Зертханаларда қолданылатын биологиялық қауіпсіздіктің негіздері
Презентация қосу
Презентация
Зертханаларда қолданылатын биологиялық
қауіпсіздіктің негіздері.Патогендігі бойынша І-ІV топқа
жататын микроорганизмдермен жұмыс істеу
қауіпсіздігі
Нұр-Сұлтан 2020ж.
Жоспар:
• Кіріспе
Негізгі бөлім
А)Зертханаларда қолданылатын биологиялық
қауіпсіздіктің негіздері
Ә)Патогендігі І-ІV топқа жататын
микроорганизмдермен жұмыс істеу қауіпсіздігі
Б)Зертханалық қалдықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бактериологиялық және вирусологиялық зертханалар емдеу-профилактикалық секілді
санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің бір бөлігі болып табылады.Зертханада
пациенттер мен қатынаста болған тұлғалардан алынған материалдарға бактериологиялық,
вирусологиялық,серологиялық және микологиялық талдаулар жүргізіледі,бактерия
тасымалдаушылар зерттеліп,санитариялық және микробиологиялық зерттеулер
жүргізіледі.
Патогенділік дәрежесі бойынша барлық микроорганизмдер мен вирустар 4 топқа
бөлінген.Ең қауіпті топтар I және II топтарға жатады.Осы топтарға кіретін қоздырғыштар-
мен жұмыс арнайы режимді зертханада жүргізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы пайдаланылатын жіктеу,ресейлік жүйеден кері реттілік бойынша
ерекшеленеді:микро-организмдер мен вирустардың жоғары патогендік дәрежесі IV топқа
кіреді.
Микробиологиялық зертханаларда III-IV патогенді микроорганизмдер топтарымен
жұмыс жасау жеке ғимаратта немесе ғимараттың оқшауланған бөлігінде орналасуы керек.
Микробиологиялық зертханалардың кіреберіс
есігінің алдыңғы бетінде зертхана атауы (саны)
және «» халықаралық
белгісі болуы қажет.
Зертхана бөлмелері I-IV топтарының
микроорганизмдерімен жұмыс жүргізетін және Биологиялық
оларды сақтайтын «жұқпалы» аймаққа және қауіптілік
микроорганизмдермен жұмыс жасалмайтын
Зертханаларда қолданылатын биологиялық қауіпсіздіктің
Жұмыс басталар алдында БҚБ-ның негіздері
сору желдеткіші қосылуы тиіс және
материалды оған ендіру кері қысыммен жүргізіледі.
Сору шкафымен жұмыс істегенде сору саңылауының астына басын
тосуға,тез буланатын сұйықтық қайнап немесе құйылып жатқанда ыдыстың
үстіне еңкеюге тыйым салынады.
Зертханаларда:
1) заттаңбалары жоқ реактивтерді сақтауға және қолдануға;
2) улы, қатты әсер ететін, өрт қаупі бар заттар мен ерітінділер қорларын
жұмыс орындарында және сөрелерде сақтауға;
3) жұмыс үй-жайларында темекі тартуға,тамақты сақтауға және ішуге;
4) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;
5) жылыту құралдарында заттар кептіруге тыйым салынады.
Шыны аспаптармен жұмыс істеген кезде:
1) қыздырылған ыдыс салқындатылғаннан кейін берік кептелген тығынмен
жабуымыз керек;
2) шыны түтікшелерді немесе термометрді тесілген сынамаға орнатқан кезде
термометрді алақанмен тіремей,бүйір жақтарынан ұстап қолдану қажет;
3) шыны аспаптарды жинау немесе оның жекелеген бөліктерін көксағыз
көмегімен қосу кезінде – қолды сүлгімен қорғау, шыны түтікшелер сынған кезде
түтікшені кесіндінің маңынан ұстау керек.
Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйықтықтар-дан
басқа сұйықтықтарды ауыстырып құю кезінде құйғышты қолданғанымыз дұрыс.
Жұмыстарды жүргізуде шыны аспаптардың қызуы кетуі немесе оның сынуы
мүмкін.Мұндай жағдайда сыртқа шығару шкафтарындағы қаңылтыр табаларда
көзілдірік,қолғап және резеңке алжапқыш киіп орындау қажет.
Спирт, бензол, ацетон, бром, йод құйылған құтылар берік кептелген шыны
тығындармен, сілті құйылғандары бұрандалы тығындармен жабылады.
