Прокуратураның ұйымдық құрылымы


Slide 1

ҚР Парламенті және Прокуратурасы

Дайындаған: Шерхан Асхат

Тобы:ЮМ-17-1К3

Slide 2

Жоспар:

1. ҚР Прокуратурасы туралы

2. Прокурорлық қадағалау актілерінің міндеттілігі

3. Прокуратураның ұйымдық құрылымы

4. ҚР Парламенті туралы

5. Сенат

7. Мәжіліс

Slide 3

Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.

Slide 4

Қазақстан Республикасының прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғаргы бөлігі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны Заңның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының үсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада төрағасы ҚР Бас прокуроры және мүшелері: бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымына қарай), ҚР Бас прокуроры тағайындаған басқа прокурорлық қызметкерлер болып табылатын қүрамда Алқалар үйымдастырылады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілері болып табылатын бастықтар басшылық ететін департаменттер, басқармалар және болімдер қүрайды. ҚР Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен кемекшілері болады. ҚР Бас Прокуроры орынбасарларының да кемекшілері болады.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы

Slide 5

Прокурорлық қадағалаудың актілері - бүл өкілеттіліктерін іске асыру тәртібінде тек қана прокурорлардың ентізетін өзгеше құқықтық актілері. Бәрімізге белгілі, прокурор қадағалауды іске асыратын мемлекеттік тұлға ретінде әкімшілік билікті иеленбейді, яғни заңдардың орындалуына қадағалауды ол іске асыратын органдарға өкім беруте құқықсыз. Осыған байланысты заңсыз құкықтық аістілерді тікелей өзі бұзуға, заң бұзушылықты қалпына келтіруте, кінәлі адамдарды әкімшілік немесе өзге де жауаптылыққа тартуға құқығы жоқ. Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес прокурор заң бұзушылықты жою және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы талаптармен құзыретті органдарға өтініш жасай алады. Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуына қадағалауды іске асыру кезінде прокурорлар ентізген актілер кейбір өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Ұсынымдарды қоспағанда, осы актілер анықтау және алдын ала тергеу органдарын белгілі әрекеттерді атқаруға міндеттейтін тарату сипатына ие болады. .

Slide 6 Slide 7

Прокуратура өз қызметінің барысында атқарылуы міндетті түрлі актілерді қабылдайды.

Наразылық - оны прокурор мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің Конституцияға, Республика Президентінің заңдары мен актілеріне қайшы келетін шешімдер мен әрекеттеріне байланысты шығарады.

Қаулы - прокурор заңды бұзу сипатына байланысты қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі қаулы шығарады.

Тапсырма- заңның бұзылғандығы айқын және оны тез арада түзетпесе ол мемлекеттің, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың немесе азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда беріледі.

Арыз - прокурор заңнамаға сәйкес мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін сотқа талап-арызбен шағымдануға құқылы.

Санкция - прокурордың тергеушінің іс-жүргізу әрекетіне берген келісімі.

Нұсқау. Прокурор жедел іздестіру шараларын жүзеге асыратын органның қылмыстық іс қозғауына және қарауына байланысты анықтау және тергеу органдарына нұсқау береді, ол басқа жағдайларда заңнамада белгіленген шарттарға байланысты беріледі.

Ұсыныс. Прокурор өз құзыретінің шегінде заң бұзушылықты жою, қылмыс және өзге де құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды болдырмау жөнінде белгіленген заңға сәйкес осы құқық берілген адамдарды қолсұғылмаушылық құқығынан айыру мәселесі жөнінде ұсыныс жасайды.

Заңды түсіндіру. Заңдарды білмеу немесе дұрыс түсінбеу органдардың немесе лауазым иелерінің не азаматтардың дұрыс қолданбауына әкеліп соқтыруы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіз бар жағдайда прокурор заңның мазмұным, ал қажет болған жағдайда заңды бұзғаны үшін онда қандай жауапкершіліктің көзделгенін түсіндіреді.

Slide 8

Прокуратура органдары жүйесінің ұйымдық құрылымы аумықтық-аймақтық принцип бойынша түзілген. Әрбір әкімшілік-аумақтық бөліністе прокуратураның ауданнан бастап барлық тиісті тармақтары бар. Бұған қоса, мамандандырылған прокуратуралар болады-көлік, табиғат қорғау арнайы объектілері прокуратуралары. Олар аудандық прокуратуралардың құқықтарына орай әрекет етеді және өз қызметтерінде тиісті облыстық прокуратураға бағынады.

Мамандандырылған прокуратураларға сондай-ақ түзілісі армияда қабылданған ұйымдар құрылымына сәйкес келетін әскери прокуратуралар да жатады.

Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган - Бас прокуратура. Оны Парламент Сенатының келісімімен бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады.

Орталық аппарат Бас прокурордың ұсынымы бойынша Президент қызметке тағайындайтын және жұмыстан босататын бірінші орынбасардан, 3-4 орынбасардан, сондай ақ секретариаттан, басқармалардан және бөлімдерден тұрады.

Slide 9

1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.

Slide 10

Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.

Slide 11

Парламенттің жұмыс тәртібі

Парламент өзінің жұмысын сессия тәртібімен жүргізеді. Сессия палаталардың біріккен және оңаша Палаталарынан, Палаталардың тұрақты комиссияларынан тұрады. Парламент сессиясын Республика Президенті ашады.

Slide 12 Slide 13

Сенаттың құрамы

Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика тағайындаған 15 депутаттан, және әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республика астанасынан екі адамнан сайланады. Барлығы 47 депутат (болашақта олардың саны орнынан кеткен президенттер қатарынан көбейеді) .

Slide 14

Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары:

1. Ө. Байгелдi (1995-1999) ;

2. О. Әбдiкәрiмов (1999-2004) ;

3. Н. Ә. Әбіқаев (2004-2007) ;

4. Қ. К. Тоқаев (2007-2011) ;

5. Қ. Ә. Мәмиев (2011-2013) ;

6. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (2013 жылдан бастап) .

Парламент Мәжiлiсiнiң төрағалары:

1. М. Оспанов (1995-1999) ;

2. Ж. Тұяқбай (1999-2004) ;

3. О. Мұхамеджанов (2004-2007) ;

4. А. Мусин (2007-2008) ;

5. О. Мұхамеджанов (2008-2012) ;

6. Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (2012 жылдан бастап) .

Slide 15

Мәжілістің құрамы

Мәжілістің құрамы партиялық тізім бойынша сайланатын - 98 Ассамблеясынан сайланатын - 9 депутаттан, барлығы - 107 депутаттан тұрады

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау актілерініңміндеттілігі
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Құқық қорғау органдары
Жобаның ұйымдық құрылымы
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Ұйымды басқару негіздері
Кәсіпорынның құрылымы және оны жетілдіру жолдары
Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz