Балалардың және жас жеткіншектердің дамуына маңызды фактор - құрбылар қауымдастығы


Slide 1

Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

Тақырыбы : Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері

Орындаған : Елеусіз Алтынай

Қабылдаған : Бакирова З

Slide 2

Балалардың және жас жеткіншектердің дамуына маңызды фактор- құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мәлімет алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, , әлеуметтік мінез- құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын- тұлғаны дамытудың маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7- 18 деп қарастырылған.

Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол- дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалысы болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.

Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті, өзін- өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болуда. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары- олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.

Slide 3

Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткінщектер қозғалысын 20 ғасырдың бастапқы кезеңінде скауттер деген атпен тұңғыш рет дүниеге келеді. Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Баден- Поуэелл болды.

Скаутизм ағылшын тілінде SCOT, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат- балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.

Ал 19 мамыр 1922 жылы КСРО-да пионерлер ұйымы құрылды. Оның алдына қойған мақсаты- жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу болды.

Slide 4

Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қажет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға- олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағыты қамтиды:

Дамытушылық қызметі

Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік, шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.

Бағыттаушылық қызметі

Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.

Компенсаторлық қызметі

Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықта-рын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудырыды көздейді.

Slide 5

Бүгінде балалар бірлестіктері

өзінің ұйымдастыру-құқықтық формасына(бірлестік, ұйым, қозғалыс, клуб) ;

Әрекет ету бағдарламасына(Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан, Азамат, Мың бала т. с. с. ) ; құрылымына(буын, бригада, команда, отряд, дружина) ;

көлемі мен деңгейіне(пионер одағының ұйымы, республикалық "Невада" қозғалысы, аймақ аралық клуб) ;

басылымдарына(газет, журнал, альманах, әдістемелік хабаршы бюллетені) ;

ұйымдастыру базасына(балалар бірлестіктері, жалпы орта мектептеріқосымша білім беру және мәдени мекемелер, клубтар үйі, тұрғылықты мекен-жайы) ;

ұйымдастырушыларына(жетекші, лидер, вожатый, нұсқаушы т. б. ) байланысты әр түрлі болып келеді.

Slide 6

Олар:

"Салт-дәстүр, әдет-ғұрып" қазақ және Қазақстандағы басқа халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен танысу. Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.

"Шежіре" - қазақ халқының және Қазақстанда мекендеген халықтардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеу, тарихи мәліметтерді жинау, архитектуралық ескерткіштерді есепке алу.

"Сөнбес жұлдыздар" - қазақтың және басқа ұлттардың ұлы ағартушыларының, батырлардың, ақындардық, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің өмірін, қызметін және туған өлкенің тарихын зерттеу.

"Наурыз" - халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халық ойындарымен танысу. "Орта" - балалар табиғатты қорғаудағы мәселелерге байланысты экологиялық жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.

"Толғау" - балалар қазақ халқының ұлттық төл мұралары, фольклорлық-этнографиялық музыка аспаптары, т. б. мұралары туралы мағлұматтар іздестіреді.

"Ардагер" - Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан жауынгерлер туралы деректер жинап, мұражай, ескерткіш тақталар ашу.

"Достық"-әрбір мектепте ұлттық мәдени орталықтар ашу, шетелдердегі балалармен достық байланысты дамыту. Қазақстан тарихына, мәдениетіне із қалдырған әр түрлі ұлт адамдарының өмірімен, іс-әрекетімен танысып, зерттеу. "Алыстағы бауырлар" - шет елдерде тұратын қазақтармен және басқа ұлт балаларымен байланыс жасау

Slide 7

Халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халық ойындарымен танысу. Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін "Атамекен", "Жұлдыз" бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. "Атамекен" бағдарламасында балаларға арналған тәлім-тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген.

"Салт-дәстүр, әдет-ғұрып«. Қазақстандағы басқа халықтардың ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен танысу. Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.

"Шежіре«. Қазақ халқының және Қазақстанда мекендеген халықтардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеу

"Сөнбес жұлдыздар" Қазақтың және басқа ұлттардың ұлы ағартушыларының, батырлардың, ақындардың, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің өмірін, қызметін және туған өлкенің тарихын зерттеу.

"Толғау" Балалар қазақ халқының ұлттық төл мұралары, фольклорлық-этнографиялық музыка аспаптары, т. б. мұралары туралы мағлұматтар іздестіреді.

"Орта" - балалар табиғатты қорғаудағы мәселелерге байланысты экологиялық жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. "Наурыз" Халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халық ойындарымен танысу.

Slide 8

1991 жылы Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдер ұйымдары үшін Ақмола облыстық балалар ұйымының авторлық ұжымы профессор Е. А. Дмитриенконың басшылығымен "Жұлдыз" бағдарламасын жасады.


Ұқсас жұмыстар
Мектеп тәрбие жүйесі ретінде алынса
Жеткіншектердің кабылдауындағы отбасы бейнесі
Психикалық дамулары тежелген балалардың психологиялық коррекциясының негізгі ұстанымдары
Оқушылардын дамуының жас кезеңдері
Балабақшадағы мерекелер
Баланың мектепке баруына байланысты әлеуметтік жағдайды дамыту
Жас ерекшеліктер туралы ұғым
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыскерлік
Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz