Өзін-өзі тәрбиелеу: тұжырымдама, қағидаттары және педагогикалық әдістері


Slide 1

Сабақтың тақырыбы

Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі басқару, жауапкершілік және қабылданған жоспарға (режимге, ережелерге, бағдарламаға) сәйкес өз іс-әрекеттерін қалыптастыруға қабілетті тұлғаның сапасы, осы тақырыпта басым эмоционалды-ойлау жағдайы. Ол қалыптасқан сәттен бастап (мысалы, мамандық бойынша - курстарда оқыған, мамандандырылған кітаптар мен зерттеулер сатып алынған - үнемі және кешіктірусіз) жоспар жасалатын жоспардың дереу орындалуы ретінде қарастыруға болады. Шын мәнінде, мақсатты таңдаған сәттен бастап оны іске асыру жөніндегі іс-шараларды іске асырудың басталуына дейін күндер мен айлар өтіп кетуі мүмкін (оқылымды кейінге қалдыру, курстар бір рет барып тұрады) .

Slide 2

Өзін - өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан - жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді.

Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін - өзі тәрбиелеу нышандары кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті бастыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін - өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.

Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін - өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан - жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың өздерін - өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен мынандай өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру керек: оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; - өзіне - өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; өзін - өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс - әрекеттерді тудырып отыру.

Slide 3

К. Д. Ушинскийдің өзін - өзі тәрбиелеу ержесі:

Асқан сабырлық, ең болмағанда сырт көзге.

Сөзде және қылықтардағы турашылық

Әрекетті жан - жақты ойластыру.

Батылдылық.

Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі іспен айналыспау.

Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.

Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.

Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.

Slide 4

Төмендегі нақыл сөзді қалай түсінесіздер?

Неміс ақыны Ф. Логау

«Өзіңмен өзің түскен күрес - ең қыйын күрес, өзіңді өзің жеңген жеңіс - ең ұлы жеңіс».

Slide 5

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Тәрбие мазмұнының мән-мағынасын ашыңыз. 2) Тұтас педагогикалық процессте және өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы қандай қатынаста болады? 3) Тәрбие түрлері қалай топтастырылады? 4) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу қандай қатынаста болады? 5) Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін атаңыз.

Slide 6

Критериалды бағалау

1) Тәрбие мазмұнының мән-мағынасын аша алады 2) Өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы туралы біледі 3) Тәрбие түрлері топтастыра алады 4) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу айырмашылығын ажырата біледі 5) Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін меңгерген


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тәрбиелеу: теориясы, әдістері және педагогикалық маңызы
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің теориясы, әдістері және педагогикалық тәсілдері
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі білімдендіру арқылы кәсіби дамуды жоспарлау
Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудағы педагогикалық қолдаудың принциптері
Ұлы педагогтардың өзін-өзі тәрбиелеу идеялары және болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау тәсілдері
Психикалық өзін-өзі реттеу: теориясы, түрлері және педагогикалық әдістері
Буддизмнің діни этикасы және өзін-өзі жетілдіру қағидаттары
Өзін-өзі тану: ұғымдық негіздері мен педагогикалық-тәрбиелік маңызы
Педагогикалық менеджмент: ұғымдар, функциялар және оқушының өзін-өзі басқаруы
Педагогтың өзін-өзі кәсіби және шығармашылық дамыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz