Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
Презентация қосу
Сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру.
Тақырыбы-Сыныптан тыс
тәрбие жұмыстын ұйымдастыру
маңыздылығы
Орындаған - Елеусіз Алтынай
Қабылдаған -Бакирова Закира
Жоспары:
1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстын
ұйымдастыру маңыздылығы.
2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы
туралы анықтама
3. Оқушылармен тәрбие
жұмыстарының әртүрлі формасы
4.Қазіргі таңда білім жүйесіне
қойылып отырған қоғамдық-
әлеуеттік сұраныс
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге
асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу
үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан -
жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды.
Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты
пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп
ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос
уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру
- қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос
уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде
қарастыру мәселесі әлемдегі барлық
ғылымдардың назарын аударып отыр,
өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік -
экономикалық, саяси,мәдени өзгерістер
тұлға санасына да жаңаша көзқарас
қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп
отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана
оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа
білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге
ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс
жұмыстар.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс
немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде
жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең
алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық
ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың
құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын
ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын
ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық
балалардың бос уақытын өміріне пайдалы
тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне
көмектесулері керек.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын
жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу
баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның
адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті
практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің
әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген
құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген
тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан
болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете
алады.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге
оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде
және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне
қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық,
еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін
белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол
жеткізуге ықпал етеді.
Сыныптан тыс тәрбие
жұмыс – тұлғаның Бесіншіден, сыныптан тыс
әлеуметтік тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен
қалыптасуын өткізуде уақытқа қатысты қатаң
қамтамасыз етуде шектеу болмайды. Сынып жетекшісі
оған жағдай оның формалары мен әдістерін,
туғызатын құралдары мен мазмұнын және
мұғалімдердің бағытын таңдауда ерікті болады.
басшылығымен Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие
ұйымдастырылған жұмысы оқушылардың
және сабақтың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос
мақсатымен өзара уақытта (үзілісте, сабақтан кейін,
байланысты болып мейрам немесе сенбі және жексенбі
келетін тәрбие күндері, демалыстарында)
жұмысының дербес ұйымдастырылады. Сонымен қатар
түрі. Ол әртүрлі оған кең көлемде ата-аналар мен
тәрбие әрекеттерінің жұршылық өкілдері
жиынтығы ретінде қатыстырылады.
балаға кең көлемде
тәрбиелік ықпал ете
алады.
Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі
принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі
табылады.Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер:
дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық
(конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу),
оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп
өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен
толықтырылады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын
үш топқа бөлуге болады:
1) мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары
(жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);2) тану
фомалары (экскурсиялар, журналдар, газеттер);3) көңілді формалары
(кештер, «капустниктер»).Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және
формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен
анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып
сағаты табылады. Атақты педагог В.А.Сухомлинский «Сынып жетекшісі
оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын
ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету
керек»- деп айтты.
Еліміз әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүру басты шартына
айналған қоғамда адамның ақыл –ой қуаты мен интеллектуальдық әлеуетін
қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар қайта қарастырылуда. Бүгінде
жас ұрпақты білімнің мазмұны мен тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже
беретіні қызықтыратыны дәлелденіп отыр. Білімге ұмтылатын әр оқушының нені
білетіндігі емес, не істей алатындығы толғандырады. Бұл қазіргі құзыреттілікті оқу
нәтижесі ретінде белгіленіп отырған жаңа кезеңдегі ең негізгі мәселе болып
саналады. Сондықтан мектептің бастауыш сыныбының алғашқы есігін ашқан 1-сынып
үшін, әр пән оның дара тұлға ретінде жетілуіне, оның шығармашылық қабілеттерінің
дамуына мүмкіндік туғызады, пәндік білімнің мәнін өзгерту, оқушыға білімді
қалыптастыру мен бірге оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру, оның түрлі
жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету қажет болып отыр.
Қазіргі таңда білім жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуеттік сұраныс талабы да
жоғары. Елбасы Жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті қоғамдағы
бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі, оның білімділігі, жасына лайық өз
ой пікірін анық та, ашық, түсінікті жеткізе білетін құзыреттілікке қол жеткізу болып
отыр. Оқушыға білім мен қатар тәрбие үздіксіз беріліп отырады. Мұндай біліктілікті
меңгертуде «кеңес сабақтарының» алатын орны зор. Бұл ата- анамен жәй қарым –
қатынас қана орнатып қоймайды, олардың өз балаларына үйден қалай көмек жасау
түрлерін үйренеді. Бала мен ата – ананың бір-біріне деген жақын көзқарасы
қалыптасады. Әр өтілген кеңес сабағы оқушының жаңа қырынан көрсетіп, оқушы өз
жетістігімен ата – анасының алдында мақтана алады. Бұл еңбектің ата- ана үшін де,
оқушы үшін де, мұғалім үшін де берер жемісі мол.
Елбасы Жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті
қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі, оның
білімділігі, жасына лайық өз ой пікірін анық та, ашық, түсінікті
жеткізе білетін құзыреттілікке қол жеткізу болып отыр. Оқушыға
білім мен қатар тәрбие үздіксіз беріліп отырады. Мұндай біліктілікті
меңгертуде «кеңес сабақтарының» алатын орны зор.
Бұл ата- анамен жәй қарым –қатынас қана орнатып қоймайды,
олардың өз балаларына үйден қалай көмек жасау түрлерін
үйренеді. Бала мен ата – ананың бір-біріне деген жақын көзқарасы
қалыптасады.
Әр өтілген кеңес сабағы оқушының жаңа қырынан көрсетіп, оқушы
өз жетістігімен ата – анасының алдында мақтана алады.
Бұл еңбектің ата- ана үшін де, оқушы үшін де,
мұғалім үшін де берер жемісі мол.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz