Фарабидің толық аты - жөні




Презентация қосу
Әл-Фараби және
математиканың
философиялық негіздеу
мәселелері
Шығыстың ғұлама
ойшылы Әбу Насыр әл-
Фараби 870 жылы бүгінде
Отырар аталатын, Арыс
өзенінің Сырға барып
құятын сағасындағы Фараб
қаласында дүниеге келді
(қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Отырар
қаласының маңайындағы
ортағасырлық қала).
Фарабидің толық аты-жөні
Әбу-Насыр Мұхаммед Иби
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн
Тархан Әл-Фарабиболған.
Әл-Фараби – философия және жаратылыстану ғылымдары
бойынша жүзден аса бағалы еңбек жазған ғалым. Әл-
Фарабидің математикалық мазмұнындағы
сақталғанеңбектері жан-жақты талдана келіп, оның
нәтижелері автордың «Әл-Фараби», «Әл-Фарабидың
математикалық мұрасы» атты монографиялық
кітаптарындабаяндалған. Әл-Фараби математик ретінде
бір-біріне өзара тығызбайланысты ірі үш салада зерттеулер
жүргізгені анықталып отыр. Олар:
1) математиканы философиялық-методологиялық негіздеу
проблемалары, яғни математикағылымдарының пәнін,
ретін, шығу тегін анықтау, жаралыстану ғылымдарын
математикаландыру жөніндегіой-пікірлері мен кағидалары;
2) сол кездегі теориялық математиканың кейбір тарауларын
жасауға қатысу;
3) математиканы табиғатты зерттеп-білуге,
практикамұқтаждығын өтеуге қолдану.
Әл-Фараби өзінің«Ғылымдардың тізбегі» немесе
«Ғылымдар классификациясы» деп аталатын
әйгіліеңбегінде математиканы жеті тарауға бөледі.
Олар:1) Арифметика; 2) Геометрия; 3) Оптика; 4)
Астрономия; 5) Музыка; 6) Салмақ туралы ғылым
(статика); 7) Айла-әрекет туралы ғылым. Бұл
тараулардың барлығы бойынша дербес шығармалар
жазған, яғни философиялық трактаттарында тоқталып
өткен. Біз ғалымның көрнекті таза математикалық
жаңалықтарына осытараудың тиісті бөлімдерінде
тоқталмақпыз. Әл-Фараби «Ғылымдар тізбегінде» осы
салалардың әрқайсының өзіндік орнын анықтап,
қысқаша мазмұнын тұжырымдайды.
Бұл тұрғыда әл-Фарабидің өзіне дейінгі философ-
математиктерден түбірлі екі өзгешелігібар: біріншіден, ол
математиканы жеке салаларға(арифметика, геометрия,
астрономия, музыка) бөлеотырып, оған жаңа салалар қосқан;
екіншіден, егер грекматематиктері математиканың
практикалық қолданысын зерттеуді ғылым санатына
қоспаса, әл-Фараби оның теориялық және практикалық
баптарын бір-біріненбөліп-жармай бір ғылымның кұрамды
бөліктері ретінде қарайды. Мәселен, әл-Фараби сан туралы
ғылым –арифметиканы былай анықтайды: “Арифметика –
екі ғылымды біріктіреді: біріншісі – практикалық
арифметика; екіншісі – теориялық арифметика.
Практикалық арифметика сандық саналмақшы және басқа
нәрселерге тікелей байланысты қарастырылды.
Мысалы,адам, мал, дирхем, динар т.б. саны бар – заттарсаны.
Бұл ғылым адам сауда-саттық және күнделікті істерде
пайдаланылады”.
Теориялық арифметика сандарды денелерден жәнеолардағы
саналуға тиісті қасиеттерден дерексіз бөліпалып, абсалют
мағынада қарастырады. Мұнда сан сезініп-түйсінуге болатын
және сезініп-түйсінуге болмайтынзаттардың бәріне бірдей ортақ,
жалпы түрде қарастырылады. Бұл ғылым барлық ғылымдарға
енеді».
Әл-Фарабидің түсіндіруі бойынша арифметиканың негізгі
ұғымы – сан, ол обьективтік ақиқат нәрселердің сезіп-түйсінуге
болатын қасиеттерін дерексіз қалдырып,абстракциялау
жолымен шыққан, сондықтан да теориялық арифметика
әдістері барлық ғылымға жан-жақтықолданылады. Бұл
маңызын күні бүгінге жоймаған ғылыми материалистік түсінік.
Әл-Фарабидің осы еңбегіндегі тағы бір үлкен жаңалығы – ол
математиканың табиғаттағы заттардың арақатыстарын ашуға
түбегейлі қолдану қабілетін, мүмкіндігін негіздеуі. Бұл үшін ол
жуықтап болса да қазіргі қолданбалы математикаға сәйкес
келетіндей математиканың жаңа саласы – «Айла-әрекеттер
туралы ғылымды» тағайындайды.
Әл-Фараби бұл жаңа ғылымның мәні мен мазмұнын былай анықтайды:
«Бұл – математикалық ғылымдарда талқылау мен дәлелдеулер
арқылытабылған нәрселердің (қағидалардың) барлығын
табиғиденелерге қалай сәйкестендіріп жүзеге асыруға болатыны жайлы
ілім. Мұнда сызықтар, жазықтар, геометриялық денелер, сандар тағы
басқалар табиғи денелерден,нәрселерден дерексіз бөліп алынып
қарастырылады.Әрқашанда сезуге болатын және табиғи денелерде
қорытылған математикалыққағидаларды әдейілеп қолдануға қарсы
тұратын кедергі болады. Сондықтанда табиғи денелерді осы
математикалық қағидалардықабылдауға дайындау және сонымен қатар
әлгі кедергілерді жоятындай тетіктер табу қажет болады».
Сонымен қорыта келгенде, «айла-әрекеттер туралығылым»–
математикалық қағидаларды табиғи жәнесезуге болатын денелерде
әдейілеп қолдануға қажеттіәдістер мен тетіктерді табу туралы ғылым.
Қазіргіше айтқанда әл-Фараби табиғатты зерттеуді математикаландыру
үшін диалектикалық байланыстағы екі әрекетті біріктіруді ұсынады.
Біріншіден, математиканың практикалық мәні бар теориялық әдістерін
дамытып, ыңғайлау, яғни оны қолданудың таза математикалық жағын
қамтамасыз ету; екіншіден, түрліше әдістермен математика қолданылуға
тиіс объектілердің өзіныңғайлау, дайындау, яғни оларды модельдеуді
жүзегеасыру. Бұл да қазіргі материалистік философиялықталаптарға сай
Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы» деп аталатын трактатында
математиканың шығу тегі мен себептерінашып беруге аса көңіл бөледі. Ол
ғылымды діннен бөліп қарайды, оның пікірі бойынша табиғат дербес
өмірсүреді және оның заңдылықтары еш нәрсеге тәуелсізтабиғи
заңдылықтар. Субстанция мен акциденциянытанып-білу – ғылымның
қайнар бұлағы. Субстанция –заттың, нәрсенің өзгермейтін мәні, мазмұны, ол
қозғалыста біртұтас, оны ақылмен тануға болады. Бір сөзбенайтқанда,
субстанция біздіңше материя ұғымын береді,ол акциденция – субстанцияның
түрліше көрінісі.
Әл-Фараби арифметиканың шығу себебін былайтүсіндіреді: «Мен нәрсенің
жиыны болып табылатын сан ұғымы – субстанция сан алуан жолмен бөліне
алатындықтан және әртүрлі бөліктен тұратындықтан пайдаболды деп
ойлаймын. Субстанция табиғатында шексіз бөліне алатындықтан сан да
шексіз көп бола алады.Сан туралы ғылым субстанцияның бір бөліктерін
басқабөліктеріне көбейту, оларды бір-біріне бөлу, бір-біріне қосу, оларды бір-
бірінен алу, түбір табуға болатын бөліктерден түбір табу, қатынастар кұру
т.б. туралығылым. Грек кемеңгерлері бұл ғылымды арифметикадеп атаған».
Осыған қарағанда, әл-Фарабидің көзқарасы бойынша субстанцияның
(материяның) саналу қабілеті бар,оны өлшеуге және сан арқылы кескіндеуге
болады. Осы ақиқат болмыстың сан арқылы өлшену, кескінделу идеясы
қазіргі ғылымдағы негізгі принциптердің бірі(математикаландыру).
Әл-Фарабидің сан, сандардың шығуы және оларғаамалдар
қолданудың табиғи төркіні туралы бұл қағидаболмыстың негізі
сан деген пікірді қуаттайтын пифагоршілердің идеалистік қате
қөзқарастарына қарама-қарсы айтылған. Әл-Фарабиден сәл
ғана бұрын өмір сүргенәл-Киндидіңөзі бұл қате пікірден арыла
алмаған: әл-Фараби бұл мәселе жөнінде Аристотельдің
материалистік идеясын дамытты. Әл-Фараби геометрия,
астрономия, музыка ғылымдарының шығу себептерін осы
жолмен түсіндіреді.
Қорыта келгенде, әл-Фарабидің негіздеуі бойынша барлық
математикалық ғылымдар пәндерінің түп-төркіні – ақиқат,
болмыс, реалды субстанция. Бұл көзқарас математиканың шығу
тегі, зерттеу объектісі туралықазіргі заманғы материалистік
түсінікке өте жуықкеледі. Әл-Фараби математиканың логикалық
құрылымы жөнінде Евклид «Бастамаларының» құрылымын,
оның аксиоматикалық-дедуктивтік жүйесін толық қуаттайды,
үлгі етіп ұсынады: «Геометрия да, арифметика да белгілі бір
негіздер мен бастамалардан және солардан сандар ретінде
шығатын қорытындылардан тұрады».
ҚОРЫТЫНДЫ
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени
мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-
ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса
көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани
қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің
жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де,
аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың,
мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат
ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу Насыр әл-
Фараби.

Ұқсас жұмыстар
Ғылымдар энциклопедиясында ойшыл ғалым
Фарабидің шарттары
Ғылымдарды іріктеу жөнінде
Екінші ұстаздың шығармашылығы
Фарабидің энциклопедиясы
Әбу Насыр әл-Фараби жайлы
Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
Түркі дәуірінің ойшылдары
Шоқан мен Ыбырайдың орны
Орта ғасырдағы мұсылман философиясы
Пәндер