілетін дәрілік өсімдіктердің шикізаттық негізін кеңейту бірқатар себептерге байланысты экономикалық тиімсіз, бұдан басқа табиғаттағы көптеген эндемдік өсімдіктер қоры қазіргі уақытта күрт қысқарып, азаюда. Сондықтан оңтайлы экологиялық аймақтарда дәрілік өсімдіктерді мәдени жағдайға енгізу негіздерін қалыптастыру және шаруашылықта бағалы өсімдіктер популяциясын сұрыптау-интродукцияның актуальды мақсаты.

Slide 12

Өсімдік онтогенезінің ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері тек ғылыми қызығушылық ғана емес, сондай-ақ белгілі бір пайдалы түрді мәдениленді-руде де табысты болжауға болады.

Сонымен қатар, тұқым шаруашылығының практикасында бір дарақтағы 1000 тұқым салмағы өсімдіктің толық жарамдылығының маңызды көрсеткіші болып саналады. Бұл салмақ түр немесе сорт үшін өсімдіктің эволюциялық даму процесінде, кез келген жағдайда өзін - өзі туындылаудың кепілі, бір қалыпты сақтау үшін қалыптасқан. Бірақ аса қолайсыз өсу жағдайында 1000 тұқым салмағы төмендейді.

Slide 13

Мәдилендірілетін дәрілік өсімдіктердің шикізаттық негізін кеңейту бірқатар себептерге байланысты экономикалық тиімсіз, бұдан басқа табиғаттағы көптеген эндемдік өсімдіктер қоры қазіргі уақытта күрт қысқарып, азаюда. Сондықтан оңтайлы экологиялық аймақтарда дәрілік өсімдіктерді мәдени жағдайға енгізу негіздерін қалыптастыру және шаруашылықта бағалы өсімдіктер популяциясын сұрыптау-интродукцияның актуальды мақсаты.

Slide 14

ХХ ғасырдың басында адамдардың дәрі ретінде қолданылатын заттарының 80% дәрілік өсімдіктерден алынған болса, оларды бірте - бірте синтетикалық әдіспен алынған заттар антибиотиктер және гормональды препараттар ығыстырды. Бірақ та ғылым мен техниканың орасан жетістіктеріне байланысты синтетикалық әдіспен көптеген дәрілер алынғанына қарамай, өсімдіктерден алынған табиғи дәрілік препараттардың ғылыми медицинада алатын орны ерекше .

Slide 15

Қазақстандағы интродукцияланған дәрілік өсімдіктер

Қазақстандағы интродукцияланған дәрілік өсімдіктер

Slide 16

Ковыль цветущая степь -маки

Кермек шалфей

Slide 17

Типчак лаванда

Асфоделина кустарник скумпия

Slide 18

Сосновый лес Буковый лес

Цветущая яйла можжевеловый стланик

Slide 19

Виноградники «Сон- трава» - прострел крымский

Шафран (крокус) прекрасный Примула

Slide 20

Земляничник мелкоплодистый Жасмин кустарниковый

Можжевельник высокий сосна пицундская

Slide 21

Колючий терн Держи - дерево

Магнолия секвойя

Slide 22

Ладанник крымский иглица понтийская

Тис ягодный пираканта красная

Slide 23

Клоповник Турчанинова ясколка Биберштейна

Смолевка яйлинская

Slide 24

Дәрілік қасиеті бар ББЗ өсімдік организмінің әр түрлі мүшелерінде оның белгілі бір даму кезеңдерінде жинақталады. ББЗ бір өсімдіктің түрінде оның жапырақтарында, сабақтарында, ал екінші бір өсімдіктердің гүлдерінде немесе жемістерінде, ал үшіншісінде тамырында немесе қабығында жинақталады. ББЗ мөлшері өсімдіктің вегетациялық даму фазасының әр түрлі кезеңдерінде тұрақты болмай өзгеріп отырады. Сондықтан дәрілік өсімдіктерді дұрыс пайдалану үшін олардың әрбір мүшелерінің онтогенезіндегі өсіп қалыптасу ерекшеліктерін біліп, жинау қажет. Бұл тұрғыдан өсімдік мүшелерінің ішіндегі ең нашар, жеткіліксіз зерттелгені, әрине, оның жер асты мүшелері: тамыры, тамырсабағы, түйіні және пиязшықтары. Сондықтан әрбір ББЗ жер астындағы мүшелерінде жинақталатын дәрілік өсімдіктердің онтоморфогенездік ерекшеліктерін білу-дәрілік өсімдіктердің биологиясын толығырақ меңгеріп, оларды ғылыми тұрғыдан зиянсыз, тиімді пайдалану өте қажетті де, өзекті мәселе болып саналады.

Slide 25

Бұрынғы кеңес одағы елдерінің территориясында өсетін өсімдіктер түрлерінің саны 20 мың шамасында, оның 2, 5 мың түрінің дәрілік қасиеті бар. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерді шартты түрде 4 топқа бөлуге болады.

Мемлекеттік фармакопея комитеті қолдануға рұқсат еткен түрлер.

Болашағы бар түрлер - химиялық құрлысы және клиникалық қасиеттері әр түрлі дәрежеде зерттелген түрлер.

Халық медицинасында қолданатын түрлер.

Әр түрлі халықтың фольклорында келтірілген түрлер.

Slide 26

Қазақстанда ресурстық және фитохимиялық зерттеу жұмыстары жоғары дәрежеде жүргізілгендіктен жалпы фармакопиялық түрлер санын толықтыруға болады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің жер асты мүшелері онтоморфогенездік тұрғыдан арнайы зерттелмеген. Тек қана кейбір өсімдіктер тамырлары туралы жазылған мақалаларда, кітаптарда кейбір дәрілік өсімдіктердің тамырларының морфологиясы туралы шамалы болса да мәліметтер кездеседі. Күрделігүлділер тұқымдасының Қазақстан флорасында 148 туыстығы, 879 түрі өседі. Күрделігүлділер өкілдерінің тамыры мен тамырсабағында ББЗ негізінен: инулин, эфир майлары, илік заттар және дәрумендер жиі жинақталатындығы айқын. Бұл келтірілген ББЗ ресми және халық медицинасында қазіргі таңда халық арасында барынша кең таралған ауруларға: несеп айдауға, сусамыр, әр түрлі қабынуға, қақырық түсіргіш, қатерсіз-қатерлі ісіктерді және басқа да ауруларды емдеуге кеңінен қолдалынады. Десек те, Республика флорасында кездесетін күрделігүл-ділер тұқымдасы өсімдіктерінің дәрілік қасиеті бар 2, 7% іс жүзінде емдеу саласында қолдалынады. Демек, бұл Республикада қазіргідей дәрілік препараттар тапшылығы айқын жағдайда аталмыш тұқымдас түрлері биологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ
Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы
Бұлшықет ішіне енгізу
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары
Дәрілердің ағзада таралуы
Қазақстандағы фармацевтика саласының ұйымдастыру құрылымы
Фенолдар топтарының дәрілік заттары
Орман және орманды жерлердің өңімділігін арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz