Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері




Презентация қосу
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Химиялық реакция жылдамдығына
температураның әсері.

Орындаған: Елеш А.
Нұрәділ А.
Кобдабаева Ж.
Қабылдаған:

Алматы 2020
Химия реакциясы

Химиялық реакциялар- заттардың әрекеттесуі
нәтежиесінде олардың құрылысы мен нәтежиесінің
өзгеруін айтамыз.

Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз- уақыт
бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция
өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі.

Химиялық жылдамдықты зерттейтін бөлімін -
кинетика деп атаймыз
Реакция
Гомогенді – қатысатын Гетерогенді – қатысатын
заттар заттар агрегаттық күйі
агрегатты күйлері бірдей әртүрлі.

Гомогенді реакциялар Гетерогенді реакциялар
жылдамдығы – жүйенің үшін – фаза бетінің аудан
белгілі бөлігінде уақыт бірлігінде белгілі уақытта
бірлігі ішінде реакцияға реакцияға қатысқан
қатысқан немесе түзілген немесе түзілген заттың
заттың мөлшері: мөлшері:
Химиялық факторларға әсер
ететін факторлар:
1. Заттардың табиғатына әсері.
2. Заттардың концентрациясына әсері.
3.Катализатор әсері.
4. Температура әсері.
Химиялық реакцияға температура әсері:
Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі Вант-Гофф
ережесі бойынша анықталады. температураны әрбір 10°С көтерсе
көптеген реакциялардың жылдамдығы 2—4 есе артады.
Бұл тәуелділікті математикада мына қатынас бойынша өрнектейді:

Мұндағы , —бастапқы (t1) және соңғы (t2) температурадағы
реакция жылдамдығы, ал γ - әрекеттесуші заттардың
температурасын 10°С көтергенде реакция жылдамдығының неше есе
өсетіндігін көрсететін реакция жылдамдығының температурасының
коэффициенті.
Вант-Гофф ережесі реакция жылдамдығына температураның қалай
әсер ететіндігіне тек қана жуықтап баға береді. Температура реакция
жылдамдығына әсер етіп жылдамдық константасын жоғарылатады.
Реакция жылдамдығының температураға байланысты күшті өзгеретіндігін
активтендіру теориясы түсіндіреді. Бұл теория бойынша химиялық әрекеттесуге тек
қана осы реакцияны жүргізуге жететін энергиясы бар активті молекулалар
(бөлшектер) қатысады. Активсіз молекуланы активтендіру үшін оған қажетті
қосымша энергия беру керек — бұл процесті активтендіру деп атайды.
Активтендірудің бір жолы — температураны жоғарылату: температураны
көтергенде активті молекулалардың саны күшті артады, сондықтан реакция
жылдамдығы күрт жоғарылайды.
Әрекеттесуші заттардың молекуласын (бөлшектерін) активтендіру үшін
жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы деп атайды.

Оның мәнін тәжірибе жүзінде анықтайды, ЕА әрпімен белгілеп, әдетте кДж/моль
мен өрнектейді. Мәселен, сутегімен иодты қосу үшін (Н2+І2 = 2НІ) Еа = 167,4
кДж/моль, а иодсутекті ыдырату үшін (2НІ = Н2+І2) Е =186,2 кДж/моль керек.
Активтендіру энергиясының мәні Еа әрекеттесуші заттардың
табиғатына байланысты, әрі әрбір реакцияның сипаттамасы
болып саналады. Мұндай түсініктер 4.2-суретте жалпы А2 + В2 =
2АВ реакциясының негізінде түсіндіріледі. Ординаттар осі
системаның потенциалдық энергиясын, абсциссалар осі —
реакция жүруін көрсетеді: алғашқы күй -> ауыспалы күй - > соңғы
күй. Әрекеттесуші заттар А2 мен В2 реакция өнімін АВ түзу үшін
олар энергетикалық барьерден С (4.2-сурет) өту керек. Бұған
активтендіру энергиясы Еа жұмсалады, системаның энергиясы да
осындай мөлшерге артады. Бұл кезде әрекеттесуші заттардың
бөлшектерінен ауыспалы күй немесе активтелген комплекс (С
нүктесінде) деп аталатын аралық тұрақсыз топтар пайда болады.
Олардың ыдырауы соңғы өнім АВ түзілуіне әкеледі. Реакция
механизмін мына схемамен ернектеуге болады.
Бөлшектерді активтендіруге жұмсалатын энергиядан активтенген
комплекс ыдырағанда бөлініп шығатын энергия көп болса
экзотермиялық реакция болады. Эндотермиялық реакцияға
қарама-қарсы процесс — АВ затынан А2 және В2 заттарының
түзілуі мысал болады: 2АВ = А2 + В2. Мұндай кезде процесс
активтелген комплекс А2В2 түзе жүреді, бірақ активтендіру
энергиясы тура процестікіне қарағанда кептеу болады: а = Еа + ∆H
(∆H— реакцияның жылу эффектісі). Эндотермиялық реакцияны
жүргізу үшін сырттан үздіксіз энергия келіп тұруы керек.
Реакциянын, жылдамдығы активтендіру энергиясының шамасына
тікелей тәуелді болады:
егер ол кіші болса, онда белгілі уақыт ішінде реакция жүргенде
энергетикалық барьерден көптеген бөлшектер өтіп реакция
жылдамдығы артады, ал егер активтендіру энергия үлкен болса —
реакция жай жүреді.
Иондар әрекеттескен кезде активтендіру энергия өте аз болады,
сондықтанда иондық реакциялар үлкен жылдамдықпен (іс жүзінде
лезде) жүреді.

Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар
Реакция жылдамдығы
Жүйе күйі
Ферменттер әсерінің теориясы
Химиялық реакциялардың жылдамдығы
Химиялық кинетика
Химиялық реакциялар
Ферменттердің жалпы қасиеттері
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ- ТЕҢДІККЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ, ҚЫСЫМНЫҢ ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
Ферменттің активті орталығы
Пәндер