Сынып жетекшісінің жеке оқушымен және оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары


Slide 1

Сынып жетекшісінің жеке оқушымен және оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары

Орындаған : Елеусіз Алтынай

Қабылдаған : Бакирова Закира

Slide 2

1. Кіріспе

2. Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу

3. Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы

4. Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінуі

5. Тәрбиелік жұмыстар жүргізу

Жоспары

Slide 3

Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. . . » - депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр.

«Салауаттылық ұғымы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету» болды. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.

Slide 4

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

- Екіншіден, салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс - шараларды жүргізу.

Оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене - қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту болып табылады.

Slide 5

Біздіңше, адамның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- қарым - қатынас және экологиялық мәдениетке жету;

- зиянды әдеттерден аулақ болу.

Slide 6

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:

Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау; Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру; білу; Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану;

Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену; Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу;

Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу; Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану; Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.

Slide 7

Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі, белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.

Адамның материалдық қажеттілігінің бірі - дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе - салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл - ауқатының дамуына мұрындық болады.

Slide 8

Салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:

1

Салауатты өмір сүру деңгейі - адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.

2

3

Салауатты өмір сүру сапасы - үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүру стилі - адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .

Slide 9

Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар:

• тән және дене күйі үшін - мен істей аламын;

• психикалық күй үшін - мен тілеймін;

• адамгершіліктік күйге - мен істеуге тиістімін.

Slide 10

Адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды -дәстүрлер арқылы қалыптасады.

Slide 11

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:

Тән денсаулығы - бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.

Дене денсаулығы - организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.

Жан денсаулығы - адамнаң психикалық өріс күйі. Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту
Отбасы тәрбиесі тәрбие
Сынып жетекшінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Сынып жетекшісінің дәптері
Тәрбие қалыптастыру
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы
Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек
Сынып жетекшісінің құқығы
Мектептен тыс тәрбие жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz