Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұлттық сана мен жастардың рөлі


Slide 1

“БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ”

Орындаған:Кеңес Ж. Қ.

Тобы:1503-19а

Қабылдаған:Арынғазиева Б. Б.

Slide 2

1. XXI ғасырдағы ұлттық сана.

2. Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы.

МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Slide 3

XXI ғасырдағы ұлттық сана.

XXI ғасырдағы ұлттық сана Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңда сақтай білу. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарих тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы-шарттарына айналдыра білу қажет. Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».

Slide 4

Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше, мемлекеті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана.

Slide 5

Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған. Мәселен, түркі қазақ жұртының Мәңгілік Ел болу идеясы ұлттың зердесінен туған дүние. Елбасы басшысы мақалада атап көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың елегінен өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.

Slide 6

Адамның санасы күрделі иррационалды мәндерге толы дүние. Адамзат қанша өркениет биігіне шығуға қол жеткізгенімен әлі осы күнге дейін сананың табиғаты толығымен зерттеліп болған емес. Бірақ, барлығына мәлім нәрсе сананың табиғаты үнемі жаңғыруды қажет етеді. Адам баласының рухани жаңғыру қызметінің негізінде сананың дамуымен қатар жүретін нәрселер еңбек, білім, адамгершілік және кісілік деңгейде ойлау. Әр ұлттың болмысы мен мүддесінің қозғаушы күшіне айналған сана қашанда әлеуметтік және тарихи құбылысқа ие болады. Бұндай деңгейдегі сананың түрін ұлттық сана дейміз. Сондықтан, ұлттық сана қашанда рухани жаңғырудың негізі болып қала бермек.

Slide 7

Ел ретінде іргесі бекіп, әлемдік мойындалудың биігіне көтерілген Қазақ Елі өз дамуының жаңа кезеңіне өткені - тарихи ақиқат. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында ел тарихының жаңа дәуірі басталғанын айта келіп, Қазақстанның үшінші жаңғыруында, Жаңа дәуір кеңістігіндегі ел тағдырын анықтап, мемлекетіміздің дамуын тануға, бағыт-бағдар беріп, негізінен жаһандану жағдайында ұлттық мемлекет құрудың сыры мен сипатын жан-жақты талдай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдарын ұсынды.

Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы.

Slide 8

Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр. Рухани жаңғыру идеясы атамекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс.

Slide 9

Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше, өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тарихы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі. Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата-бабаларымыз жете түсінген.

Slide 10

Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа бейім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде.

Slide 11 Slide 12

Егер, елдің тарихы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе, елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе қазіргі заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Осындай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған. Мемлекеттің тарихы ғасылар бойы қаланып отыратын қамал сияқты.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік пен білімнің стратегиялық рөлі
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: Қазақстанның жаңа философиясы мен ұлттық сананың модернизациясы
Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту және негізгі жобалар
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық идеяның философиялық-тарихи негізі мен білім беру рөлі
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана: рухани жаңғырудың принциптері мен бағыттары
Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы: Рухани жаңғыру мен Мәңгілік Ел тұрғысынан ұлттық сананы қалыптастыру
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру жобалары: Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Рухани жаңғыру және ұлттық сана: Қазақстанның мәдени коды мен бәсекелік әлеуеті
Рухани жаңғыру және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Мәңгілік Ел: Қазақстан-2050 стратегиясының ұлттық идеясы және даму басымдықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz