Өткір сәулелену ауруларының клиникалық дәреже мен кезеңдері




Презентация қосу
Тобы: 1508-29а
Орындаған: Жұмаева Н.
Қабылдаған: Сералиева Ұ.
Өткір сәуле ауруы
Ионданған сәулелердің зиянды биологиялық
әсерінен туатын аурулар. Адам сәулелену ауруымен
тұтас денесінің немесе оның көпшілік бөлігінің
сәулеленуі нәтижесінде ауырады, сондай-ақ ішкі
ағзаға радиоактивтік заттардың сумен, тамақпен
және ауа жұту арқылы кетуімен де ауырады.
Сәулелену аурулары бір рет үлкен дозамен
сәулеленуден болатын қатты сәулелену ауруларына
және ұзақ уақытқа созылған, үнемі аз дозамен
сәулеленуден дамитын сәулелену ауруына бөлінеді.
ӨСА басты 5 факторы:
сыртқы сәулелену (ауыр радиация немесе
радиоактивті заттардың аппликациясы)
біркелкі сәулелену (дене бөліктерінің әр түрлі дозада
алуы 10 %-дан көп емес)
гамма-сәулелену (толқындық) дозасы 1 Грэйдан көп
аз уақыт арлығындағы сәулелну
Классификациясы :
Сәулелену дозасына байланысты 5
клиникалық формасы бар:

сүйек майы (1-10 Гр)
ішектік (10-20 Гр)
токсемикалық (тамырлық) (20-80 Гр)
церебралды (80-120 Гр). Клиникалық тұрғыдан
найзағайлы немесе өткір сәулелену ауруы
сәулелі өлім (120 Гр-дан жоғары)
Өткір сәулелену ауруларының
клиникалық дәреже мен
кезеңдері:

1-ші (жеңіл) дәрежелі 1—2 Дж/кг (100—200 рад)
дозамен сәулеленуден болатын

2-ші (орташа ауыртпалықты) дәрежелі — 2—4 Дж/
кг (200—400 рад) дозамен сәулелену,

3-ші (ауыр) - 4—6 Дж/кг (400—600 рад) дозамен
сәулелену

4-ші (өте ауыр) дәрежелі — 6 Дж/кг аса (600 рад)
дозамен сәулелену болады.
1-ші дәрежелі қатты сәулелену ауруында
сәулеленудің алғашқы реакциясы мүлде
көрінбейді немесе әлсіз байқалады.
Ал 2-ші және 3-ші дәрежелі сәулеленуде екі тәулік
бойы адам жүрегі айнып, құсады, жалпы әлсіздік,
бас ауруы пайда болады. 3—4 тәуліктен кейін ауру
белгілері байқалмай кетеді де, 15—20 тәуліктен
кейін жағдайы қайта нашарлап, әлсіздік басады,
дене қызуы көтеріледі, қандағы лейкоциттер саны
күрт төмен түседі.
Өте ауыр дәрежелі (4-ші) сәулеленуде аурудың
жасырын кезеңі болмайды. Бірден аурудың белгілері
біліне бастайды, асқазан мен ішек қызметі және қан
айналым бұзылады. Аурудың 2-ші аптасында
науқастың өлуі мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы
стационарда емделген жағдайда ғана жазылуы
мүмкін.
АИ-2 Қобдиша үяларында мынадай медициналық құралдар
орналасқан:
ұя- резервтік, ауруды басатын дәрмектөрі бар шприц-
түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат
алған және дене күйген кезде пайдаланылады.
ұя қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық
заттарға қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану
ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі
ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы
зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы
қабылдайды.
ұя - үлкен ақ пеналды № 2 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек,
таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде радиациялық
сәулеленуден кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жөті
таблеткадан қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік
сайын төрт таблеткадан.
4 ұя- алқызыл түсті екі пеналда II радиациядан қорғау дәрмегі,
барлыңы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан - 60
мин бүрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке
сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден, 6 таблетка қабылдайды. 6
таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рүқсат
етіледі.
5 ұя - екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик 11
бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы
жараланған және күйген көздө қабылдайды - алғашқыда 5
таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан.
6 ұя - ақ түсті пеналда № 1 радиациядан қорғау дәрмегі.
Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта
жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн
бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка.
7 ұя - көк түсті пеналда қүсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5
таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және
контузия алғанда сәуленің бастапқы әсері кезіндө бір таблеткадан
қабылдайды.
Алғашқы медициналық көмек — қосымша
сырттай сәулеленуден бой тасалау, құсуға қарсы,
тыныштандыратын, жүрек пен буын
препараттарын қолдану болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Өткір сәуле ауруы
Асқынған сәулелік ауру
Асқынған сәулелену ауруының патогенезі
Радиациялық қауіп
Бронх демікпесі
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары
Көру акті
Заманауи жаппай қырып жою қаруларының жалпы сипаттамасы
Жарықтық сәулелену
Пәндер