Этнос әлеуметтік жүйе ретінде




Презентация қосу
Этнос әлеуметтік жүйе
ретінде
ФИН-20-1: Әбілда Н.С
Жоспары:
1. Этнос ұғымы және этностың
пайда болу заңдылықтары

2. Қазақстандағы этносаралық
қатынастар

3. Қазіргі жағдайдағы ұлттық
саясат
Этнос ұғымы және этностың пайда болу
заңдылықтары
“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен
шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос”
терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин
этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс”
(“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның
үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық
жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi.
Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам
ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк
деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады.
Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр
қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың
(этностың) да мүшесi болып саналады.
Л.Н. Гумилевтің айтуы бойынша, этностың
пайда болуы пассионарлық дүмпуден
басталып, соның күші жойылғанша этнос
ішіндегі пассионарийлер мен
субпассионарийлердің күресінен,
текетіресінен құралып, ғасырлар бойы
созылып, этностың құруымен аяқталады .
Ол дүмпу – пассионарий адамдардың
әрекеті, ондай адамдар этностың гүлденуін
қамтамасыз етеді. Бастапқыда олар бастаған
этнос соғысып, бабаларымыздың
айтуынша, «тізесі барды бүктіріп, басы
барды игізіп», өзін танытып, өміріне
қажетті кеңістік, жер, ландшафт иемденіп,
соның қожасы болады. Сол жерде тұрып,
дамып, гүлдеп, мәдениеті шарықтап,
толастайды. Заман өте этностың
пассионарийлері азайып,
субпассионарийлері көбейіп, ол әлсіреп,
рухани азайып, мәдени тозып, жоқ болады.
Ал адамзат тарихы одан әрі жалғаса береді.
Этносаралық қатынастардың жақсаруы және қазақтар мен диаспора өкiлдерiнiң
арасында түсiнiстiктiң орын алуы үшiн ұлттық-мәдени орталықтарды мемлекеттiк
саясаттан тыс ұстау керек. Әрине, өздерiнiң мәдениетi мен әдет-ғұрпын
ұстануларына, ана тiлдерiн үйрену мен әдебиеттерiн таратуға ешқандай кедергi
келтiрмеу қажет. Алайда олардың өкiлдерiне Парламенттен орын беру, ұлттық-
мәдени орталықтарды қаржыландыру – бiрiншiден, қазақтардың iшiнде қазiрдiң
өзiнде түсiнбестiгiн тудырып отыр, екiншiден, этностардың бөлектенуiн күшейте
түседi. Бөлектену арқылы олардың қазақ тiлi мен тарихын, мәдениетiн үйренуге
деген ықыласы да, сөз жоқ, төмендей түседi. Ұлттық мәдени орталықтардың,
олардың жетекшiлерiнiң көзқарастары қазақтың ұлттық бағыттағы беделдi
азаматтарының, ұйымдарының көзқарастарымен көп жағдайда үйлеспейтiндiгi
қазiрдiң өзiнде анық көрiнiс берiп отыр (Ресейдегi саяси оқиғалар, Грузидағы
жағдай, оралмендар мәселесi, Шаңырақтағы қақтығысқа берiлетiн баға,
Казактардың мәселесi, т. б.).

Кейiннен бұл жағдайдың
шиеленiсе түсетiндiгенде күмән
жоқ. Орыс тiлдi БАҚ арқылы
олардың пiкiрлерiнiң көбiрек
таралатыны да түсiнiктi. Бұл
жағдай қазақтарды тағы да
ашындыра түседi деп есептеймiн
Қазіргі ұлттық саясат ҚР Конституциясымен,
сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы»
Заңмен реттеледі. Сонымен қатар, бірқатар
бағдарламалық құжаттар бар: Қазақстанның
ұлттық бірлігі Доктринасы, 2025 жылға дейінгі
Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) дамыту
Тұжырымдамасы және ішінара «Мәңгілік Ел»
патриоттық актісі. Оларды талдай отырып,
еліміздегі ұлттық саясатқа сипаттама беруге
болады.

Бір жағынан, Қазақстан халықаралық
қоғамдастықтың субъектісі ретінде тілдік, діни
немесе нәсілдік белгілері бойынша қандай да бір
кемсітушілікке жол бермеуді декларациялайды. Бұл
норма Конституцияда мазмұндалған және басқа
заң актілерінде өз жалғасын тауып отыр.
Осылайша, біз БҰҰ Жарғысына және адамға қарсы
қылмыспен кемсітудің кез келген нысандарын
мойындайтын өзге де халықаралық құжаттарға
адалдығын көрсетеміз.

Ұқсас жұмыстар
Ұлт - қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі
Азаматтық,қазақстандық елжандылық,этносаралық келісім туралы ақпарат
Қазіргі этнопсихология
Этносаяси жанжалдар
Этнос пен ұлыс
Ұлттық идея және оның компоненттері
Этникалық әлеуметтану
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Этностың пайда болу теориясы
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК
Пәндер