Қантты түріне карамель


Slide 1

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Презентация

Тақырыбы:

Орындаған: Жарқынбек Ж.

Қабылдаған: Ержан Қ

Өскемен-2020 ж

Slide 2

. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т. б. енеді.

Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады .

Slide 3

Қантты кондитер өнімдері

Тағам ретінде қолданылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден бір қажетті химиялық заттар - қанттар мен көмірсулар тобына жатады. Көмірсу жән май алмасуының бұзылуымен бірге жүретін кейбір ауруларда (диабет, семіру) қантты пайдалануды бірден шектеген жөн. Дене еңбегімен жеткілікті дәрежеді айналыспағанда, әсіресе қарт адамдарға қантты мөлшерден тыс пайдалану жүрек-қан тамыр ауруларын туғызады. Қант күрделі (крахмал, лактоза, сахароза) және қарапайым (глюкоза, фруктоза) болып екі топқа бөлінеді. Ең кең тараған күрделі қант - крахмал нанның,

Картоптың, жарманың құрамында болады. Көкөністерде, жемістерде және басқа кейбір азық-түліктерде крахмалдан басқа, лактоза (cүт қапты), өзіндік ас қанты - сахароза (қызылша немесе қант құрағы) бар. Бұл өнімдерде жай қант та кездеседі, олардың ішінде ең жиі тарағаны глюкоза (виноград қанты) және (жеміс- жидек қанты) . Глюкозаның көп мөлшері - жүзім шырынында, ал фруктозаныкі - жеміс-жидектер мен балда болады. Қарапайым қант (әсіресе глюкоза) организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде энергия береді, сондықтан оларды шұғыл түрде адамның әл-қуатын молайтатын заттар қажет болған кезде пайдаланған жөн.

Ас қантын сахарозаны - қант қызылшасының тамырынан және қант құрағынан алады. Ас қорыту кезінде әлсіз қышқылдар мен ферменттердің әсерімен ас қанты глюкоза мен фруктозаға бөлініп организмге тез сіңеді.

Slide 4 Slide 5

Ұнды кондитерлік өнімдер.

Ұнды кондитер өнімдері деп - құрамында қанттың, майдың, жұмыртқаның мөлшері жоғары ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді айтады және рецептуралық құрамы, өндіру технологиясы және тұтынушылық қасиеттері әртүрлі ассортименті аса кең азық - түлік өнімдерінің тобы.

Ұнды кондитер өнімдері өндірісінде ұнмен және қантпен қатар май, оның ішінде сары май, әр түрлі жұмыртқа өнімдері және т. б сияқты жоғары калориялы және құнарлы өсімдіктердің қолданылуы .

Slide 6 Slide 7

«Рахат» акционерлік қоғамы - 60 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі1942 жылы Алматы зауыты және Мәскеу кондитерлік фабрикаларының атындағы " Бабаева" және "Рот Фронт" цехтары негізінде құрылды. Шоколад бұйымдар, карамель, печенье, вафли, шығыс тәттілері, зефир, мармелад және басқа да өнімдер шығарады. 1965 жылыфабрикада қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары басталды. 1967 жылы бисквит цехы пайдалануға берілді, ал 1980 жылы - какао өндеу және шоколад бұйымдары (жобалық қуаты 12, 7 мың тонна) . 1982 жылыеңбекті механикаландыру деңгейі төмендеп, 64, 8 % - ға, оның ішінде цехтарда негізгі өндірістің 71, 5 % - ға, ал учаскелерінде қосалқы қызмет 47, 9 % төмендеді.

Қазіргі уақытта фабриканың 250-ден астам ассортимент атаулары әр түрлі кондитерлік өнімдерге жататын 10 түрлі топтары бар. Өнім "Рахат" кондитерлік фабрикасынан Ресей, Германия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстан елдеріне экспортталады. 2013 жылдың қаңтар айында оңтүстік корея тобы АҚ "Рахат" бойынша акцияларды сатып алу келіссөзін жүргізді. Сол мезгілде Рахат акциялары өсе бастады: алдымен 2, 5 мың теңге, содан кейін 6, 5 мың теңгеге дейін көтерілді.

22 қыркүйек 2013 жылы үш тоқсанның акциялар пакетін фабриканың 10 % алатын қазақстандық нарық $156, 6 млн, немесе $43, 5 акцияға байланысты сыйлығымен нарығы 30 % - ға бағаланды.

29 шілде 2013 жылы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery кондитерлік компаниясы қазақстандық өндірушінің шамамен 76 % айналыстағы акцияларын сатып алу туралы шарт жасасты. Мәміле нәтижесінде акцияларды сату бойынша ірі акционерлер құрамынан британдық BD Associates Limited (29 %), Анатолий Попелюшко (25, 79 %), Наталья Хильчук (11, 54 %) шықты.

10 желтоқсан 2013 жылы LOTTE Confectionery тағы 23, 75 % акцияларын 30 күн ішінде сатып алатындығын жариялады .

«Рахат» АҚ-нда 3. 500-ге тарта адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Өндірістің жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы.

«Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.

Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында «Рахат» АҚ өнімінің айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың басымдығы.

Slide 8

Өнімдері :

Карамельдер

Жеміс салмасы бар карамель

«Вишня» (өлшенбелі)

Піскен шиенің дәмі бар.

100 грамм өнімде:

Ақуыз 0, 0 грамм

Май 0, 1 грамм

Көмірсу 91, 6 грамм

Энергетикалық құндылығы 353 ккал

Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, қышқылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330, табиғи ұқсас шие хош иістендіргіші; бояғыш: Е122. 8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі: 9 ай

Глазур

Ласточка (өлшенбелі)

Табиғи сары май, какао ұнтағы және жеміс қайнатпасы қосылған құрамында қаймағы алынбаған қоюландырылған сүт көп, цитрустың иісі бар сүт-жеміс помадасы.

100 грамм фөнімде:

Ақуыз 3, 1 грамм

Май 10, 3 грамм

Көмірсу 76, 1 грамм

Энергетикалық құндылығы 397 ккал

Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, какао майы, жеміс қайнатпасы, какао ұнтағы, кондитерлік май, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғи апельсин және табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіштер, сиыр майы, инвертаза Е1103. Ауаның (18±3) °C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.

Сақтау мерзімі: 6 ай.

Ирис

«Забава» (өлшенбелі)

Өзегі құрамында сары май және табиғи какао ұнтағының мөлшері көп, қаймағы алынбаған, қоюландырылған сүттен жасалған.

100 грамм өнімде:

Ақуыз 3, 3 грамм

Май 12, 3 грамм

Көмірсу 76, 1 грамм

Энергетикалық құндылығы 417 ккал


Ұқсас жұмыстар
Сірне негізінде карамель дайындау
Кондитер өнімдері - әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер
Инвертті шырын қосылған карамель сапалық көрсеткішін анықтау
Кондитерлік өнімдер
Қантты заттар
Балық өнеркәсібі
Ұнды кондитер өнімдерінің технологиясы
Мелассаның технологиялық қасиеттері
Жұмсақ балмұздақ
СЕМІЗДІКТЕН НЕ СЕБЕПТЕН СУСАМЫР АУРУЫ ТУЫНДАЙДЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz