Тамырдың соңғы құрылысы



Жас тамыр ұшындағы аймақтар, тамырдың алғашқы және соңғы анатомиялық құрылысы
Орындаған: Тажокова Б. Б.
Тексерген: Мамурова А. Т.

Тамыр - Тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңіріп, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.
Кейбір өсімдіктерде Тамырда қоректік зат жиналады, атпа тамырлы өсімдіктер Тамырымен вегетативті көбейеді. Гүлді өсімдіктердің Тамыры тұқымның ұрығынан басталады және бұны алғашқы тамыр деп атайды. Тамыр бой конусындағы өсу нүктесі жасушалары бөлінуі нәтижесінде ұшынан өседі.

Тамыр функциялары
Топырақтан су және онда еріген минералды заттарды сору
Өсімдікті топырақта берік орнықтыру
Вегетативті көбею
Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді ( көптеген аминқышқылдар, гормондар, алколоидтар) және өсімдіктердің басқа мүшелеріне жеткізіледі .
Тамырда қор заттар жинақталады .
Тамыр басқа өсімдік тамырларымен, топырақтағы микроорганизмдермен, саңырауқұлақтармен байланысады

Жас тамыр зоналары
а - жалпы көрініс
б - тігінен кесіндісі
I - бөліну аймағы
II- өсу аймағы
III - сору аймағы (тамыр түктері)
IV - өткізу аймағының бастамасы
1 - эпиблема
2 - перицикл
3 - эндодерма
4 - бастапқы қабықша
5 - экзодерма
6 - орталық цилиндр
7 - тамыр түктері
8 - бүйірлік тамыр
9 - тамыр оймақшасы
10 - өсу нүктесі

Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне байланысты келесі аймақтарға бөлінеді: тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, созылу (өсу) аймағы, сору аймағы, өткізгіш аймағы деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы
Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді. Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.
Бөліну аймағы
Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортанғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортанғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.
Созылу (өсу) аймағы
Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі.
Сору аймағы
Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамы түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінде түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орныны жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түтіктерінің ұзындығы әр түрлі. Әр бір түк - жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы жане вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.
Өткізу бөлімі
Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды


Тамырдың алғашқы құрылысы
2 - тамыр түктері 3 - эпиблема 4 - алғашқы қабық 5 - перицикл 6 - орталық цилиндр 7 - ксилема 8 - флоэма 9 - өзек

Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын тамырдың copy аймағынан қараймыз. Препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда тамырдың қуатты қабық бөлігі мен орталық цилиндрі көрінеді. Енді препаратты жайлап сырт жағынан ішке қарай жылжыта отырып, тамырдың анатомиялық құрылысымен егжей- тегжейлі танысамыз. Сонда алғаш көретініміз - тамырдың сыртын жауып тұрған майда тірі клеткалардан тұратын тамыр түктері бар қабылдаушы (сорғыш) әрі алғашқы жабындық ұлпа ризодерма (эпиблема) . Ризодермадан төмен тірі паренхималық клеткалары бар қабықтың қалың қабатын байқаймыз. Оның сыртқы қабаты - экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткларадан тұрады. Экзодерма клетка қабықшалары тозданады және қорғаныштық қызмет атқарады. Қабық паренхимасының орталық қабаты (мезодерма) борпылдақ орналасқан ірі паренхималық клеткалардан тұрады. Қабық орталық цилиндрден бірқатар клеткалардан түратын ішкі қабаты эндодерма арқылы бөлінеді. Эндодерма клеткаларының бүйірлік (радикальды) және ішкі қабықшалары қалыңдайды, тозданады, кейде сүректеніп те кетеді. Препаратта сондай -ақ ксилема сәулелеріне қарсы орналасқан қабықшалары жұқа тірі клеткалар - өткізгіш клеткалар көрінеді. Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты - бірқатар тірі паренхималар клеткалардан тұратын перицикл. Орталық цилиндрдің орталық бөлігін радиальды (сәулелі) өткізгіш шоқ алып жатыр. Шоқта ксилема радиус бойлап сәулеленіп орналасады да олардың қолтығында флоэма бөліктері жатады.


Тамырдың соңғы құрылысы
1 - алғашқы ксилема
2 - соңғы ксилема
3 - радиальды сәуле
4 - камбий
5 - соңғы флоэма
6 - алғашқы флоэма
7 - перидерма

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz