Жаңа туылған нәрестелер иммунитетінде анасы мен ұрық организмінде жиналатын иммуноглобулиндер кластарының маңызы




Презентация қосу
КеАҚ «Астана Медицина Университеті»

Презентация
Жаңа туылған нәрестелер иммунитетінде
анасы мен ұрық организмінде жиналатын
иммуноглобулиндер кластарының маңызы

Нұр-Сұлтан 2020ж.
Жоспар:
І.Кіріспе
Иммуноглобулиндер жайлы түсінік
Негізгі бөлім
1.Иммуноглобулиндердің түрлері
2.Иммуноглобулиндердің анадан балаға берілуі
3.Балалар иммунитетінің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Антидене(иммуноглобулин) – қан сарысуының белогы,яғни глобулиндер,
антиген енгенде жауап ретінде түзіледі және сол антигендермен спецификалық
байланысқа түседі.
Глобулиндер 3 фракцияға бөлінеді: α, β, γ. Тек γ-глобулиндер ғана антиген-дермен
спецификалық байланысқа түсе алады. Оларды иммуноглобулиндер немесе
антиденелер деп атайды.
Олар иммунды жауаптың өнімі,антигенге қарсы бағытталған талғамдылығы
жоғары ақуыздар.Антиденелер плазмоциттерден синтезделеді, сарысуда және
әртүрлі бездердің секреттерінде кездеседі.Сондай-ақ олар иммунды жауаптың
гуморальді формасына жауапты.Антиденелерге тән қасиет-тек өздерінің түзілуіне
әсер еткен антигендермен ғана әрекеттесіп, оларды жояды. Антиденелер —
организмде қан сарысуы мен ұлпаларда жинақталады.
Иммуноглобулин молекула
ларының көпшілігі дисуль-
фитті байланыспен
байланысқан екі ауыр(H)
тізбектен және екі жеңіл(L)
тізбектен тұрады.
Иммуноглобулиндердің түрлері

Ауыр тізбектің молекуларлық құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес
иммуноглобулиндердің 5 класын ажыратамыз.Альфа түрлі ауыр тізбегі бар
молекулалар А класқа жатады,қысқаша Іg A.Ig D-да дельта тізбек,Ig E-да
эпсилон тізбек,Ig G-да гамма тізбек болса,Ig M-да мю тізбек болады.

Иммунды глобулиндердің құрылысында белгілі бір тұрақты заңдылық
болады-олардың барлығы бір қалыпты элементтерден тұрады.Бірақ әрбір
кластың өз ерекшелігі бар.Мысалы, Іg Д, Іg Е, Іg G-лар бір мономерден
тұрады, Іg М пентамер болса,ал Іg А моно-,ди-,пентамер бола алады
А иммуноглобулиндері – бұл құрамына екі субкласс:IgA1 және IgA2 кіретін
сарысулық және секреторлы иммуноглобулиндер.Молекулалық массасы-170 мың
дальтон15-20%.
А иммуноглобулиндерінің құрамы:
1)сүттің, уыздың, сілекейдің, жастың, бронхты және асқазан-ішек сектретінде,
өтте, зәрдің құрамында кездеседі;
2)тұрақты иммунитетке қатысады;
3)энтеротоксинді нейтрализдейді, фагацитоз бен комплементті активтендіреді
4) Бактериялардың адгезиясына бөгет жасайды
5)Энтеротоксиндерді бейтараптайды,комплимент және фагоцитозды актива-
циялайды
6)Организм күніне 64 мг/кг осы класстағы иммуноглобулиндерді өндіреді.
Сарысулы Ig A – мол.массасы 160 мың дальтон, қан сарысуы антиденелерінің
10-20% құрайды, плацента арқылы өтпейді.
Секреторлы Ig A – кілегейлі қабықшаның
эпителиальды жасушаларында синтезделеді,
мол.массасы 60-70 мың дальтон.
Бактериялардан және вирустардан
(көп жағдайда негізінен вирустардан)
қорғайды.
G иммуноглобулині-құрамына бір-бірінен аминқышқылдық құрамы мен
антигендік құрылымымен ерекшеленетін төрт субкластан тұратын мономер.
G иммуноглобулинінің құрамы:
1)Инфекционды аурулардың алдында гуморальді иммунитетте негізгі рөлді
атқарады;
2)Плацента арқылы еніп жаңа туған сәбилерде антиинфекционды иммунитет
қалыптастырады;
3)Экзоционды бактерияларды нейтрализдеуге қабілетті
4) мол.массасы – 160 мың дальтон
5)Қан сарысуы антиденелерінің 70-80% құрайды
6)2 активті орталығы бар, жартылай ыдырау уақыты 23 тәулік
7)белсенді өндірілуі 9-12 айлық жастан басталады, 34 мг/кг тәулік мөлшерінде
синтезделеді
8)Бактериалық экзотоксиндерді бейтараптау мүмкіншілігі бар
М иммуноглобулиндеріне екі субкласс кіреді: IgM1 және IgM2.
М иммуноглобулиндерінің құрамы:
1)Пентамер, барлық иммуноглобулиндердің 5-10 %,молекулалық массасы 900
мың дальтон,5 активті орталығы бар.
2)валенттілігі 10, оның 5-уі ғана жұмыс істейді
3) плацента арқылы енбейді;
4)ұрықта пайда болады және антиинфекционды қорғанышқа қатысады;
5)бактерияларды агглютиндеуге, вирустарды нейтрализдеуге, комплементті
активтендіруге қабілетті;
6)Жұқпалы үрдістің ерте мерзімінде бірінші пайда болады
Е иммуноглобулині – қан сарысуында аз ғана мөлшерде кездесетін
мономер. Бұл класқа аллергиялық антидененің негізгі бөлігі – реагин кіреді.
IgE мөл-шері гельминтпен зақымданған және аллергиямен зардап шегуші
адамдарда жоғарылайды.
Е иммуноглобулинінің құрамы:
1)мол.массасы 190 мың дальтон, мономер
2)Бір литр қандағы мөлшері 0,00025 г
3)Адам 10-15 жасқа толғанда 0,002% көрсеткішке жетеді.
4)гомологты базофильдердің және нысана жасушалардың мембранасына
талғамды бекінеді
5)Комплементпен байланыспайды
6)Плацентаның кедергісінен өтпейді
D иммуноглобулині – бұл мономерлер.Алайда бұл иммуноглобулин туралы
мәлімет аз.
D иммуноглобулиндерінің құрамы:
1)Молекулалық массасы 160 мың Дальтон
2)Қанның 1 литріндегі мөлшері 0,03 г.
3)жергілікті иммунитеттің дамуына қатысады;
4)антивирусты активтілігі бар;
5)комплементпен байланыспайды
6)аутоиммундық процеске қатысады
7)Плацентаның кедергісінен өтпейді
Иммуноглобулиндердің анадан балаға берілуі
Нәресте организмінде инфекция қоздырғыштарынан қорғанышты
қамтамасыз ететін сәбидің иммунды жүйесі.Бірақ сәбидің иммунды жүйесі
барлық аурулармен күресуге қабілетсіз.Мысалы,дифтерия,вирусты гепатиттер А
және В, сіреспе,көкжөтел,полиомиелит,қызылша,қызамық,жел шешек және т.б.
жұқпалы аурулармен күресе алмайды.
Мысалы,ана баланы құрсағында көтеріп жүргенде,анасы герпес вирусымен
ауырған болса,онда балада туа бітті иммуноглобулин М қалыптасады.Сондықтан,
егер жаңа туған сәбидің қан сарысуында Ig M табылса,ол іштен болған жұқпалы
аурудың бар екендігін,не жатырдың кемтарлығын көрсетеді.
Егер анасы қызылша,қызамық секілді аурулармен ауырған болса,онда

