Мыс қосылыстарының токсикологиясы




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Клиникалық-ветеринариялық медицина кафедрасы

Тақырыбы: Мыс қосылыстарының токсикологиясы

Орындаған: ВМ-307 Мадиярова Г.П
Қабылдаған: Баймұрзаева М.
Жоспары:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А) Мыстың токсикологиясы
Б) Мыс қосылыстары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды.
Қыздырғанда ауада CuО және Cu2О-ға дейін тотығады,
галогендермен, S, Se, HNO3, H2SO4-пен әрекеттеседі. Аммиак,
цианидтермен, т.б. кешенді қосылыстар түзеді. Сульфид
концентратын балқытып, одан түзілген мыс штейнін қара мысқа
дейін тотықтырып, оны жалынмен не электролиттік әдіспен тазарту
арқылы; гидрометаллургиялық әдіс – құрамында мысы бар
минералдарды күкірт қышқылымен (немесе NH3 ерітіндісімен)
өңдеп, одан әрі электролиздеу арқылы алады. Мыс кабельдердің,
электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш
бөлігін жасау үшін пайдаланылады; қорытпалардың (латунь, қола,
мыс-никель, т.б.) құраушысы ретінде қолданылады.
Кейбір өсімдіктер құрамында мыстың мөлшері өте көп болады да, малдардың
улануына әкеп соқтырады. Жануарлар ағзасында мыс күрделі және әртүрлі
органикалық қосылыстар түрінде болады. Олар ақзаттармен байланысқа түсіп,
басқа мүшелерге қарағанда бауырда көбірек жинақталады. Одан басқа мыс
көптеген ферменттер құрамына да кіреді (лактаза). Қойлардың азық рационына
мыс қосындыларын қосып беру, олардың өсуін және жүнінің сапасын жақсартады,
ал мыстың топырақта жетіспеуі өсімдіктерді экзантема ауруына шалдықтырады.
Өсімдіктер құрамында мыстың жеткіліксіз мөлшерде болуы малдарда, әсіресе,
мүйізді ірі қарада анемия, жалақтық (лизуха), іш өту секілді аурулар тудырады.
Кейбір мемлекеттерде (Англия, Дағыстан) азық құрамында мыстың жетіспеуінен
қозыларды жаппай өлімге ұшырататын ауру – энзоотикалық атаксия пайда
болатындығы дәлелденген. Аурудың ең негізгі белгілері - қозғалыс
координациясының бұзылуы, теңселіп жүруі, дірілдеуі, кейбір кездері аяқтарының
тырысуы және салдануы жатады. Энзоотикалық атаксиядан өлген малды сойып,
зерттегендегі негізгі белгілердің бірі – ми жарты шарындағы ми ұлпаларының
сұйылуы.
Күкірт қышқылды мыс немесе мыс сульфаты – көбінесе
дезинфекциялағыш зат ретінде қолданылады. Ол қара-көк түсті
кристалл, суда жақсы ериді. Бұл препарат бізге тотияйын деген
атпен белгілі. Тотияйын құрамында күкірт қышқылды мыстан басқа
темірдің, мырыштың және магнийдің күкірт қышқылды тұздары, аз
мөлшерде мышьяктың туындылары кездеседі. Тотияйынның әкпен
қосындысын бордос сұйықтығы түрінде өсімдіктердің
зиянкестерімен, соның ішінде, саңырауқұлақтар тудыратын
аурулармен күресу үшін қолданылады. Сонымен бірге, бордос
сұйықтығын жәндіктермен күресу үшін париж көгімен де (зелень
парижская) араластырып қолданылады. Мыс сульфатының
уландырғыш мөлшері: 1 килограмм салмағына шаққанда қойға-200
мг, ірі қара малына-40 мг.
Токсикологиясы
Мыс препараттары ауыл шаруашылығында өсімдіктердің
саңырауқұлақтар тудыратын ауруларына қарсы, ал малдәрігерлік
жұмысында антгельминтік дәрілік зат ретінде кеңінен қолданылады.
Мыс бұршақ және соя күнжарасында (жмых) көп кезігеді, сондықтан
бұл құнарлы мал азықтарын көп бергенде, мал уланады. Мыс тұздары
ағзадан өте баяу бөлініп шығады. Мыс тұзының әлсіз ерітіндісі тұтқыр
дәрі ретінде әсер етіп, ішек-қарынның кілегей қабығын қатты
тітіркендіреді, ал оның 10-30 пайыздық ертіндісі қарынның кілегейлі
қабығын күйдіреді, ащы ішекте ағзаға сіңіп, бауырға барып жиналады.
Алиментарлы жолмен түскен мыс қосылыстарының уыттылығы
әлсіз. Қарынның кілегейлі қабықтарын тітіркендіретін мөлшерде
түскен мыс тұздары малдарды құстыртады. Сондықтан , мыстың
күкірт қышқылды тұзын ертеде осы мақсат үшін қолданылған. Бұл
препарат ағзаға өте аз мөлшерде ғана сіңеді. Ұзақ уақыт әсер еткенде
ағзада жинақталып, ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабығын
тітіркендіріп, малды арықтатады, және басқа да клиникалық белгілер
мен паталогиялық өзгерістер байқалады. Көптеген зерттеулер
нәтижесіне сүйенсек, кілегейлі қабықтар зақымданған сайын, мыс
қосылыстарының ағзаға сіңуі де арта түсетіндігі дәлелденген.
Мыс қосылыстарын қанға немесе тері астына енгізу өте қауіпті.
Қоянның терісі астына мыс тотығының 0,05г, ал итке 0,5г молшерін
жіберсе, өледі. Мыс сульфатының тауықтарды жаппай өлтіретін
мөлшері 1грамм.
Мыс сульфатының концентрацияланған ерітінділері ұлпалар мен
кілегейлі қабықтарды күйдіріп әсер етсе, араласқан ерітінділері
капилярларды тарылтып, секрецияны тежеп, тұтқыр және
дезинфекциялық зат ретінде қолданылады.
Ауыл шаруашылығы малдарының мыс қосылыстарымен жіті
улануы сирек кездеседі. Ал мыстың ағзаға аз мөлшерде түсіп, онда
жиналуынан болатын созылмалы түрі кездеседі. Уланудың бұл түрі
қойлар арасында жиі кездеседі.
Мыс көптеген азықтардың құрамында кездеседі.
Солардың бірі:
Уланудың клиникалық белгілері.
Ас қорыту жүйесіне мыс қосылыстары көп мөлшерде әсер етсе, уланудың жіті түрінің
белгілері байқалады: ауыз қуысы кілегейлі қабығы тітіркенеді, сілекей ағады, құсады, іші
өтеді, жүрек жұмысы нашарлайды, кейбір кездері тырысу, салдану белгілері және өліммен
аяқталатын коллапс байқалады. Нәжісі шырыштанған, жасыл-көк түсті.
Мыс қосылыстарының ұзақ уақыт әсер етуі, көп жинақталып, баяу бөлінуі нәтижесінде
уланудың созылмалы түрінің белгілері байқалады. Мыстың көп жиналатын орны – бауыр.
Бауырдың ағзаға түскен мысты залалсыздандыру қабілеті әлсіремейінше, аурудың
клиникалық белгілері байқалмайды. Бауырдың жұмысы әлсіреген кезде көзге көрінетін
кілегейлі қабықтардың сарғаюы және айқын көрінетін гемолиз байқалады. Осы белгілер
көріне бастағаннан ауру жіті түрге ауысып, аурудың соңғы өліммен аяқталады. Несеп
қызыл-қоңыр түстеніп гемоглобинурия немесе гемоглобинемия қалыптасады. Мыс
сульфатымен улануда, бұл белгілерден басқа, ринит, коньюктивит секілді белгілер
байқалады.
Қойларда: қойдың мыстан улануы жақсы зерттелген. Ауру қой үйірінен қалып
қояды, басы салбырап, сыртқы орта тітіркендірулеріне жауап беру қабілеті
төмендейді, көзге көрінетін кілегейлі қабықтары, кейбір кездері терісі
сарғаяды,тамыр соғуы жиілейді, несебі қызыл-қоңыр түсті, іші өтеді. Бұлшық еттері
дірілдеп, мойны артқа қайырылады, жүріс-тұрысы бұзылады. Бүйірін басса
ауырсыну байқалады. Мал кешкілік мезгілде ешқандай ауру белгісін көрсетпей, таңға
жуық өліп кетуі мүмкін.
Мүйізді ірі қарада: Қойларға қарағанда ірі қараның мыс қосылыстарына қарсы
тұру қабілеті жоғары. Кейбір әдебиеттерде, егер 227кг салмақты бұқаға күнде 5г мыс
беріп отырса, ол созылмалы түрде уланып, 4 айдан соң өлімге душар болатыны
айтылған (Shand kewіs, 1961). Сақа малға қарағанда бұзаулар улануға сезімтал келеді.
Егер 8-11 айлық бұзауларға құрамында 80-130 мг/кг мыс бар сүт алмастырғышпен
азықтандырғанда уланудың өршуі байқалады.
Мыс қосылыстарымен созылмалы уланғанда кілегейлі қабықтары сарғаяды, зәрі
қызыл-қоңыр түсті, орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылады (мазасызданады,
дірілдер байқалады). Басқа да клиникалық белгілері қойдікіне ұқсас.
Емі
Малдың қарынын жуып, тазалау керек. Одан кейін адсорбциялық
заттар (көмір қоспасы), мыс қосындыларын бейтараптайтын заттар:
күйдірілген магнезия, күкірт енгізу керек. Жұмыртқа ақзатын, дәм
түзгіш заттар (глюкоза) берген жөн. Симптоматикалық ем ретінде
строфантин, кофеин қолдануға болады.
Созылмалы улану кезінде ең алдымен азық арқылы мыс
қосылыстарының ағзаға түспеуін қадағалау керек. Азықпен бірге 3
апта бойы қойға емдік зат ретінде 50-500 мг мөлшеріндегі молибден
қышқылды аммоний беруге болады, 0,3-1г гипосульфитін күнде беріп
отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз.
Балау
Жіті улануды балау малдың клиникалық белгілерімен бірге
патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне және химиялық-
токсикологиялық талдау нәтижелеріне қарай қойылады.
Созылмалы улану клиникалық белгілері, яғни кілегейлі
қабықтардың сарғаюы, гематурия белгілеріне қарай баланады.
Сонымен қатар, бауырдағы мыстың көлемін химиялық зерттеудің
де үлкен маңызы бар. Егер мал мыстан уланса, онда бауырдың 1-
килограмында мыстың мөлшері 1000 мг асып кетеді. Қалыпты
жағдайда бауырдағы мыс көлемі 25-50 мг/кг-нан аспауы керек.
Алдын алу шаралары.