Зертхана үй-жайларында:
1) жанып тұрған жанарғы және басқа да жылытқыш аспаптарды қараусыз
қалдыруға, жарамсыз крандары бар жанарғымен жұмыс істеуге, олардың
қасында тұтанғыш заттарды ұстауға;
2) жанып тұрған қыздырғыштар мен қосулы тұрған электр қыздыру
аспаптарының жанында кездейсоқ төгілген өрт қаупі бар сұйықтықтарды
жинауға;
3) жарамсыз желдеткіш кезінде жұмыс жүргізуге;
4) жұмыс уақытында бокстың есігін ашуға тыйым салынады.
Жұмыс уақытында сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары жабық болуы
керек,көтеріңкі жақтаулары құрылғылармен мықты бекітіледі.
Сыртқа шығару шкафында жұмыс кезінде соратын тесіктің астына басын
тосуға,тез буланатын сұйықтық қайнап жатқан кезде немесе құйылған ыдыстың
үстінен еңкеюге жол берілмейді.
Тез тұтанатын сұйықтықтарды 100оС дейін жылыту сулы моншаларда, 100оС
жоғары - май моншаларда жүргізілуі қажет.Тез тұтанатын сұйықтығы бар
біртіндеп жылытусыз ыстық суға салуға жол берілмейді.
Спирттік шаммен немесе тез тұтанатын сұйықтармен жұмыс істеуде авариялық
жағдай болғанда отты сөндіру үшін жұмыс орнында тығыз мата болуы қажет.
Патогендігі І-ІV топқа жататын микроорганизмдермен
жұмыс істеу қауіпсіздігі
Патогендігі I-II топтардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізген кезде мына
ережелерді сақтау қажет:
1) жәндіктер және кенелер, олардың тарап кетуін болдырмайтын арнайы үй-
жайларда (инсектарийде) не ыдыстар-банкілерде ұсталады.Инсектарийді толықтыру
үшін ауланған бүргелер қан сормаған жастары пайда болғанға дейін жеке банкілерде
ұсталады;
2) жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал температурасы 18-20 оС
тоңазытқыш термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық ерітіндімен, қолдар - 70 о
спиртпен өңделеді. Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есік кілтпен
жабылады, кілт зерттеу жүргізетін қызметкерде сақталады;
3) жұқпалы аймақтың үй-жайлары жасанды іске қосылатын және шығатын
жерінде жеңіл тазалайтын сүзгісі бар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен
жабдықталады;
4) жұқтырылған жануарлармен жұмыс жүргізі
летін үй-жайларға кіретін жерде биіктігі 30 см
болатын табалдырық орнатылады,бактериология-
лық бокстардың, серологиялық және жедел зерт-
теулер жүргізілетін үй-жайлардың есіктері
алдында дезинфекциялық ерітіндіге батырылған
кілемшелер төселеді;
5)зертханалық үй-жайлар тұмшаланған болады;
6) зерттеулер нәтижелерін жазу шимай дәптерге жүргізіледі, бокстан шығару
алдында дезинфекцияланады;
7) патогендігі І-ІІ топтардың қоздырғыштарымен барлық зертханалық
жұмыстарды жүргізу қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады;
8) патогендігі І топтың қоздырғышын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс
істейтін адамдардың жұмыс күнінің соңында дене қызуын арнайы журналда тіркеу
арқылы термометрия жүргізіледі;
9) патогендігі І-ІІ топтардың микроорганизмдерін жұқтыруы ықтимал материалды
жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталады;
10)тоқсан сайын сарқынды судағы дезинфектанттың қалдық шоғырлануын және
патогендік микрофлораны анықтау жүргізіледі.
Адамдардың, кеміргіштердің, эктопаразиттердің биологиялық материалын,
сыртқы ортаның, жұқтырылған жануарлардың сынамаларын алуға және бастапқы
өңдеуге байланысты барлық жұмыстар және оларды патогендігі І-ІІ топтың
қоздырғыштарына зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті қорғаныш костюмдерін
пайдаланып жүргізіледі.
Сап және мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер 2 типті қорғаныш
костюмінде, резеңке қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен және қорғаныш
көзілдірігімен жүргізіледі. Жұқпалы бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде
жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері шешіледі және
залалсыздандырылады. ЖИТС орталықтарының зертханаларындағы жұмыс үшін
3 типті қорғаныш костюмі пайдаланылады.