патологиялық көріністер көрінуі мүмкін.Тіпті,соңы
ұрықтың
Ig шетінеуінекедергіден
G плацентарлық де ұшыратады.
еркін өтіп,жаңа туған
перзентте 3-4 ай мезгіліне дейін гуморальдық
иммунитетті қамтамасыз етеді.Иммуноглобулиннің
осы класының берілу принципі және осы процестің
орындылығы өте маңызды,өйткені ұрықта өзінің
Ig G түзілуі өте төмен, тіпті босану кезінде де
анасының синтезінің 1% - ынан аспайды.
Ерте постнатальды кезеңде иммундық жүйенің тимусқа тәуелді және тәуелді
емес бөлімдерінің қатынасы,өзара әрекеті анықталады. Туылған сәтте нәресте
қанында ана ағзасынан түскен IgG концентрациясы анасындағыдай болады.
Өмірдің 3-4 айында оның мөлшері едәуір төмендеп,шамамен 6 айға таман қанда
мүлдем жоғалады. Осы уақытта әр түрлі антигендермен стимуляция-лаудың
арқасында өздік антигендердің синтезі басталады. Сонымен қатар, IgG
қарағанда IgM тезірек синтезделеді.
Балалар иммунитетінің ерекшеліктері:
Дамудың 17-аптасында ұрықтағы IgG мөлшері шамамен 0,1 г/л болады.
Жүктіліктің соңғы апталарында IgG мөлшері олардың анасынан плацента
арқылы тасымалдануының есебінен едәуір артады. Бұл антиденелер ана
сүтімен берілетін антиденелермен қатар баланы алғашқы 3-6 айларда әр түрлі
инфекциялық аурулардан қорғайтын енжар (пассивті) иммунитетті
қалыптастырады.
Басқа иммуноглобулиндер плацента арқылы өтпейді. Секреторлы IgAS ұрықта
шамалы мөлшерде өмірінің 3-4 айында пайда болады.
1-ші жылының соңында IgG мөлшері ересектердердікінің 50-60%, ал IgA
шамамен 30% құрайды. Секреторлық IgAS өмірінің 3-айынан кейін
секреттерде пайда болады. Алғашқы 4 жыл бойы кейбір секреттердегі
олардың концентрациясы ересектердікінен 4-5 есе төмен, сол себепті
жергілікті иммунитет төмен болады. Ішекте IgAS жетіспесе, балалар тағамдық
аллергияға шалдығады.
Қорытынды
• Қорытындылай келе,сәбидің иммундық жүйесі көптеген аурулармен
күресуге қабілетсіз.Сондқтан жүктілік кезінде барынша сақтанып,күтініп
жүрген жөн.Бұл болашақта дені сау ұрпақтың келуінің басты кепілі
болып табылады.Бала туылған соң баланың иммундық жүйесін
қалыптастырушы негізгі қорек т-ана сүті болып табылады.Сол
себепті,аналар құнарлылығы мол тағамдар жеу қажет.Өмірінің алғашқы 2
жылы бойы ана сүті бала үшін энергия,витаминдер мен иммунитетті
нығайтушы болып табылады
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
• «Медициналық Микробиология».Рамазанова Б.А.,
Құдайбергенұлы Қ.Котова А.Л.-Алматы-2010 ж.683 бет
• Коротяев А.И,Бабичев С.Л. Медицинская микробиология,
иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с.
• http://bono-esse.ru/blizzard/Anatom/Perinat/perinat_inf_5.htm
l
• https://meduniver.com/Medical/Microbiology/954.html
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі
Туылу кезіндегі жарақаттар
Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
Жүктілік мерзімін анықтау
Гуморальдық иммунитеттің жетіспеушілігі
Дәрілік заттардың ұрыққа әсері
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері туралы
Ананың ТМБ балаға жұқтыру мүмкіншілігі
Лабораториялық тексеру
Жетіліп және шала туылған балалар ерекшеліктері
Пәндер