Өсімдіктерді мыс қосылыстарымен өңдегеннен
кейін, бұл өсімдіктермен малдардың, әсіресе қой мен
шошқаның жеп қоймауын болдырмаған жөн.
Құрамында инсектофунгицидтер улы химикаттар
ретінде сақталуы қажет. Мыс мөлшерінің бұршақ
және соя күнжарасында қанша бар екендігін
зертханалық тексеруден өткізу қажет.
Қорытынды
Мыс (Cuprum), Cu – атомдық массасы 63,54 болатын ауыр металл. Бұл металл
бізге ежелден белгілі. Табиғатта құрамында 1-10 пайыз таза мыс бар қосынды
түрінде кездесіп, мыс сол қосындылардан алынады. Мыс өсімдіктер мен
жануарлар ағзасына күнделікті өте қажетті элемент. Ветеринария саласында
мыстың күкіртті қышқылы кеңінен қолданылса, ауыл шаруашылығында
зиянкестермен күресу үшін тыңайтқыш түрінде әртүрлі бейорганикалық және
органикалық қосылыстары қолданылады. Мыстың микроэлемент ретіндегі
маңызы өте зор. Мыс ағзадағы ферментативтік тотығуға, ал омыртқалыларда қан
түзу процесіне қатысып, қалыпты деңгейде сүйек кемігінде қан түзу функциясын
қуаттандырады,тотығу процесін жеделдетеді. Сөйтіп, зат алмасу процесіне әсерін
тигізеді. Мыс – шаян тәрізділер, маллюскалардың тыныс алу пигменті –
гемоцианин құрамына кіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов
Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология.
Дәуір-
2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов
Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-
Принт, Алматы, 2009 327 бет.

Ұқсас жұмыстар
Цианид туралы түсінік
Куміс айна реакциясы
d - элементтердің сонымен қатар Cr, Mo, W қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік
Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
Медицинада олардың қосылыстарының қолданылуы
Медицинадағы изотоптар
Табиғаттағы металдар
Мырыш - ІІБ топ элементі
Түсті металдар туралы түсінік
Күкірттің физикалық қасиеті
Пәндер