Патогендігі I-II топтардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін
микробиологиялық зертханада қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар
анықталған жағдайда олар үшін және аварияға жол берген адамдар үшін
оқшаулағыш көзделеді.
Оқшаулағыш негізгі және резервті
ерекше дәрілік препараттар қорымен,
шокқа қарсы дәрі-дәрмектермен және
дезинфекциялық құралдармен
қамтамасыз етіледі.
Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдерді бөліп алу жөніндегі зерттеулерді жүргізуші
бөлімшелер олардың қозғалысын және сақталынуын мына нысандар бойынша жүргізуі
тиіс:
1)Зерттеу және сақтау үшін келіп түскен 10-қосымшаға патогендігі I-IV топтағы
микроорганизмдерді тіркеу журналы;
2) 11-қосымшаға сәйкес патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдер штаммдарын
тіркеу журналы;
3) 12-қосымшаға сәйкес коллекциялық микроорганизмдерді түгендеу журналы;
4) 13-қосымшаға сәйкес патогенді биологиялық агенттер қозғалысын тіркеу журналы;
5) 14-қосымшаға сәйкес патогенді биологиялық агенттерді беру журналы;
6) 15-қосымшаға сәйкес патогенді биологиялық агенттерді лиофилизациялау
журналы;
7) 16-қосымшаға сәйкес патогенді биологиялық агенттерді зарарсыздандыру журналы.
Коллекциялық штаммға берілген реттік белгі (нөмір, коды) оны берген кезде
өзгертілмеуі қажет. Штамм жойылған жағдайда оның белгілерін жаңадан келіп түскен
штаммдарға беруге тыйым салынады.
Зертханалық қалдықтар
Микробиологиялық зерттеу лабораторияларының қалдықтары негізінен бізге
Б класының қалдықтарына жатады.Яғни,эпидемиологиялық қауіпті,
инфекционды бөлімнің қалдықтары,қанмен және басқа да биологиялық
сүйықтықтармен жұқтырылған қалдықтар болып табылады
бұл қалдықтарды сары түсті қапшыққа не сыртында сарымен белгіленген
қорапшаға салыну керек. Немесе мықты төзімд контейнерлерге,барлық жері
жабылып,сыртында белгілері жазылады.
Егер қалдықтар өңдеуге келеді болса,онда оларды арнайы тасымалдап
апарып,тиісті жерде өңделеді.Мысалы,қоректік орталарды автоклавтау тазалау
деген секілді.
Ал зарасыздандыруға келмейтін қалдықтар арнайы жерге апарып өртейді не
белгілі бір аумаққа,мұқият жабылған ыдыстармен көмеді.
Буын аяқтылармен жұмыс істеу кезінде қолданылған ыдысты қайнату арқылы
дезинфекцияланады, қалдықтарға дезинфекциялық ерітінді құйылады немесе
өртеледі. Құрал-саймандар қайнатылады немесе отқа қақталады. Бөзден
жасалған қаптар сулы-сабынды ерітіндіде 30 минут бойы қайнату арқылы
дезинфекцияланады;
Жыртқыш құстардың және аңдардың нәжістерін бөлшектеу оларды 1%
формалин ерітіндісінде 12-18 сағат ұстағаннан кейін жүргізіледі;
Қорытынды
Қорытындылай келе,зертханалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған
кезде және одан әрі жыл сайын зертхананың барлық қызметкерлері үшін
қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық өткізілуі тиіс.
Жұмыс орындарында зертхана жабдығын пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтар болуы қажет. Зертханаларда тиісті нормативтік-
техникалық құжаттамамен айқындалған зерттеу сапасын бақылау
жүйесінің талаптары орындалуы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
• В.Б.Сбойчаков,М.М.Карапац;аударған А.Утешова
«Микробиология,вирусология,иммунологияның зертханалық
сабақтарына оқулық»
• «Медициналық Микробиология».Рамазанова Б.А.,
Құдайбергенұлы Қ.Котова А.Л.-Алматы-2010 ж.683 бет
• Коротяев А.И,Бабичев С.Л. Медицинская микробиология,
иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с.
• https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/V1100007063
• http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011099
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz